Себебі сен айтып отырған өзгерістер бізде іске асырылып отыр. Тіпті біздің биология, физика, химия. математика сияқты сабақтарды ағылшын тілінде оқып отырғанымыз осы 100 қадам бағдарламасында жазалған 79-қадам қадам бойынша: білім беру жүйесінде – жоғары сыныптар мен ЖОО-ларда ағылшын тілінде оқытуға кезең-кезеңмен көшіріледі деп жазылған.Иә, шіркін біз оқу-ағарту жүйесінде көптеген жетістіктерге жеттік, қазіргі кезде мемлекетіміздің басты мақсаты- даярланатын кадрлардың бәсекелестік қабілетін арттыру және білім беру секторының экспорттық әлеуетін көтеру болып табылады.
Жұлдыз: Жалпы, осының барлығы біздің ата-бабаларымыздың арқасында емес пе?! Қиын-қыстау кезеңдерге қарамастан ұлтының даму жолы туралы, білім жүйесі туралы ойланған тарихи тұлғалардың бұл жерде рөлі зор. Танымал ұлы тұлғалардан қатар, Бухарин, Рютин, Рысқұлов,Шоқай , Садуақасов секілділердің де маңызды
үлесі бар. Әсіресе Смағұл Сәдуақасовтың қосқан үлесі туралы айтқым келіп отыр. Мен оның өмірлік жолымен жақында танысқан болатынмын, және шынымды айтайын, бұл тарихи тұлға үшін мақтаныш сезіндім. Біле білсең, оған оқу орындары түгелдей, сонымен қоса, театр және өнер, ғылым мен баспа қараған. Ол өзінің қызметінде екі мәселеге аса көңіл бөлген: жаңа талапқа сай мұғалімдерді қалыптастыру және қазақ мектептерін оқулықтармен, оқу құралдарымен қамтамасыз ету. Смағұлдың өзінің өмір сүрген кезеңіне қарамастан, оқу-білім туралы ойланғаны мақтануға тұрарлық, оның істері мені дәл қазіргі сәтте өте шабыттыруда.
Айғаным: Иә, мен де Смағұл атамыз туралы көп естігінмін. Ол өмір бойы қазақ халықының өркендеуі, қазақтар арасынды зиялы халықтың көбеюі үшін көп еңбек сіңірген. Мысалы: 1918–1920 жылдары «Центросибирь» кооперативтер бірлестігінде қызмет еттіі.1927 жылы ақпанда ол өлкелік комитет бюросына өзін ауыл мектебіне оқулықтар мен кітапшалар даярлау үшін бірнеше айға республика мекемелеріндегі жұмыстан босатуды өтінген арыз берді. Ол сол кездегі казақ халықның азайып жатқан зиялы қауымына кіретін. Голощекин Қазақстанға келгенде Сәдуақасов Халық ағарту комиссары және «Еңбекші қазақтың» жауапты редакторы қызметтерін қатар атқарып жүрді. Халық ағарту комиссариаты бұл кезде республикадағы ең ірі комиссариаттардың бірі болатын. Осындай жоғары мәртебелі жұмыс атқарып,
казақ халқының мүддесің қорғағаны үшін Смағұл атамыз Голощекиннің көзіне түскен.
Жұлдыз: Иә, Голщекиннің өкінішіне орай, Смағұл Сәдуақасов оның принциптерін қолдамады. Дәл осы себепетен болар, қатал қайраткер қарапайым қазақ мемелекеттік қайраткерін жақтырмады. Дегенімен, бұған қарамастан, Сәдуақасов өзінің қызметінің республика жағдайында рөлінің жоғары болуын және қазақ қоғамының кұнделікті тұрмыс-тіршілігімен тығыз байланыста болуын қолданып, қазақтардың көзін ашып, Адам болуына жол ашты. Ол тарихтағы өзінің орнын тек қоғам қайраткері ретінде емес, жазушы ретінде де қалдырды. Бірнеше романдар мер прозалар жазды. Оның қоғамдағы мәселелерді көтеретін “Сәрсенбек” романы тіпті тарихшылар үшін де мағыналы, себебі онда көтерісшілердің күресі, оқығандардың тіршілігі туралы баяндалады. Сонымен қатар, Смағұл Сәдуақасов “Жастарға жаңа жол”, “Салмақбайдың ауылында қалайша кооперация ашылды?”, “Жастармен әңгіме”, “Ұлт театры туралы” және біздің тақырыбымызмен тығыз байланысты “Қазақстандағы ағарту мәселелері” атты еңбектердің авторы болып табылады. Осы тарихи кезеңде Қазақстандағы оқу-білім, ағарту жүйесінің ең өзекті мәселелерін шешеуге үлесін қосқан да Сәдуақасовтың өзі болатын.
Айғаным: Иә Смағұл Сәдуақасов еліктеуге тұрарлық тұлға, ол өмірінің басынан бастап соңына дейін қазақ халқын қорғап, мәртебесін жоғартуға тырысқан. Сол үшін КСРО кезіндігі катаң комунизм жылдары зардабын шеккен.6-шы партия конференциясында ол оңшыл және «сәдуақасовшылдардың»жетекшісі ретінде айыптап, жұмысынан босатылды. Ташкенттегі қазақ педагогика институтының ректоры болып тағайындалды. Мәскеудегі оқуын бітіргеннен кейін, Қазақстанға қайтармау үшін ел басшылығы оны Мәскеу- Донбасс темір жолы құрылысына инженер- құрылысшы етіп жұмысқа жіберді. Бірақ Сәдуақасов берілмеді, тіпті КСРО үкіметінің қысымы астында өз жұмысын жалғастырып, идеологияларын таратуды жалғастырды. Мен өз халқымның арасында осындай еліктеуге тұрарлық тұлғалар үшін мақтанамын.
Жұлдыз: Мен сені толықтай қолдаймын, тіпті Смағүл Сәдуақасовтың осынша жігерлі шешімдер қабылдағанымен таңғалудамын. Менің ойымша осындай
13