Қолтаңба
Әдебиет: Көркем әңгімелері де жарық көрді. Оның «Жастармен әңгіме» «Ұлт театры туралы» «Қазақстандағы халық ағарту мәселелері» деген үлкенді-кішілі кітаптары жарық көрді. Сондай-ақ Қазақстандағы ұл-азаттық көтеріліс пен Қазан төңкерісінен кейінгі ел өмірін арқау еткен «Сәрсенбек» атты романы, «Салмақбай, Сағындық» «Күміс қоңырау» әңгімелері бар.
С. Сәдуақасов өзін мемлекет қайраткері ғана емес, сонымен бірге жастардың жетекшісі, публицист, Қазақстандағы кооперативтік қозғалыстың ұйымдастырушысы, мәдениет қайраткері, қазақ театрын ұйымдастырушы ретінде де көрсете білді.
Мемлекеттік, қоғамдық қызметпен қоса әдеби-ғылыми шығармашылықпен айналысып, сол кезде шығып тұрған қазақ, орыс тілдеріндегі көптеген газет-журналдарда саясат, шаруашылық, ел ісі, мәдениет, әдебиет, өнер, тарих мәселелерін сөз еткен мақалалары жарияланды.
Голощекин билікке келген уақыттан бастап-ақ мемлекеттік биліктің әлеуметтік мазмұнына байланысты ұлттық басқарушы топтың да өзара қарсы екі ұстанымға бөлініп кеткендігі байқалды. Кеңестік мемлекеттік автономияға жалпыұлттық сипат, мазмұн беруге күш салушы бірінші топ Голощекин ұсынған бағдарламаны қазақ ауылында жасанды түрде «азамат соғысын» тудыру әрекеті ретінде бағалады. Ал, келесі екінші ұстанымдағы басшы қызметкерлер Қазақстандағы жағдайға сталиндік орталықтың көзімен қарап, мұнда да басымдылық ішкі Ресей губернияларындағыдай таптық мәселелерді шешуге берілгенін жөн санады
7