БҚМУ Хабаршы №1-2019ж.
өзі тану бағытында жүргізілетін жеке тұлғаның ресурстарын анықтау мен
дамыту, рефлексияны анықтау жұмыстары кезінде байқалатын студенттің ішкі
сезімдерінде болып жатқан елеусіз өзгерістер оқытушыдан нәзік сезімталдықты
талап тетеді. Пән оқытушысы студенпен тығыз қарым-қатынас жасай отырып,
оның дамуын түзу жолға бағыттап отыруға міндетті. Ол осы әрекеті арқылы шын
мәнінде студенттің дамуын үнемі қадағалап отыратын зерттеуші қызметін де
мүлтіксіз атқарады.
Жаңа технологияны қолдану төмендегідей кезеңдер арқылы іске
асырылады.
1-кезең – оқып үйрену.
2-кезең – меңгеру.
3-кезең - өмірге енгзу, тәжірбеде қолдану.
4-кезең – дамыту, нәтижесін тексеру.
Б.Т. Лихачев “Педагогикалық технологияны оқу үрдісіне белгілі бір мақсат
көздей отырып әсер ететін педагогикалық нәтижеге жетелейтін бірліктердің
жүйесі ретінде көрсетеді, үнемі өзгеріп отыратындығын айтады”.
М.В. Кларин “Педагогикалық технология – бұл педагогикалық мақсатқа
қол жеткізу жолындағы қолданылатын барлық қисынды ілім амалдары мен
әдіснамалық құралдардың жүйелі жиынтығы және істеу реті”, деген анықтама
ұсынды.
Қазіргі таңда елімізде болып жатқан жаңартулар оқу - тәрбие
жұмыстарының бағыт- бағдарының заман талаптарына сай жасалуын
міндеттейді. «Өзін-өзі тану» курсында дәстүрлі әдістердің мүмкіндіктерін кең
қолдану қажет болғанмен, бірінші кезекте белсенді және интерактивті әдістерді
пайдалануға басымдылық берілуі керек. Өйткені бұл әдістерді әдебиеттің,
өнердің, арт-терапияның элементтерімен жан-жақты ұштастыруға болады.
Үстіміздегі ғасыр – жеке тұлғаны қалыптастыру, ізгілендіру, дамыту
ғасыры. Олай болса, мұғалімдердің алдында тұрған бірден-бір мақсат –
оқушылар алған білімдерін пайдаға асырып, өздігінен әрекет ете алатын, оларды
түрлі өмірлік жағдайда қолдана білетін, жалпы азаматтық және ұлттық
құндылықтарды қатар меңгерген, өзіндік көзқарасы бар, Отанын шын сүйетін
азамат болып жетілуіне көмектесу.
Қазір кез-келген пәнді оқытуда пәнаралық байланыс арқылы білімнің
жинақтаушы, қорытындылаушы және үйлестіруші қызметін атқаруға болады.
Осы тұрғыда оқытудың интерактивті әдісі өте тиімді. Себебі, бұл әдіс
оқушының жеке өмірлік тәжірибесіне сүйене отырып, оның бойында білім, дағды
және құныдылқ жүйесін қалыптастырады. Сабақ мұғалім мен сынып тобы,
шағын топтар мен жеке оқушы арасындағы қатынас арқылы жүзеге асырылады.
Мұнда мұғалім хабарлама беруші модератордың қызметін атқарады.
Интерактивті әдістер бұл – адами өзарақатынастар мен өзара
әрекеттестіктерді тану жолдары, тәсілдері. Ол әдістер жеке дара индивид емес,
сұрақтарды талдау арқылы пікір алмасатын, бір-бірін белсендіретін өзара
әрекеттесуші оқушылардың тобы орталық орынға ие болатын белсенді диалогқа
негізделеді. Интерактивті әдістер интеллектілі және рухани белсенділікті,
сондай-ақ ақиқатты іздеуде ұжымдық шығармашылықты дамытады. Аталмыш
әдістерді қолдануда оқушылар эмоциялылығымен және бастамашылдығымен
ерекшеленген қайсыбір тақырыпты талқылау үдерісіне белсенді қатысады. Сол
себепті бастауыш сынып оқытушы икемді, белсенді болуы тиіс, және одан
шығармашылық талап етіледі, өйткені ол тұтастай топтың, әрі оның әрбір
мүшесінің интерактивті үдерісте орын алған даулар мен келіспеушіліктерді
орынды әлеуетін қадағалауға көмектеседі.
92