БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ ЗКГУ. Вестник, 1-2019 | Page 92

БҚМУ Хабаршы №1-2019ж. сәйкестік қана. Әркім өз қалпында қалған сайын өзін тереңірек түсіне бастайды, оның қайталанбас ерекшеліктері анық көріне бастайды» деген ой пікірлерінен өзін-өзі тану бұл адамның қайталанбас бойындағы құндылығын ашу, сол арқылы өмірге қажет үйлесімді тұлға тәрбиелеу қағидасы жатқандығын көруге болады. Жоғарыда аталған еңбектердің барлығының да теориялық және практикалық маңызы зор. Алайда зерттеуші ғалымдардың өзін-өзі тану және рухани – адамгершілік құндылықтар мәселесіне қосқан үлкен үлесіне қарамастан, бастауыш сынып оқушыларының бойында рухани-адамгершілік құндылықтарын өзін-өзі тану негізінде қалыптастыру мәселесі әлі де болса әдістемелік жағынан толықтырылып зерттеуді қажет етеді. Оған дәлел ретінде қазіргі кезде білім беру жүйесінде осы мәселені тереңдетіп зерттеудің қажеттілігі мен қоғамда алып отырған қарама-қайшылықтарға тоқталсақ олар: жаһандану заманының еліміздің экономикалық дамуына қарыштап енуі, ақпараттық технологияның дамуы, бұқаралық ақпарат құралдарының түрлерінің көбеюі, теледидар, компьютерлік түрлі ойындардың бала санасына жағымсыз әсер етуі, осыған орай баланың психофизиологиялық дамуы мен рухани қалыптасуының арасындағы байланысты үздіксіз дамытудың қажеттілігі, бастауыш сынып оқушысының бойында өзін-өзі тану арқылы рухани-адамгершілік құндылықтарды дамыту әдістемесінің жеткіліксіздігі мен бұның маңыздылығын жеткізуде арнайы зерттеулер жүргізу қажеттіліктері туындап отырғандығын аңғаруға болады. Жаңаша оқытудың негізгі мақсаты оқушыға деген сенімді бағыт беру, түзету енгізу. Жаңа технологияларды пайдаланғанда мына жағдайларды ескерген жөн: - қатар отырған топтың білім деңгейін ескеру; - әдістеме мен технологияның сабақтастығы. Бастысы: - оқушының өз бетінше іс-әрекет жасау тәсілдерін меңгеруде мұғалім тарапынан көмек беруді бірітіндеп азайту. - мұғалімнің ықыласы мен шеберлік деңгейінің болуы. Жаңа технологиялардың түрлері жетерлік. Алайда өзін-өзі тану пәніннің оқыту барысын жетілдірудегі маңызды тәрбиелік мiндеттер: біріншіден, рухани- адамгершілік, руханилық, әсемдік, ақиқат, ізгілік, еркіндік, рахымшылдық, кешірімділік, тәуелсіздік сияқты жалпы ажамзаттық құндылықтардың өмірге еркін ене бастауы; екіншіден, жалпы адамзаттық құндылықтармен қатар, ұлттың өз мәдениетін меңгере отырып, әлемдік рухани ынтымақтастық рухта басқа ұлттармен бейбітшілікті сақтау; үшіншіден, оқушылардың белсендi өмiрлiк позициясын, жан дүниесін адами құндылықтар арқылы рухани-адамгершілік пен руханилықты берік орнықтыру. «Өзін-өзі тану» пәні оқытушысының зерттеу қызметінің үш аспектісі бар. Бірінші аспектіде сабақ үстіндегі топтық жұмыстарда қолданылатын оқыту тәсілдері мен түрлерінің жасау түрлерінің немесе оқыту тәсілдерінің тиімділігі зерттелінеді; Топтың өзара қарым-қатынасының дамуына, әр студенттің жеке тұлғалық сапаларының өсуіне, оқу процесіндегі аудиторияның мотивациялық дайындық деңгейіне талдау жасауы да осы кезеңге енеді. Екінші аспект «Өзін-өзі тануды» оқытуда психодиагностикалық әдістерді қолдануы мен әрекеттерді орындауы жатады. Оларды пайдалана отырып оқытушы студенттердің даму процесін зерттеуші қызметін атқарады. Сол себепті де ол зерттеу міндеттерін жоғары кәсіби деңгейде анықтай алуға, зерттеу үрдісін сауатты жүргізуге, этикалық талаптарды орындауға қабілетті болуы тиіс. Зерттеу қызметінің үшінші аспектісі оқытушының өзін-өзі тану процесінде жеке тұлғаны дамыту технологиясын жүзеге асыруы кезінде анықталады. Өзін- 91