БҚМУ Хабаршы №1-2019ж.
Балалардың моральдық сапаларының, қоғамдық ұғымдарының, мiнез-құлықтары
дағдылары мен әдеттерiнiң дамуындағы осы айырмашылықтарды адамгершiлiк
тәрбиесi барысында мектеп түзетуi керек.
Мектеп бiлiмi өсiп келе жатқан ұрпақтың адамгершiлiк тәрбиесiне едәуiр
ықпал етедi. Адамгершiлiк тәрбиесi белгiлi жүйеде жүзеге асырылады. Мектептi
бiтiргеннен кейiн адам мiнездiң жаңа сапаларын игермейдi, қайта бұрынғыларын
шыңдай түседi немесе түзетедi. Сол себептi балалардың мектептегi адамгершiлiк
тәрбиесi өте шеңберлi болуы тиiс. Педагогика адамгершiлiк тәрбиесiнiң
мазмұнымен ұйымдастырушының қоғамдық мораль сипатына тәуелдiлiгiн
объективтiк заңдылық деп санайды.Мектептегi адагершiлiк тәрбиесi бiздiң
өмiрiмiздiң тек осы кездегi талаптарын ғана емес, болашақта да бағытталуы тиiс.
Адамның қоғамға қатысты, оның халық, қоғам алдындағы борышы моральдық
кодексте бiрiншi орынға қойылады:
-
қоғам игiлiгiне қалтқысыз еңбек ету;
-
әрбiр адамның қоғамдық байлықты сақтауға және молайтуға деген
қамқорлығы;
-
қоғамдық борышты жоғары дәрежеде сезiну.
Адамгершiлiк бейненiң сұлулығы мен iзгiлiгi адамдардың гуманизм мен
коллективизмге негiзделген өзара қатынасында айқын көрiнiсiн табады.
Сондықтан кодекс өсiп келе жатқан ұрпақ бойында коллективизм мен жолдастық
өзара көмек “Бiреуi бәрi ұшiн, бәрi бiреуi үшiн” деген принципiмен өмiр сүре
бiлуi, достық сезiмi адам адамға – дос, жолдас және бауыр, саналы тәртiптерiн
сақтау сияқты қасиет-сапаларын тәрбиелеуге шақырады.
Адалдық және шыншылдық, адамгершiлiк, тазалық, қарапайымдық,
қоғамдық және жеке өмiрдегi сыпайылық, үлкендi сыйлау сияқты мiнездегi
моральдық-ерiктiк ерекшелiктерiдi тәрбиелеу кодекстiң маңызды бөлiмiнiң бiрi.
Адамгершiлiктiң бастамасын қалыптастыруда ең алдымен оқушының
жақсы, жаман мiнезi туралы дұрыс түсiнiк берiлу ұсынылады. Жақсы iс iстеу –
бұл “Оқушыларға арналған ережелерде” көрсетiлген барлық мiндеттердi дәл
және дұрыс орындау болып табылады.
Ал, жаман iс iстеу – бұл осы мiндеттердi орындамау, коллективтi,
жолдастарын сыйламау, олардың пiкiрлерiн бағаламау.
Осы бастапқы түсiнiктерден мектеп өз оқушыларында күрделiрек
адамгершiлiк сапалардың қалыптасуына: туған жерге, оларда барлық халықтар
балаларымен достық, еңбек сүйгіштiк, еңбек адамдарына сүйiспеншiлiк,
адалдық, шыншылдық, iзгiлiк, тәртiптiлiк сезiмдерiн тәрбиелейдi, дiни сезiмдер
мен нанымдардың зияндылығын түсiндiредi.
Бұл жоғары сезiмдер бiрте-бiрте қалыптасады. Еңбек сүйгiштiк, өзiнiң
және қоғамдық заттарға ұқыптылықпен қарау сезiмi, отбасындағы жеңiл-желпi
жұмыстан, сынып, мектеп үшiн еңбек етуден қалыптаса бастайды. Оқу
сабақтарында, еңбек, экскурсия, өндiрiс озаттарымен кездесу процесiнде,
жиындарда балалар үлкендердiң еңбегi жайлы түсiнiк алады, мұғалiм осы
адамдар еңбегiмен барлық материалдық игiлiктер, оның iшiнде мектепте балалар
қолданып жүрген құралдар мен оқу жабдықтары да жасалатындығын
ұғындырады.
Адамгершiлiк тәрбиесi балалар арасындағы тәрбие жұмысының барлық
буындарында, сабақта, оқу және еңбек процесiнде, эстетикалық және дене
тәрбиесiнде жүзеге асырылады. Адамгершiлiк нормаларын тек жаттап алу
жеткiлiксiз, оны ой елегiнен өткiзiп, бастан кешiруi керек, сонда ғана ол оқушы
мiнез-құлықы мораль нормасына айналады. Бұл жағдайлар адамгершiлiк
тәрбиесiнiң әдiстемесiн анықтағанда негiзге алынуы тиiс.
96