БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ ЗКГУ. Вестник, 1-2019 | Page 94

БҚМУ Хабаршы №1-2019ж. Тіпті, керек десеңіз, интерактивті әдіс арқылы оқушылар өз білімін өздері бағалайды да. Олар алған білім, білік, дағдылары бойынша бағаланады. Әсіресе өзін-өзі бақылау, жұптық өзара бақылау, топтық өзара бақылау кезеңдері сабақты бекітуде біршама көмегін тигізеді. Қозғалмалы ойындар (бой жазу, жылыну, қыздырушы ойындар) өзін-өзі тану сабақтарында жиі қолданылады. Оларды қолданудағы негізгі мақсат - оқушылардың эмоциялық және тұлғааралық белсенділігін арттыру, сонымен бірге денелерін шынықтырып, бойын жаздыру. А.М. Горкий: "Ойын арқылы бала дүниені таниды", десе, А.С. Сухомлинский:" ойынсыз ақыл - ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспетті, ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірмен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады. Ойын дегеніміз - ұшқын, білімге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты ",- дейді. Шынында да бала үшін ойын-өмір сүрудің белсенді формасы, сол арқылы ересектерге еліктейді, олардың іс-әрекетін, қарым -қатынастарын үйренеді, еңбектің мәнін түсініп, адамгершілік нормаларын игереді. Адамгершілік барлық адамдарға тән қасиет ретінде өмірдегі жанға жат мінездер мен кереғар іс- әрекетттерге қарсы күресу барысында қалыптасады. Тәрбие мен оқытудағы адамгершілікке бағыттталған идеялар құндылықтар деп қарастырылады. Оларға шындық, қайырымдылық, бостандық, шығармашылық жатады. Құндылықтар - идеалдарды қабылдау немесе қабылдамау сезімі арқылы айқындалып, ақыл мен ой-сана арқылы қабылданады. Құндылықтар сезім мен ақыл - ойдың ұштасуын және сол арқылы адамның іс - әрекетін көрсетеді. Балаларда адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру жағдайында белгілі бір жүйе немесе нақты белгілер болуы қажет. Бұл жағдайда оқу - тәрбие үрдісіндегі педагогикалық шарттардың мәнін ашып көрсету өте салмақты орын алады. Ойын- балалардың негізгі іс - әрекеттерінің бір түрі. Бала өмірі ойынға байланысты. Бала ойынсыз өсіп өркендей алмайды. Бұл - өмірдің заңдылығы. Еңбек үстінде адамның көптеген ерекшеліктері дамиды. Өмір сүру барысында ол түрлі жолдармен жарыққа шығады. Ойын - балалар үшін күрделі әрекет. Балалар ойын үстінде үлкендердің іс- әрекеттерін үйренеді. Ойын арқылы баланың ақылын, дүниетанымын кеңейтеді, мінез-құлқын, ерік-жігерін қалыптастырады. Бала ойын барысында өздерін еркін сезінеді, ізденімпаздық, тапқырлық әрекеті байқалады. Ойын үстінде өмірдің өзіндегіндей қуанып, ренжиді. Баланың белсенділігін, сапалы ойлана білуін, ой-өрісінің дамуын қамтамасыз ету, қиындықты жеңуде төзімділікке баулу - адамгершілік тәрбиесінің негізгі міндеті. Ойын және оқу ерте кезден-ақ адам тіршілігінің негізгі үш тірегі болып есептелінген. Ол балалар үшін кәмелетке келгенше жүріп өтетін өмір сатысы. Ойын технологиясы балалардың айналасын тану қызметіндегі белсенділігі мен шығармашылығының қалыптасуына жолды кең ашатын табиғи құбылыс. Атақты педагогтар В.А. Сухомлинский, Н.К. Крупская, К.Д. Ушинский ойынның балалардың ой өрісін дамытуда, дүние танымын қалыптастыруда практикалық маңызы зор екенін атап көрсеткен. Ойын арқылы оқыту технологиясы бастауыш сыныптарда кеңінен қолданылады. Әр мұғалім технологияның нәтижесін дұрыс болуы үшін мынандай жағдайларды ескеруі қажет: - әр ойынның тәрбиелік, білімділік, дамытушылық маңызын алдын-ала жете түсініп, оның балаларға қандай нәтиже беретіндігін анықтау; - ойын жүргізетін орынның мүмкіндігі, ойын жабдықтарының эстетикалық талаптарға сай болуы, алдын – ала әзірлеу; - сыныптағы оқушылардың жас, психологиялық ерекшеліктеріне, білім деңгейлеріне, сөздік қорына сәйкес келуі; - ойын кезіндегі қозғалыс, техникалық қауіпсіздіктен қамтамасыз етілуі; 93