БҚМУ Хабаршы №1-2019ж.
Адамгершiлiк тәрбие тәрбиеленушiнiң дамуына қандай игi әсер
ететiндiгiн, тәрбие әсерiмен оқушы қалай өзгеретiндiгiн, тәрбие әртүрлi әсерiмен
адамгершiлiк кемелдiң жаңа сатысына қалай көтерiлетiндiгiн педагог жақсы бiлуi
тиiс. Ол үшiн адамгершiлiк тәрбиесiнiң бүтiн процесiн жеке буындарға бөлiп,
әрқайсысын жекелей қарастыру керек. Бұл процестiң аса маңызды буыны –
адамгершiлiк сананы қалыптастыру. Адамгершiлiк, саналылық дәрежесi адамның
тәртiбi мен iс-әрекетiн анықтайтыны әлдеқашан дәелденген.
Сана-сезiмнiң қалыптасуы ұзақ та күрделi процесс, ол мектепке бармастан
көп бұрын, қоғам туралы, жақын адамдардың өзара қатынасы туралы алғашқы
ұғым-түсiнiктерiнiң қалыптасуынан басталады. Мектепке келгеннен бастап
балаларға қойылатын талап та жоғарылайды. Бiрiншi сыныптар басқалардың
жағдайымен санаса бiлуi, жұмыста бiр-бiрiне кедергi болмауы тиiс. Алғашқы
ұғым-түсiнiктер негiзiнде өскелең адамның тұрақты көзқарасы мен сезiмдерi
қалыптасады, бұл жағдай оның мiнез-құлқына әсер етедi, бағыт бередi.
Сезiм баланың мiнез-құлқына керемет әсер етедi. Тәрбиеде сезiмге сүйену,
тәрбиенiң нәтижелiлiгiн арттырады. Баланың сезiмiне әсер ету шексiз жұмыс
және тәрбие жұмысының күрделi саласы болып табылады. Сондықтан да
көптеген мұғалiмдер баланың санасына әсер етудi жөн көредi, ал тәрбие
жұмысында оның сезiмiне қалай әсер етуге болатындығын кейде бiле бермейдi.
Оқушының сезiмiне әсер етудiң тәсiлдерiн анықтағанда сезiмдi тәрбиелеу,
негiзiнен баланың бұрынғы өз сезiмдерiн өзгерту және онан әрі тiлдiру жолымен
жүзеге асырылатындығын ескерген жөн. Сезiмдi тәрбиелеудiң дәл де қыска
жолдарын педагогика айтып бере алмайды. Мысалы, жолдасының немесе әдеби
кейiпкердiң iсiне қалай да таңданудың керек деп оқушының алдына мiндет қоюға
болмайды. Қажеттi сезiмдi тудыру үшiн соған сәйкес оқушының сезiм дүниесiне
қатты әсер ететiн жағдайлар жасалынуы тиiс. Мәселен, туған табиғат туралы
мектеп қабырғасында қаншама айтқанмен, балаларға оның сұлулығы мен
ұлылығы жайында әсер туғызбауы мүмкiн. Ал, ендi табиғатқа экскурсия жасаса,
оның ең сәндi жерлерiн тауып, фотосуретке түсiру, монтаж жасау жайлы
тапсырма берiлсе, бұл балалардың табиғатқа ең нәзiк сүйіспеншiлiгiн туғызар
едi. Бұл жағдайда, мұғалiм iзгi сезiмдердi туғызып қана қоймайды, оның бекуiне
де жағдай жасайды.
Баладағы жаңа сезiмдер қатты әсерленуден болады. Осы әсерленудiң
ықпалымен сезiмiнiң жетiлуi, өзгеруi мүмкiн. Әсерлену әсiресе өзгелердiң
iстегенiн қабылдау және санадан өткiзу процесiнде пайда болады. Еңбек
қаһармандарының iстерi жайлы, соғыс кезiндегi бiздiң адамдарымыздың теңдесi
жоқ ерлiгi жайлы әсерлеп, көркемдеп әңгiмелеу бала сезiмiне өте қатты әсер етiп,
оның патриоттық iзгi сезiмдерiн оятады. Әсерленушiлiк басқа адамның өмiрiне
жаны ашуы нәтижесiнде тууы мүмкiн.
Ойын оқу процесін ширатады, баланың оқуға деген ынтасын арттырады,
сабақ қызықты өтеді. Ойын белгілі бір қабілеттердің қосындысы, оны былай
көрсетуге болады: зейін + қабылдау + ес + ойлау + пайымдау. Ойынды халқымыз
балаларын тәрбиелеуде ертеден пайдаланған.А.Байтұрсынов «...баланы ойынға
үйрету, ойынға қатыстыру арқылы ойыны қайсы, үйретуі қайсы екенін балалар
айырмастай, сезбестей етіп үйретуі керек» деген қағидасын басшылыққа алған
жөн. Ойын – үйрету әдісінің ерекше түрі. Ол үйренуді мәжбүр етпейді, баланың
өз еркімен, ынтасымен орындалады.
Ойын технологияларының мақсаты бірқатар міндеттерді шешу болып
табылады:
- дидактикалық (ой-өрісті кеңейту, танымдық іс-әрекет; практикалық іс-
әрекетте қажет белгілі бір қабілеттер мен дағдыларды қалыптастыру және т.б.);
97