БҚМУ Хабаршы №1-2019ж.
-
ойында меңгерілген тәжірибенің мәніне жете көңіл аудармау, оны
талдауға кететін уақытты шектеу;
-
басқа әдістер жеткіліксіз болған жағдайда ойын элементтерін
сабақтың қызықтылық сипатын арттыру үшін ғана қолдану;
-
қатысушылардың эмоциялық толқынысын жоққа шығару (тым әлсіз
немес тым күшті эмоциялар жұмысқа бөгет жасайды деп түсіну);
-
сенімсіздікке жол беру, жалаң ойынға әуестік.
Бастауыш сынып оқушысының есте сақтау мен танымдық қызығушылық
қабiлетi жақсы болады. Егер балаға қызығушылығына қарай жүйелi
мәлiмдемелер түсiп отырса, баланың даму үрдiсi шапшаңдайды. Ол баланы
қоғамдық өмiрдiң әртүрлi жақтарымен еркiн араластыру керек, әртүрлі баланың
дамуы үшiн туындайтын шегiнiстерден қашпауымыз керек, керiсiнше, баланың
дамуына қандай дәрежеде ықпал еткенiн айқындай отырып, жүргiзу қажет деген
ұсынысын зерттеуiмiзге басшылыққа алдық. Тарихи ескерткiш мұраларға
жүргiзiлген саяхат-сабақтар мен экскурсиялар балалардың танымын
қалыптастыруда негiзгi орын алатынын практика барысында айқын байқадық.
Әртүрлi жүргiзiлген саяхат жұмыстары бастауыш сынып оқушыларының
ынтымақтастығын жетiлдере түседi. Бұл туралы психолог Л.С. Выготский:
“Дербес жұмыс iстегеннен гөрi бала ынтымақтастықта күштiрек әрi ақылдырақ
болып, ол өзi шеше алатын интеллектуалды қиындықтар деңгейi жөнiнен биiкке
көтерiледi...” [12], - дейдi.
Жалпы жеке тұлғаның бойындағы адамгершiлiк құндылықтарын
қалыптастыруға байланысты арналған ғылыми зерттеу еңбектердi зерделеу
барысында
бастауыш
сынып
оқушыларының
мәдени
адамгершiлiк
құндылықтарының қалыптасуы, олардың психологиялық дамуына байланысты
арналған еңбектер сараланып, жүйеленгенiн байқадық.
Көптеген зерттеу еңбектерін талдай келе оқушыны дамытуда бiлiм мен
тәрбие негiзгi орын алатынын атап көрсете келе, бала жасындағы дамудың бес
жағдайы нақтыланады:
- психикалық дамуға - оқушының мiнез-құлқының, ерiк-жiгерiнiң
қабiлетiнiң дамуы:
- денелiк дамуға - дене бiтiмiнiң өз жасына сай болуы;
- рухани дамуға - оқушының iшкi жан дүниесiнiң сырттан әсер ететiн
күшпен өзара бiрлiгi;
- әлеуметтiк дамуға - өздерi өмiр сүрiп отырған қоғамдық ортаға үйлесе
дамуы;
- жалпы дамуға - оқушының жан-жақты үйлесiмдi дамуы; сыныптан тыс
уақытта бастауыш сынып оқушыларын дамытудың ғылыми-теориялық негiзiн
айқындай отырып, бастауыш сынып оқушыларымен жүргiзiлетiн жұмыстардың
тиiмдiлiгiн арттыруға, үйiрме жұмыстары мен мектептегi қоғамдық ұйымдардың
құрылымының тиiмдiлiгі дәлелденген.
Олай болса өзін-өзі тану пәнін оқыту барысында оздырылатын сыныптан
тыс үйірме жұмыстарында оқушыны сыртқы және ішкі жан дүниесінің біртұтас
үйлесімділікке жетелейтін әйгілі қазақ композиторларының шығармалары, қазақ
менталитетінің өзегін құрайтын ою-өрнегі, әсем шырқалатын мазмұны маңызды
тәрбиеге толы саз әуенді әндері баланың жан-жақты дамуына тоглығымен әсерін
тигізері сөзсіз.
Балаларды мектепке оқытудың алғашқы күнiнен-ақ бiрiншi сыныптардың
қоршаған өмiр туралы әр түрлi түсiнiкпен келетiндiгi, мораль туралы ұғымдары
да, мiнез-қырларымен әдеттерi де әр басқа екендiгi анықталады. Мектепке
iлтипаттары да әртүрлi. Кейбiр балалар құрбыларымен тату-тәттi ойнайды, керек
болса, ойыншықтарын беруге де даяр. Ал, ендi бiреулерi сырттап жүредi.
95