БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ ЗКГУ. Вестник, 1-2019 | Page 95

БҚМУ Хабаршы №1-2019ж. - сабақтағы ойын элементтері оқушылардың ынтасын артып, пәнге деген қызығушылығын арттыруға бағытталуы қажет. Бастауыш сыныпта өзін өзі тануды оқып үйрету барысында ойындардың алатын орны ерекше. Әр сабақтың тақырыбына сай ойындарды пайдаланып отыру оқушылардың танымдылыққа деген қызығушылығын, ынтасы мен зейінін арттырады. Басты мақсат – ойын әрекеттері арқылы ізгілік құндылықтарын меңгертіп, қа молайтрым қатынасы, бір біріне деген сыйлас құрметі артады. Ойын оқушылардың ынтасы мен зейінін дамытады. Мысалы: "Тапқыш" ойыны арқылы ынтасы мен зейінін дамытамыз. ойын барысы: Балалар екі топқа бөлініп, бір-бірлеріне қарама-қарсы отырады. Ойын жүргізуші допты топтың кез келген баласына домалатады да "ма" -деп алғашқы буынды айтады, қарсыласы "шина" деп жалғастыруы қажет. Ойын 4-5 минут ойналады, егер ойыншы тез арада буынды жалғастыра алмаса ойын аяқталады. Сабақта мұғалімнің диктаторлық рөлі жойылып, оқушылар серіктестікке, ынтымақтастыққа, бірігіп жұмыс істеуге деген қызығушылықтары артады. Адамның жас ерекшелігіне қарамай, яғни адам балалық шағынан бастап кәрілікке жеткенше ойын қажеттілігі жетелеп отырады. Ал жас баланың ой-өрісі ойын арқылы дамиды. Ойын барысында баланың адамгершілік қасиеттері, өмірге деген көзқарасы, қызығушылығы қалыптасады. Ойын арқылы сыныптағы нашар оқитын оқушыларды да сабаққа нәтижелі тартуға болады. Ойын мен адам мәдениетінің өзара байланысы ғылыми түрде анықталды. Олардың тұлғаны дамытудағы маңызы анықталды, оның психологиялық және әлеуметтік факторлармен келісімі жөнінде кең қарастырылуда. Ойын технологиялары әлі де білім беру саласында жаңа инновация болып табылады. Педагогикалық технология ұғымы түрлі педагогикалық ойын түрлерін педагогикалық процесте әдістер мен тәсілдердің кең көлемді топтарын біріктіреді, оның жалпы ойындардан ерекшелігі оқытуда нақты мақсатының қойылуымен және оның оқу-танымдық бағыты сипатталған, негізі салынған педагогикалық нәтижесіне сай анықталады. Сабақ барысындағы ойын әдістері оқушыларды оқу қызметіне ынталандыру құралы ретінде ойын әдістері мен жағдайларының көмегі арқылы құрылады. Өзін өзі тану сабақтарында ролдік ойындардың маңызы зор. Ойын оқушылардың сол орындалатын іс -әрекеттер арқылы тіл үйренуге деген сенімін қалыптастырады. Ойын әрекетттері арқылы қайырымдылық, мейірімділік қарым қатынасқа жетелейді Ойын барысында баланы адамгершілік қасиеттер, өмірге деген көзқарасы, қызығушылығы қалыптасады. Ойын арқылы сыныптағы нашар оқитын оқушыларды да сабаққа нәтижелі тартуға болады. Ойын ұзақтығына қарай дидактикалық ойындар жылдам және ұзақ , оқушылардың санына қарай жеке, жұптық және топтық болып бөлінеді. Мұның барлығы тапқырлық, іздемдік, ролдік, іскерлік ойындардың нұсқалары ретінде беріледі. Себебі оқушыларға адамгершілік дұрыс нормаларды тануға үйрету, тілдік тұлғаларды сөйлеу әрекетінде орынды пайдалануға үйрету-дидактикалық ойындарды қолдануда ерекше көңіл аударатын нәрсе. Қозғалмалы ойындарды қолдану мынандай міндеттерді шешуге мүмкіндік береді: - оқушылардың эмоциялық белсенділігін арттыру. Мұнда олардың жағымды эмоциялары: қызығушылықтары, қуанышы, таңдануы негізге алынады; - топты біріктіру, қатысушылардаың өзара сенімін қалыптастыру және бірлескен әрекеттердің үйлесіміне қол жеткізу; Ойын әдістерін пайдалануда жіберілетін типтік қателердің қатарына мыналарды жатқызуға болады: - ойында меңгерілетін тәжірибенің көп жағдайда шынайы өмірмен байланысының жеткіліксіз болуы, ойын әрекетін тар мақсатқа ғана қолдану; 94