Смағұл Садуақасов Смағұл Садуақасов | Page 12

Диалог-ойтолғау

Жұлдыз бен Айғанымның арасында өткен Смағұл Садуақасов туралы ойтолғауы

16/01/2017

Жұлдыз: Айғаным, қазіргі білім жүйесі қарқынды дамып келуде, менің ойымша біздің елімізде әлемдік деңгейдегі бірнеше мектептердің болуы дамудың жақсы көрсеткіші болып табылады.Тіпті қарапайым орта мектептер де елбасымыздың “100 қадам” бағдарламасының 76-қадамында айтылғандай, 12 жылдық білім жүйесіне біртіндеп көшуде, дәл дамыған мемлекеттер секілді. Жалпы өзім осындай өзгерістер орын алып жатқанына өте қуаныштымын. Мұғалімдер де балаларды ақпаратты жаттауға емес, түсініп, өмірмен байланыстыруға бағыттайды.89-қадамда сиппатталғандай, мектептік бағдарламалар мәңгілік ел құндылықтарын енгізуде, бізге оның не білдіретінін түсіндіруде. Бұл білім сапасын жақсартады. Осындай қадамдармен бірнеше жылдарда орташа білім деңгейі өте жоғары болады деген ойдамын. Ал сен, Айғаным, білім деңгейі туралы не ойлайсың?

Айғаным: Иә, мен сенімен келісемен. Назарбаевтың жоспарлары бойынша Қазақстан 2050, Қазақстан 2020 бағдарламалары арқылы Қазақстандағы оқу ағарту жүйесі біріңғай дәрежеге көшіріледі. Біздің мемлекетімізде оқу сапасы оның әр бөлігінде бірдей жоғары болғаны мемлекетіміздің жоғары нәтижелерге жеткендігін көрсететіне сенімдімін. Сен айтып жатқандай елімізде осы білім саласында көптеген өзгерістер жүріп жатыр. Бірақ олар ҚСРО жылдары болған реформалардан өзгеше, яғни біз сол уаққыттағы қателіктерді қайталамау үшін әр бір өзгерісті жоспарлап, жете тексеріп, асықпай еңгіземізі. Менің ойымша біздің мектебіміз осы өзгерістердің бірінше нәтежесі болады.

12