БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ ЗКГУ. Вестник, 1-2019 | Page 89

БҚМУ Хабаршы №1-2019ж. ӘОЖ 371.3 Ергалиева Г.А. – педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, М.Өтемісов атындағы БҚМУ E-mail: [email protected] Нәбиева Ж.Ж. – М.Өтемісов атындағы БҚМУ магистранты E-mail: [email protected] ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ ПӘНІН ОҚЫТУ БАРЫСЫНДА ИНТЕРАКТИВТІ ТӘСІЛДЕРДІ ҚОЛДАНУ ТИІМДІЛІГІ Аңдатпа. Мақалада интерактивті тәсілдерді өзін-өзі тану пәнін оқыту барысында қолдану тиімділігі, жаңа бағыттағы оқыту жолдарын пайдалана отырып, жеке тұлғаның рухани және жан-жақты дамуының қайнар көзi бiлiм мен ғылымды, тәрбиені қоғам талабына сай дамыту жолдары қарастырылған. Бала тұлғасының толыққанды қалыптасуының негізі оқытудағы қол жеткен табыстарға тәуелді екендігі жөнінде іргелі зерттеулерге сипаттама берілген. Өзін-өзі тану пәнінде қолданылатын ойын іс-әрекетінің психологиялық әсері зерттелінеді. Тірек сөздер: моральдық құндылықтар, тұлға, өзін-өзі тану, өзін-өзі жетілдіру. Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауында «...қазақстанды бәсекеге қабілетті адам капиталы бар елге айналдыру үшін, алдыңғы қатарлы озық білім берудің заманауи модельдері және экономикалық өмірдің прогрессивті нысандары бүкіл қоғамның игілігіне айналуы тиіс деп атап көрсеткен болатын [1]. Олай болса жеке тұлғаны жан-жақты дамыту шеңберінде білім берудің мақсаты мен мәнінің өзгеруі бүгінгі күннің талабына айналып отыр. Білім беру жүйесіне жаңа инновациялық технологияларды енгізу арқылы оқыту үрдісін жетілдіру, оқушының оқу танымдық қабілетін дамыту, саналы деңгейге көтеру — бүгінгі күнгі күрделі мәселе. Білімді жеке тұлғаға бағыттау арқылы өзін-өзі таныған, ақыл-ойын жан-жақты дамытқан өзіндік “Мендік” пікірі қалыптасқан оқушы тәрбиелеу мұғалімдер алдына тың міндеттер жүктейді. Бастауыш саты – бұл оқушы тұлғасы мен санасының қарқынды дамитын құнды, қайталанбайтын кезеңі. Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ екенін ескерсек, бастауыш білім – үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы. Осы орайда бастауыш сынып мұғалімдері жас жеткіншектерді оқытуда қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды кеңінен қолдана отырып, білімді терең және жан-жақты игерудің жолдарын, әр пәннің ғылыми негіздерін меңгерту мәселелерін, шәкірттің ойлау қабілеті мен шығармашылық әрекетін дамыту сияқты ең ұтымды әдіс-тәсілдерді қолдану қажеттілігі туындайды. Қазіргі заман мұғалімдерінің негізгі мақсаты – білім алушылардың білімін сапалы ету, оның толыққанды жеке тұлға болып қалыптасуына мүмкіндік жасау. Қазіргі бастауыш мектеп жағдайындағы білім берудің ұлттық моделіне өту уақыты мен тәрбиелеудің соңғы әдіс-тәсілдерін, жаңа инновациялық педагогикалық технологияны игерген, психологиялық-педагогикалық диагностиканы қабылдай алатын, педагогикалық жұмыста қалыптасқан бұрынғы ескі сүрлеуден тез арада арылуға қабілетті және нақты тәжірибелік іс-әрекет үстінде өзіндік даңғыл жол салуға икемді, шығармашыл педагог-зерттеуші, ойшыл бастауыш сынып мұғалімі болуын қажет етеді. Бала тұлғасының толыққанды қалыптасуының негізі оқытудағы қол жеткен табыстарға тәуелді екендігі іргелі зерттеулерде тұжырымдалады. Оны ежелгі дәуір философтары (Аристотель, Платон, Сократ) [2; 3] мен шығыстың көрнекті ойшылдарының (Әл-Фараби, Қ.А. Ясауи және 88