БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ ЗКГУ. Вестник, 1-2019 | Page 7

БҚМУ Хабаршы №1-2019ж. мұғалімді сабақтың негізгі мәселесінен ауытқытып әкетуге тырысушы, мейлінше өзімшіл оқушымен пікірталастыруда қалай жеңіске жетуге не оның көзін жеткізе басым түсуге болар еді? Оқушының бұрын қажет емес деп білгісі де келмеген мәселесіне оның ынтазарын қалай оятуға, сұранысын қалай туғызуға болады? Оқытушы-педагог кәсіби тәжірибе жинақтау барысында мейлінше тез ойланып, орынды айтылған бір ауыз сөздің белгілі бір күрделі жағдаяттан шығуға септесер сәтіне тап болары сөзсіз. Ал үздіксіз даму үстіндегі, сондай-ақ толқымалы қалыптағы оқушылар құрбылары алдындағы социометрикалық статусын көтеру үшін мұғалімдерімен сөзге келіп қалу, тілдік қағысуларға баруға бірден-бір ыңғайлы болып келеді. Осындай жағдайда педагогикалық риториканың амал-тәсілдері мен заңдылықтарын жан-жақты білген мұғалім көзі ештеңені көрместей, құлағы ештеңені естіместей, сөз ұқпастай ыңғайдағы еш нәрсемен келіспестей оппоненттері тарапынан өзін қолдайтын нағыз пікірлестерді көре алады. Ал кімде-кім педагогикалық риторика ілімі туралы хабардар болмаса, оның заңдылықтарынан, қағидаларынан бейхабар болса, онда мұғалімге үнемі “Оқушылар тарапынан жоспарланған шабуыл қашан болуы мүмкін?” “Жалпы бұндай болуы мүмкін бе?” деген іспетті сауалдарға ойлануға тура келеді. Сабақ үрдісіндегі бұндай сауалдардың мұғалім ойына келуі бір жағынан қызғылықты секілді көрінгенімен, екінші тұрғыдан қате. Сондай-ақ осы бағыттас ойлар сабақ барысының қалыпты өтуін қиындатып, мұғалім мен оқушы арасындағы толыққанды дәрежедегі қарым-қатынастың орнауына кедергі келтіреді. Тіпті мұндай жағдаятта өзара шығармашылық тұрғыдағы қарым- қатынас туралы ойлау да мүмкін емес. Дидактикалық риторика (мектеп риторикасы) риторикалық ойлау кезеңімен бір тұтастықта пайда болған. Сократ, Платон, Аристотельдердің өздері оқыту үрдісін диалог тұрғысында, тіпті жиірек талас тұрғысында жүргізген. Онда өзара пікіралмасу үдерісі шешендік іс-әрекет күйінде ұйымдастырылған. Бұнда әрбір реплика ойлау үрдісінің бірден-бір белгісін қамтыды, сондай-ақ бұл бір мезгілде әрбір дидарласушының нақтылы өзіндік көзқарасы танылуына бағытталды. Орта ғасырлық академиялық шешендік – риториканың осы кезеңдегі маңызды аспектісі. Ал риториканың өзі сол кезеңдегі барлық университеттерде оқылатын бірден-бір ғылыми пән болды. Оның басты өзегі – адамның өзін сөзі арқылы танытуы. Сәйкесінше орта ғасырлық ғалымдар да адамның осы тұрғыда өзіндік дамуының қалыптасуына, өзін-өзі танытуға баулыды. Демек, зерттеушілерге сүйенсек, антикалық дәуірде-ақ риториканың өзі бірегей “философия” ретінде танылды, ал орта ғасырлық дәуірде бұл зат атаулының мәні ғана емес, сөз мәнін ұғушы адамның қоршаған әлемді бейнелеуі болып танылады. “Сөз мағынасының тұңғиығына терең бойлай білгейсіз, сонда сіз адасудан мына жарық дүниені жартылай құтқарасыз”, - деп сипаттайды Р.Декарт. Демек, дидактикалық риториканың дамуының әр түрлі кезеңдерінде сөз мағынасын анықтауға және оның ойды білдіруге әрі жүзеге асыруға ешбір кедергі болмауы, қайта, керісінше, оның дәл жеткізілуіне, ұсынылуына бірден-бір себепкер болуына баса мән беріледі. Сөз – қоршаған әлемге қаратылған терезе, қоршаған ортаға бізді танытушы. Бірақ, бұл терезенің бізге таныс әрі жақын не бейтаныс та сырт кеңістікті бөле-жара танытуға жасар қызметін ескермей жатамыз. Сондай- ақ, тілдік қарым-қатынасқа қатысушыларды айырып көрсетерліктей, сөз айқындылығы, мағыналық анықтығы мезетте-ақ құбылып отыруы әбден заңды. Олар бір қарағанда бір-біріне түсінікті де қарапайым көрінетін ортақ мәселе туралы айтып отырғанмен, олардың әрқайсысы “өзіндік тілмен” көрініс бермек. Педагогикалық риторика – оқушылармен арадағы өзара түсініктіктің жоқтығына жиірек өкініш білдіретін педагогтарға бірден-бір аса қажетті өз ойын мейлінше 6