1. Факт- Смағұл Сәдуақасов Міржақып Дулатов пен Мағжан Жұмабаевтың сенімді досы болды.
2. Факт - Сәдуақасовтың Орта Азияда ұлттық – ауматық жер бөлу туралы мақалалары өте қызықты және құнды материалдар болды. Бұл орасан күр делі әрі болашағы зор жұмыс барысында ол С.Асфен дияров пен, С.Қожановпен, т.б. бірге болды.
3. Факт- Он жасына дейін «Ғалия медресесін» бітірген өз әкесі Сәдуақас хазіреттен тәлім-тәрбие алып, одан кейін Әбіл молда мектебінде білімін жалғастырады.
4. Факт- Смағұл Сәдуақасовтың бүкіл қайраткерлік, азаматтық болмысы жарқырай танылған кезең 1925-1927 жылдар еді. Бұл кезде ол республика халық ағарту комиссары, әрі өлкелік партия комитетінің бюро мүшесі болды. Бұл кезең сонымен бірге Ф.И.Голощекиннің Қазақстан өлкелік партия комитетін басқару кезімен дәлме дәл келеді.
5. Факт - С. Сәдуақасов «Еңбекшіл қазақ» («Егемен Қазақстан») басылымды екі рет (1921 жылы қаңтар — 1921 жылы ақпан және 1925 жылы қаңтар — 1926 жылы сәуір) басқарған кісілердің бірі.
6. Факт - Көркем әңгімелері де жарық көрді. Оның «Жастармен әңгіме» (Орынбор, 1925 жылы), «Ұлт театры туралы» (Қызылорда, 1926 жылы), «Қазақстандағы халық ағарту мәселелері» (Қызылорда, 1927 жылы) деген үлкенді-кішілі кітаптары жарық көрді.
7. Факт- Сондай-ақ Қазақстандағы ұл-азаттық көтеріліс пен Қазан төңкерісінен кейінгі ел өмірін арқау еткен «Сәрсенбек» атты романы да бар. «Салмақбай, Сағындық» (1923 ж.), «Күміс қоңырау» (1927 жылы) повестері қазақ әдебиетіндегі проза жанрын дамытуға қосылған үлес болып табылады.
8. Факт- Мемлекеттік, қоғамдық қызметпен қоса әдеби-ғылыми шығармашылықпен айналысып, сол кезде шығып тұрған қазақ, орыс тілдеріндегі көптеген газет-журналдарда саясат, шаруашылық, ел ісі, мәде ниет, әдебиет, өнер, тарих мәселелерін сөз еткен мақалалары жарияланды.
9. Факт- Смағұл заманындағы әкімшілік бөлініске сәйкес Ақмола губерниясы, Омбы уезі, қорған болысында дүниеге келген.
10. Факт- Әкесі Садуақас қазірет 1872 жылы туған. Жақих қажының айтуына қарағанда, кісі Уфадағы «Медресе Ғамихны» тамамдаған. Елде молдалық құрып, арапша балалардың тілін сындырған. Өзі еңселі, қарулы кісі болыпты.
11. Факт-1933 жылы жалғыз ұлы Смағұл ауыр қазасынан кейін бейбақ ана қатты қайғырып, күні-түні жылап, қос жанарынан айырылады. 1937 жылы күйеуі Садуақас қазірет жазықсыздан – жазықсыз айдалғаннан кейін Мәжікен ана көп кешікпей құсадан қайтыс болады.
Сіз білесіз бе?
8