осындай қадамдарға бару үшін өз елің мен өз халқыңды жаныңнан да жақсы көруің керек. Оның сөздері ғана емес, іс-әрекеттері оның тарихи тұлға деген атаққа сәйкес екендігін көрсетеді. Ол өзінің бүкіл жастық жігерін, талантын және қабілетін халықтың орташа білімін көтеруге және жергілікті мұғалімдерді тәрбиелеуге, дамытуға бағыттады. Мен сенімен біз осындай тарихи тұлғаларды өзіміздің алдымызда үлгі етуіміз қажет екенімен келісемін. Олардың жасаған істерінен де батыл, патриотты істерді жасауға ұмтылу керекпіз. Тек сонда ғана, еліміз бен халқымызды одан да жоғарыға көтереміз және мүмкінінше болашақта тарихи тұлға ретінде есте қаламыз.
Айғаным: Иә Смағұл атамыз еліктеуге тұрарлық тұлға, Ол өзін мемлекет қайраткері ғана емес, сонымен бірге жастардың жетекшісі, публицист, Қазақстандағы кооперативтік қозғалыстың ұйымдастырушысы, мәдениет қайраткері, қазақ театрын ұйымдастырушы ретінде де көрсете білді. Болашақта мен тіпті ол қосқан үлестің 10% жасай алсам, сол үшін игілікті боламын. Жұлдыз сен дұрыс айтып отырсың Смағұл Сәдуақасов – әйгілі тұлға. Ол өмір бойы бар білімі мен күш-жігерін туған еліне, қазақ халқына пайда келтіруге жұмсады. Сол үшін біз оған алғысымызды айтып, еңбегін ақтау үшін дәл ол сияқты халқамыздың, тәуелсіз мемлекетіміздің болашағы үшін бар күшімізді салып жұмыс істеу керекпіз.
14
Редакторлар:
Бегасилова Жұлдыз
Кеңес Айғаным
Адресіміз:
31 көше,35 үй.
Назарбаев Зияткерлік мектебі
Байланысу үшін:
77-88-99