БҚМУ Хабаршы №1-2019ж.
қарым-қатынас, түсінісу, ынтымақтастық педагогикасына өзгертуге бейімділікті
аңғартады. Бесіншіден, сөздік шығармашылық қағидасы оқытушының қандай
пәнді (гуманитарлық немесе гуманитарлық емес) оқытарлығына байланыссыз
сөйлеу сапасына қатысты жүйелі жұмыстарды қамтиды. Сабақ барысында
тактикалық тұрғыдағы үйлесім және сөздік шығармашылық қағидаларын
қолдану кейін жалғандыққа, екіжүзділікке ұласар бағынушылықты,
тыңдаушылықты және жалған қорқыныш тудырарлықтай агрессиялы сөйлеу
тонын жоюға белсенді тұрғыда септеседі. Алтыншыдан, қарым-қатынас
қағидасы сабақ құрылымының диалогтық негізін қамтамасыз етеді. Яғни, бірден-
бір субъект-субъектілік байланысы туындайтын және жүзеге асырылатын, әркім
өз пікірін айтуға құқылы және әрқайсысы тыңдалатындай, бірде-бір көзқарас
жоққа шығарылмайтындай, кез келген пікірдегі бағалы тұс ескерілетіндей
бірлескен ойласу, шығармашылық ауаны (атмосфера) күйіндегі шынайы өзара
түсіністік жағдайын туындататын қарым-қатынас сабағы. Диалог-сабақ – бұл
сенім мен жақсылық тілеу ауаны жайылған, оқылғанды жаттанды қайталауға,
дәлірек айтсақ, жаттанды ақпаратқа орын берілмеген, диалогқа қатысушылардың
ойталқысы үдерісінде туындаған жанды ой-түйін сайран салған сабақ. Қарым-
қатынас қағидасы оқытушыға диалог формасын оқытушы мен студенттің
күнделікті амалы ретіндегі сабақ атаулының басқа емес, күнделікті оқиға
болғандықтан да сабақтың жүргізілу құралы тұрғысында тануға жетелейді.
Жетіншіден, жүйелік-аналитикалық қағидасы міндетті түрде рефлексияны
қолдануды қамтамасыз етеді. Осының негізінде оқытушы студенттерімен
бірлескен қалыпта дәл осы мезетте, кейінге қалдырмастан сабақ сапасын
бағдарлайды (Осы сабақ неге керек, ол несімен тиімді, сабақ барысында неге қол
жеткізілді, неге қол жеткізілмеді, қандай жолмен сабақты жетілдіруге болады?
т.б.). Риториканың аталмыш қағидасы сабақты оқытушы мен студенттердің
бірлескен өзара ойласу, ұйымдасу үрдісіне айналдырады, яғни, сабақ оған
қатысушылардың ортақ мағыналы іс-әрекеті тұрғысында танылады. Тиісінше,
көпшілік жағдайдағы, біздің түсінігімізше, сабақ үстіндегі іс-әрекеттер тек жалқы
оқытушылар үшін ғана емес, жалпы студенттер үшін де қажетті құндылықтар сапына
енбек. Рефлексия көмегіне жүгінген сабақтар оқытушы мен студенттердің бірлескен
үлгідегі шығармашылығы тұрғысында қалыптасады. Сондай-ақ, рефлексия өткізілген
сабақты алдыңғы кезекте өтілген сабақтардан бөлектей отырып, бұрынғы меңгерілген,
анықталған мағыналы түйіндерді толықтыра түсу көзқарасы тұрғысында оқу үрдісін
жүйелеуге жәрдемдеседі [2; 3; 9].
Жинақтай айтсақ, риториканың әрбір қағидасы сабақ барысында нақтылы
көрініс табар болса, сабақ атаулы жандырақ өтпек, шәкірт атаулыда белсенділік,
құлшыныс еселеп артпақ, ал бұл іспетті сабақтар оның пәндік мазмұнының
қандай болуына қарамастан (тілдік, математикалық, химиялық, әдебиеттік, т.с.с.)
риторикалық сабақтар есептелмек. Ал риторикалық технология негізінде
құрылған сандаған сабақтарға қатысып, талдай келе, риторикалық сабақтарға
төмендегідей сипаттар тән деуге болар еді: зерттеушілік сабақ; дамыту сабағы;
бағалау-бағдарлау сабағы, т.б. Демек, сабақтарды риторикалық негізде құру
дегеніміз – білім берудің іс-әрекет үстіндегі негізділігі әрі күрделілігі
(фундаментализациясы),
адамға
тән
ізгілігі
(гуманизациясы
және
гуманитаризациясы) деп мейлінше сенімді түрде түйіндеуге болады. Бұл оқу
үдерісіндегі риторикалық технологияның кәсіби мәдениет контекстіндегі
оқытушы-педагогтың риторикалық тұлғасын қалыптастырудағы ұтымды саты
екенін айқындайды.
10