БҚМУ Хабаршы №1-2019ж.
күрделі және ұзағырақ, жинақталған және өңделген өзін-өзі бақылау мәліметтері
бұларға тек бастапқы материал ретінде ғана енеді; 2) адам өзі жайлы
мәліметтерді өзін-өзі бақылау арқылы ғана емес, сондай-ақ сыртқы бастау-көздер
- өз әрекеттерінің объективті нәтижелері, өзге адамдармен қарым-қатынасы
арқылы да алады».
Адамдарға сенім арту және оларды сүйе білу, олардың сыртынан ғайбат
сөйлемеу, олар туралы жағымсыз танымына, тұлға мен ортаның дамуы
көзқарасы мен қарым-қатынасына тікелей байланысты болып отыр. Адам өз
бойындағы қараулықты, жалқаулықты, масаттануды, ашкөздікті, үрейді,
екіжүзділікті, менмендікті жеңе білудің жолы ол адамның өзін-өзі тануы болып
табылады.
Оқушы талантын тауып, дарынын дамытар жұмысты бастауыш сыныптан
бастап жүргізу керектігі айдай анық. Жеке тұлға қалыптастыруда әр оқушының
қабілетін танып, біліп, дамытып, шыңдап, жол сілтеп адам дәрежесін көтеру
керек және жаңашыл жұмысқа бет бұру керек, ол үшін ұлттық мәдениетті көтеру,
ұлттық педагогиканы, халық мұрасын пайдалану арқылы намысты, имандылық
пен ізгілікті, жат іс-әрекеттерге сын көзбен қарап, өз бағасын бере білетін,
рухани байлықты қастерлейтін, өз ошағын, Отанын қорғай білетін азамат
тәрбиелеу. Бала тәрбиесі болашаққа бастар жол десек, оны мектеп
табылдырығын аттаған кезеңнен бастап жүзеге асыру міндеті күттірмейтін
мәселе. Себебі жас ұрпақтың рухани-адамгершілік тұрғыда азамат болып
қалыптасуы, ұзақ мерзімді оқу-тәрбиенің негізінде білім мен тәрбие негіздерін
игерту ордасы – мектепте өтеді. Мектеп қабырғасында игерілетін білім мазмұны,
оқушылардың ғылым негіздерімен қоса тәрбие заңдылықтарын да қамтиды.
Тәрбие қоғам мәдениетін жасаушы, әрі сақтаушы, әрі оны келер ұрпаққа
жеткізуші басты құралдардың бірі. Сонымен бірге, тәрбие беру арқылы тұлғаның
іштей түлеуіне мүмкіндік бере отырып, оны рухани құндылықтарды жасауға,
насихаттауға жетелейді.
Міне, сондықтан да қазіргі кезеңде мектептің барлық буындарында әсіресе
бастауыш сыныптарда жаңартылған бағдарламалар енгізіліп, білім беру жүйесі
толығымен қайта құрылуда. Осы орайда бастауыш сынып оқушыларына
берілетін білім мазмұны мен тәлім-тәрбиені ғылыми тұрғыдан зерттеу басты
мүддеге айналуы тиіс деп есептейміз. Жалпы білім беретін орта мектептің түпкі
стратегиялық нысанасы мүлде жаңаша, шығармашылық тұрғыдан ойлай алатын,
танымдық мәдениеті биік адамдардың жаңа легін, дүниеге мәдени тұрғыдан
жоғары жауапкершілікпен қарай білетін, біліктілігі жоғары азаматтарды
қалыптастыру идеясы болуға тиіс. Демек, аталған мәселе біздің зерттеу
жұмысымыздың өзектілігін анықтайды.
Бастауыш мектептiң негiзгi мiндетi – баланың жеке басын бастапқы
қалыптастыруды қамтамасыз ету, оның қабiлеттерiн анықтау және дамыту. Осы
сатыдағы оқу мен тәрбие оң уәждi қалыптастыруға және оқу қызметiн бiлуге,
оқу, жазу, санаудың берiк дағдыларын үйренуге, тiлдiк қарым-қатынастың
қарапайым тәжiрибесiне, өзiн-өзi шығармашылық тұғырдан таныта бiлуге, мiнез-
құлықтың мәдениетiне, жеке гигиенаның және салауатты өмiр салтының
негiздерiне бағдарланады, сонысымен кейiн негiзгi мектептiң жалпы бiлiм беру
бағдарламаларын меңгеруге база жасайды.
Елiмiздiң ертеңгi болашағы - бүгiнгi өсiп келе жатқан ұрпақты осы
зерттеулерге негіздей отырып отбасынан бастап қоғамдық мекемелерге дейiн
ұрпақ тәрбиесiне аса жауапты қарау баршамыздың негiзгi мiндетiмiз. Себебi,
Егемендi елiмiздiң ертеңi оқу-бiлiмiнiң, тәрбиенiң тереңдiгiмен өлшенедi.
В.Я. Брюсов: «Әрбір адам-екінші рет қайталанбайтын белгілі бір тұлға.
Адамдар мәнісі тұрғысынан әртүрлі болады; олардың ұқсастығы тек сыртқы
90