БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ ЗКГУ. Вестник, 1-2019 | Page 6

БҚМУ Хабаршы №1-2019ж. монологтік сөз сөйлеуге мүмкіндік туғызады. Кез келген педагогикалық тұрғыда әсер етудің сәттілігі мұғалімнің сөз сөйлеу үстінде өзін-өзі танытуы арқылы көрінбек. Мұғалім сөйлеген сөзі арқылы оқытады, тәрбиелейді, өзіндік көзқарасына иландыра жұмылдырады, пікіралмасады, оқушылардың санасында мейлінше тереңірек сыналап ене түсер әсері жоғары образдарды тудырады. Риторика – көркемдік тұрғыда әсер ету амалдарының жүйесіне орай айтсақ, жоғары эстетикалық тұрғыда әсер ету арқылы ауызша сөйлеу туралы ғылым. Егер де педагог өз ойын жай айтып қана қоя салуға ұмтылмай, дидарласушы оқушысына белгілі бір межелі әсерді дарыту, алғы ортақ іске жұмылдыруға ұмтылдыру бағытын ұстанатын болса, онда педагогтың алғашқы сөзінен бастап осындай ұшқынды көруге тиіспіз. Яғни, осы іспетті межеленген алғы мақсатқа нақты қол жеткізу үшін, сөйленер сөз атаулыны тура мағынасында жоспарлы түрде алдын-ала даярлау керек. Тап осы тұста риторика қағидалары көмекке келіп, сөйленер сөзді лайықты тұрғыда әзірлеуге септеседі. Педагогикалық шешендіктану оқу үдерісі сәтінде туындап отыратын сандаған сауалдарға (“Неге?” “Неліктен?” “Не себепті?”) жауап береді. Ал осы тұста болашақ педагог мамандарға ұсынылатын кеңестер де бір шоғыр. Мәселен, жан-жақты білімді, өз ісін жан тәнімен сүйетін мұғалім неге көпшілік жағдайда оқушысына түсініксіз, яғни, шәкірттерімен тіл табыса алмай жатуы. Ал оның өткізген сабақтары мереке іспетті болудың орнына неге шыдамдылыққа жасалған ауыр экспериментке ұқсас болуы; әр түрлі аудиторияларда мұғалімнің айтқан сөзіне неге мүлдем қарсы реакция туындап жатады? Айтылған сөзге сәйкесті жоспарлы нақты істі қалай туындатуға болады? Мұғалімнің үнемі ойлағанындай болуы үшін не істеуіміз керек? Сабақ басында қатты толқып, толғаныста болған мұғалім оқушыларының қолдауына неге ие болмайды? Тіпті кей жағдайда оқушылардың мысқылдай, мазақтай қараған көзқарастарына, ал кейде сабақ өткізуге кедергі келтіруге дейін де барады? Педагог оқушыларға қызғылықты мәліметтерді ұсына отырып, неге кенеттен ара-тұра сыныпқа қарата жекуге мәжбүр? Бұндай жағдаят болмауы үшін не істеу қажет? “Қанағаттанарлықсыз” баға алған оқушыны жұбатамын деп жүріп, мұғалім белгілі бір көзделген нәтижеге неліктен қол жеткізе алмайды? Сондай-ақ мұғалім алдынан сабақ үстіндегі жағдаят ерекшелігінен туындап жататын әр қилы сауалдар да (“қалай?”) шығып отырады. Мәселен, сабақ үстінде, егер де сынып оқушылары уақыттың тез өтуін ғана ойлап отырар болса, сынып назарын белгілі бір маңызды мәселеге бұра қалай жинақтауға болатындығы; сыныптағы қай оқушымен көбірек пікір қайшылығы туындап қалудың ыңғайы барын қалай анықтауға болады? Яғни, оқушылардың арасындағы сынып көңіл-күйін бұзып отыруға, ортақ мәселеден басқа жаққа тартуға бейім тұратын, тілдік қарым-қатынас жасауға қиындық келтіретін, тіпті мүмкіндік болғызбайтын оқушылармен қалай тіл табысуға болады? Кейде мұғалімнің өзі де байқамай қалатын тұстың бірі – қарапайым ғана фраза арқылы оқушыларды ойлантуға, айтылғанға құлақ қоюға, шығармашылықпен ой түйіндеуге ұмтылдыруы. Осы бағыттас фразалардың сыры неде? Ең керекті тіркестерді қалай екшеп алуға болады? Оқушыларға бірден-бір тиімдірек әсер ететін сөздерді іріктеудің жолын қалай білуге болады? Құр дидактикалық ақыл айту мен ескерту жасаудан қалай құтылуға болады? Әр түрлі сынып ерекшелігіне сәйкесті қажетті “кілтті” қалай іріктеуге, табуға болар еді? Оқушыны күлкілі нәрсеге күлуге, қызықты тұсқа қуануға, бұлжымас қағидаларды орнымен қабылдауға қалай ыңғайлауға болады? Мұғалімнің сөзі оқушылар үшін ғана айтылып жатқанына әрбіреуінің көзін қалай жеткіземіз? “Ең қысқа сөз – мағыналы көзқарас” дегендей, бір ауыз сөз шығармай-ақ шулы сыныпты тәртіпке қалай шақыруға болады? Өзіңнің және шәкірттеріңнің дикциялық ақаулықтарыңды қалай жоюға болады? Қойылған бағаға келіспейтін әрі 5