БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ ЗКГУ. Вестник, 1-2019 | Page 9

БҚМУ Хабаршы №1-2019ж. бағытындағы ойлана сөйлеу іс-әрекетін айқындайтындығы. Риторикалық мәдениетті өз бойына дарыта білген жас маман рухани тұлға және айқын да жарқын индивидтік қалыпта көрінбек. Бұл іспетті рухани өзін-өзі жетілдірудің материалдық жағын қанағаттандыру мен өндірістік өсу қарқынының адамзат санасында жаңаша көрініс табуы, қоғам мен жеке тұлға турасында берілер әлеуметтік бағаның өзгеруі күн тәртібіндегі риторикалық мәдениеттің қалыптасу ерекшелігін де айқындамақ. Бұл бағыттағы мәселенің оң шешім табуы адамдардың тұрмыси құндылықтардан рухани құндылықтарға қайта бағдар ұстануы негізіндегі адамзаттың ішкі жан дүниесінің қайта жаңғыруы жолымен жүзеге аспақ. Демек, қазіргі заманның ғаламдық проблемасы – бұл таза экономикалық, саяси не ғылыми проблемалар емес, ең алдымен адамгершілік- рухани проблемаларда. Ал мұндай жағдайда кәсіби мәдениет контекстіндегі оқытушы-педагогтың риторикалық тұлғасының қалыптасуы, біздің пайымдауымызша, бәсекеге қабілетті интеллектуалды ұлт келешегін тәрбиелеудің, адамды өзгертудің, оның рухани тұрғыда қайта жаңғыруы мен ілгері дамып жетілуінің тиімді алғы шарттарының бірегейі. Ал кәсіби мәдениет контекстіндегі оқытушы-педагогтың бойына риторикалық мәдениетке қатысты білік, дағдыларды қалай жұғысты етпекпіз. Басты жолы – кешенді тұрғыда қолданбалы риторика ғылымының негізгі қағидаларын игеру арқылы. Біздіңше, риторика курсын оқытуда қазақ халқының салт-дәстүрлері мен мәдениеті және ұлттық менталитетімізбен байланысты шынайылыққа, ізгілік пен әдемілікке ұмтылуға бағытталған жастарымыздың ойлана сөйлей білу білік-дағдыларын, қабілет-қарымын дамытуды көздейтін аталмыш саланың (риториканың) кешенді қалыптағы интеграцияланған пән екендігі туралы түсініктен туындата білген дұрыс. Сондай-ақ, риторикалық мәдениетті, риторикалық біліктілікті қалыптастыру – бұл тек оқытудағы бір ғана бағыт емес, сонымен бірге, өзге де оқыту пәндеріне әсер ету құралы да, интеллектуалдық және эмоциональдық тұрғыда жетіле дамудың тиімділігін қамтамасыз ететін, әлі де тереңірек айтсақ, студент-жастардың әлеуметтік тұрғыда бейімделуінің тиімді жүруіне бірден-бір қажетті алғы шарт та [3; 6; 7; 8]. Ал педагог-ритордың кәсіби мәдениетін шыңдай түсуде, оның риторикалық тұлғасын қалыптастыруда аса өзекті болып табылатын риториканы педагогикалық технология ретінде, яғни, сабақ жағдаятында нақтылы қолдану мәселесін тілге тиек етсек, ең алдымен, риторикалық технология негізінде құрылған сабақтың дәстүрлі сабақтардан айырмашылығына назар аудару жөн. Жүргізілген зерттеулерге сүйенсек, егер де оқытушы-педагог риторикалық тұрғыда ойланар болса, онда оның санасында риториканың әрбір қағидаты педагогикалық іс-әрекеттің нақтылы бір бағыты ретінде түйінделеді. Бұл орайда ескерілер бірнеше қағидаларды баса атар едік. Біріншіден, нені, қалай, неге оқытуды дамытуға негізделген үдерістің біртұтастық деңгейін жүзеге асырар тұжырымдамалық (концептуальдылық) қағидасын қамтамасыз етеді. Басқаша айтсақ, шәкіртті дамыту құралы ретінде оқу пәнін, оқыту тұжырымдамасын әзірлей отырып, оқытушы өзінің оқу пәнінің құралдары арқылы шәкірт атаулының бірте-бірте, кезең-кезеңімен дамитын тұлғалық сапалық қасиеттерін қалыптастырудың біртұтас көрінісін талқылап әзірлейді. Бұның бәрі оқыту үдерісін жан-жақты терең ойластыруды әрі нәтижелі келешегін болжауды қажет етеді. Түйіндей айтсақ, жалпы (тұжырымдамалы) дамудың бағыты тіпті де әрбір сабақ сәтін де сүзгіден өткізе бағдарлауды аңғартады, ал бұл әр қилы нақтылы өзіндік көріністермен айқындала жүзеге аспақ. Мәселен, өз тарапымыздан жүргізілген зерттеулер сабақтың адамның біртұтастықта дамуын көздеуі мақсат оқытудың берегей тұжырымдамалық жүйесінің құрамды бөлігі болған жағдайда ғана дамытушы бағытқа ие екендігі жөнінде түйін жасауға мүмкіндік береді. Бұл 8