13. Факт- 1916 жылы 22 тамызда С.Садуақасұлы тууы туралы анықтамалық пен училище бітіргені жөніндегі куәлігін 108-ші талапкер болып ауыл шаруашылығының орта дәрежелі оқу ордасының мәдени – техникалық бөліміне тапсырады. Бірақ Смағұлдың өзі қаламады ма, училище басшылығы солай шешті ме, әйтеуір әлгі бөлім тізіміндегі Смағұлдың аты –жөні қарындашпен белінен бір сызылып, үстінен бадырайтып «с/х» деп жазылыпты
14. Факт- С.Садуақасұлы Мәскеу қаласында 1920 жылы 12-18 қыркүйек аралығында өткен күншығыс ұлттары жастарының бүкілресейлік бірінші конференциясына өкіл болып барып, қазақ ұлтының жастары атынан сөз сөйлейді. Осы жиылыста ол Күншығыс жастарының 9 кісіден тұратын кіндік бюросына мүше болып сайланады.
15. Факт- Қазақстандағы идеологияның тұтқасын ұстау 25 жасар жас жігіт С.Садуақасовқа тапсырылған еді. Жас болса да халықтың сауатын ашуда біршама табысты істер жасап үлгерген С.Садуақасов Голощекиннің саясатына қарсы бағыт ұстанды.
16. Факт- Сөйтіп идеология саласында – тоталитаризмді орнықтыру, басқаруды жаппай әміршіл-әкімшілдік жүйеге көшіру, кезінде ұлтшыл жіктерді, «құпия
зиянкестік ұйымдарды» әшкерелеу сияқтыжелеулермен ұлттық идеологияның тамырына балта шабу, халықтың еркіндігін басып-жаншу саясаты жүргізіп жатты.
17. Факт- С.Садуақасұлы 1918 жылдың 14 желтоқсанында «Орта Сібір» бірлестігі басқармасының саудадан басқа істермен шұғылданатын бөліміне «шет ұлттар арасында кооперация жұмысын жүргізуші стажер – нұсқаушы қызметіне алынады».
18. Факт- С.Садуақасұлы бұл тұста көрегенділік қадам жасады. Яғни, қазақ өз көз алдына мемлекет боламын деп қадам жасап жатыр. Өтпелі кезеңде жүргенде алауы бар шешен көсемдер керек-ақ шығар, бірақ саяси ахуал қалыпқа түскенде, ел бастаған көсемге от тілді, орақ ауызды болу аз. Алашқа енді іскер адамдар, қажет күн туды.
19. Факт- Мәжікен ананың көтерген он сегіз құрсағынан аман қалғаны – Смағұл мен Орынбасар екен. 1918 жылы «Орта Сібір» коператив бірлестігіне қабылданарда Смағұл: Екі қарындасым (бірі 18-де, екінші 3-те) және бір інім (5-те) бар», -деп жазады.
20. Факт- Рақымжан қария: «Смағұл ағам дүние салған соң, Садуақас қазіреттің шаңырағынан бақ тайды. Садуақас қазірет хабар-ошарсыз кетті. Мәжікен анамыз көз жұмды. Жалғыз қалған Орынбасар бой жетіп, тұрмысқа шыққанмен, отбасының жылуын көре алмады. Ақыры жетім күйінде дүниеден көшті. Өкімет «Қазақстан өкіметін қаласқан Смағұл бауыры» деп ескермеді. Ақтық сапарына дейін Орынбасар қолына бір тиын зейнет ақысы да тимеді ғой», -деді...
ФАКТ
12. Факт- Жарқыннан шамамен 50-60 шақырым жердегі орыс поселкесі Полтовкадағы екі класты орыс-қырғыз (қазақ) училищесіне түседі. Училищеде үш жыл оқығаннан соң», толық курсты меңгергені жөнінен емтихан тапсыруға тура келеді. Сөйтіп, ол білімінің үздік екенін байқатады. Нәтижесі: «Тәртібі: -5.Құдай заңы – мұсылман болғандықтан босатылған.Орыс тілі – 5,Арифметика – 5,Жағрапия – 5,Геометрия – 5,Тарих – 5,Жаратылыс тану – 5,Сурет һәм сызу - 5»
9