БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ ЗКГУ. Вестник, 1-2019 | Page 10

БҚМУ Хабаршы №1-2019ж. орайда А.Маслоу: «Демократиялық қоғамдағы білім әрбір тұлғаның адамдық сапалық қасиеттерін толық жүзеге асыруға көмекші рөл атқармақ, басқаша болуы мүмкін емес [2]», - деп түйіндейді. Осы жүйеде педагогикалық үрдістің дамытушылық бағытын жүзеге асыру оқытушының студентті дамытудың құралы ретіндегі пәнді оқыту тұжырымдамасының талдамасын әзірлемей жүргізуі мүмкін еместігін баса ескеруі қажет, сондықтан да қазіргі педагогикалық іс- әрекетте оқытудың тұжырымдамасын әзірлеу аса маңызды әрі өте қажетті талаптар сапында. Екіншіден, аудиторияны модельдеу қағидаcы оқыту мен тәрбиеге тұлғалық және жеке бағдарлы бағытты қамтамасыз етеді. Мұның мәні студенттердің ілгеріде саналы да сауатты өзіндік кәсіптік кәсіби өрлеуін жасауы, өз жаратылысын тануы, социумнан өз орнын табуына жәрдемдесер жалпы мәдени және танымдық қызығушылықтары мен қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін психологиялық және әдістемелік тұрғыда көмек көрсетуіне негізделеді. Сондай-ақ, аталған көмек түрі студенттердің қажетті ақпаратты тиімді меңгеруін қамтамасыз етумен айқындалады. Айтылғандардың бәрі шынайы да нақтылы жүзеге асуы үшін, ең бастысы – студентті тұтастықта меңгерудің, түсіне білудің қажеттілігі айқын. Бұған, практика нәтижесі көрсеткендей, аудиторияны модельдеу қағидаcы мейлінше құзіреттілікті тұрғыда мүмкіндік береді. Үшіншіден, стратегиялық тұрғыда болжам жасау қағидаcы педагогикалық үдерістің проблемалық сипатын айқындайды. Ол проблемалық сабақтың үш түрі арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Біріншіден, проблемалық-зерттеушілік, бұның ерекше басты белгісі – студенттердің қажетті іс-әрекеттердің бәрін де өз беттерімен орындауы (проблеманың ашылуы, оның қалыптасуы, шешім нұсқаларын іздеуі, тиімді шешім нұсқаларын жүйелеуі). Екіншіден, проблемалы- ізденістік, басты ерекшелігі сол – оқытушы студенттерге проблеманы ұсынады, өзі қалыптастырады, ал студенттер шешу жолдарын және тиімді жүйелеу нұсқаларын іздейді. Үшіншіден, проблемалы-жинақтаушылық, мұның мәні мынада: оқытушы проблеманы табады, оны қалыптастырады, шешудің бірнеше нұсқалы жолдарын ұсынады, ал студенттер қорытындылайды, тиімді нұсқаны туындатады. Демек, оқытудың проблемалық әдісі оқытушы мен студент қатынасын түбірімен өзгертеді, бұнда – оқытушы мен студент оқу проблемаларын бірлесіп іздеу жолында ынтымақтаса жұмыс жасайды. Оқытушы – ізденісті ұйымдастырушы, студент – оның белсенді көмекшісі, яғни, бұл жағдайда оқытушының міндеті – өз шәкірттерінің интеллектальды- эмоциональды құлшынысын туғызу және үнемі қолдап отыру. Студент міндеті – белгілі бір шешімге өзі қол жеткізуге ұмтылу. Оқытудың проблемалық әдісі авторитарлық-иерархиялық байланыс нәтижесі ретіндегі оқытушы мен студенттің арасындағы бос мағынасыз кеңістікті тазартады. Проблемалық әдіс студенттен белгілі бір жеке ұмтылысты, күш-жігерді талап етеді, ол оқылып жатқан пәннің мағыналық тұсына үңіле ойланудан туындайды, яғни, бұл ретте пән атаулы адам мен шындықты бөле-жармай адами шындықты аңғартады. Қысқасы, таным пәні мен таным субъектісі жалпы мәдениеттанушылық кеңістіктегі бірлікте көрінеді. Ендеше, стратегиялық тұрғыда болжам жасау қағидасы проблемалық сабақтардың құрылымына мейлінше тиімді технологияны ұсынады, ал бұл риториканы қазіргі білім беру саласындағы маңызды құрылым ретінде қарауға әкеледі. Төртіншіден, тактикалық тұрғыдағы үйлесім қағидасы аудиторияға әсер етудің тиімді құралдарын (өзара түсіну, ынтымақтаса қимылдауға бейімдейтін аргументация мен педагогика) қолдануды қамтамасыз етеді, яғни, риторикалық мәдениет аспектісінде құрылған сабақ барысында оқытушы сендіруге, иландыруға, дәлелдеуге, әсерлендіруге тиіс, бірақ оған студентін зорлауға, мәжбүрлеуге болмайды. Тактикалық тұрғыдағы үйлесім қағидасы педагогикалық стратегияны мәжбүрлеу педагогикасынан диалог, 9