БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ ЗКГУ. Вестник, 1-2019 | Page 90

БҚМУ Хабаршы №1-2019ж. т.б.), [4] жаңару кезеңінің ағартушылары (Я.А. Коменский, И.Г. Песталоции және т.б.) мен ТМД мемлекеттері педагогтарының (К.Д. Ушинский, А.С. Макаренко, В.А. Сухомлинский және т.б.), қазақ ағартушылары (Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев және т.б.) мен қоғам қайраткерлерінің (А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов және т.б.) еңбектерінде адамның жеке басының мүмкіндіктері көрсетіліп, ішкі рухани байлықтарының үйлесімділікте дамуы мәселелеріне ерекше мән берілген. Қазақстандық белгілі ғалымдар: Қ.Б. Жарықбаев, А.Е. Әбілқасымова, Ж.А. Қараев, Т.С. Сабыров т.б. жастардың дамуын жетілдіруде олардың танымдық әрекетіне баса мән беруді ұсынады. Қазақ тарихындағы ғұламалардың ой пікірлері жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуға арналады. А.Йассауи, А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, Ы.Алтынсарин, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, ұлы ғұламалар адамды аса жоғары құндылық ретінде бағалайды, оны табиғаттың, тірі дүние дамуының керемет нәтижесі, сондықтан да ол керемет пен марапатқа әбден лайық деп түсіндіреді. Мысалы А.Йассауи өз еңбегінде «…өзін - өзі танымаған адам, өзгені де тани алмайды» [5; 6; 7; 8; 9]. Қазақ ойшылдарының шығармаларындағы адам және қоғам мұраты проблемасын тарихи дамуына орай бірнеше кезеңге бөлуге болады. Оның біріншісі - Асан қайғы, Шалкиіз, Бұқар жырау және тағы басқа да ақын – жыраулардың, ойшылдардың көзқарастары. Олар аталған проблеманы өмір салтымен, жер мұратымен, бостандық , теңдікпен, ел билеушілер мен төрелердің, батырлардың, қарапайым адамдардың жеке басымен, от басындағы қарым- қатынасымен, үлкендерге, әйелдерге деген құрметпен тікелей байланыстыра қарастырады. Абай «ұғымынша адамтануды өрбітетін негізгі игіліктер: сезім, сана, ой; адамдықты көрсететін қасиеттер мен құндылықтар: жан мен рух; мінез, әрекет, тәжірибе, білім, өнер, кәсіптік икемділік. Құндылықтардың осы төрт тобы салыстырмалы түрде адамды өз-өзін тануға итермелейді, оны өз-өзімен табыстырады…» [10]. Адам туғаннан бастап, ер жеткенде және бүкіл өмірінде негізінен тәрбие арқылы өзгерістерге ұшырайды. Өмір қоршаған орта оның дамуына, қалыптасуына, дүниетанымына, өзін-өзі тануына әсер ететіндігі сөз болады. Абай бүкіл шығармашылық күш-қуатын адамдық ақиқатты, адамдық болмысты іздеуге, адамға лайық өмірге ұмтылуға сарп етсе, оның ізбасарлары – Шәкәрім Құдайбердіұлы, Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытұлы өздерін ұлы қазақ ойшылының шәкірттеріміз деп есептеп, оның ісін ілгері жалғастырды. Өзін-өзі тану әдіснамасын зерделеу арқылы оқу үрдісіндегі тәрбиенің заманға сай бағыт бағдарын дүниетанымдық жаңа ұстанымдарын қалыптастыру білім беру жүйесіндегі жаңаша тәрбие беру қырларын ашу өзекті мәселенің бірі. Қазір Республикада жастарды тәрбиелеу мәселесінде адамның ішкі жан дүниесін, рухани әлемін танып, дамыту, жетілдіру бағытында С.А. Назарбаева бастаған бір топ ғалымдар өзін-өзі тану тұғыры рухани адамгершілік негізін қалап үлкен ізденістер үстінде. Бұл ғалымдардың еңбектеріндегі ұстанған басты қағида – адамның кісілік келбеті мен адам деген атқа лайықты бола білуін қалыптастыру, адамның табиғатпен, әлеммен үйлесуі, халықтық дәстүр, рухани мәдениет негізінде болашақ ұрпақтың адамгершілік-рухани тәрбиесін жаңа сатыға көтеру міндеттерін жүзеге асыруды көздейді. “Қазір қоғам адам болмысындағы мейрім, шапағат, төзім, махаббат… сияқты құндылықтардың жаңғыруына зәру болып отыр” [11]. Елімізде 2002 жылы шыққан «Педагогика және психология» саласының түсіндірме сөздігінде «Өзін-өзі тану» ұғымына төмендегідей түсінік берілген: «Өзін-өзі тану» - өзін-өзі бағалау секілді интероспекциядан маңызды өзекшелігі бар өзін-өзі бақылау әдісі секілді, психиканы субъективтілік тұрғыдан танып білу: 1) интроспекцияның әдеттегі актілеріне қарағанда бұл процестер әлдеқайда 89