БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ ЗКГУ. Вестник, 1-2019 | Page 5

БҚМУ Хабаршы №1-2019ж. фобиясынан ажырата отырып, өзіндік көзқарас-пікірің болу керектігі іспетті үрейден ада ететін, сөз сөйлеу қадамындағы батылдығын, өзін таныта түсу мәдениетіне белсендіре құлшындыра ұмтылдыратын демократиялық стилі септеседі [1; 2; 3]. Тұлға қарым-қатынаста шыңдалады десек, тұлғалылық, яғни, дидарласушысын тыңдай білу, сөйлесе білу білігі қарым-қатынаста қалыптасады. Тұлға үлгісінен тұлға туындайды, сондықтан оқытушы-педагог төңірек аудиториясы құрметтей сыйлайтын, мәдениетті, зиялы, ибалы тұлға ретінде қалыптасу үстіндегі студентке тиімді қарым-қатынас ырғағын жұғысты етер өзіндік өнеге беруші, тағылым таратушы болуы тиіс. Демек, бұл бағытта сөйлер сөзін өзіндік кәсіби іс-әрекетін ұйымдастыру мен басқару құралы ретінде меңгерген педагог-ритор тұлғасын қалыптастыру мәселесіне айрықша мән берілуі тиіс (В.А. Аннушкин, А.К. Михальская, А.А. Мурашов, А.С. Қыдыршаев, М.Қ. Әжіғалиев). Әсіресе, бұл риториканы (шешендіктану) сендіре тиімді сөйлеу ілімі ретінде ғана емес, сөйлеу мәдениетінің, шешендік шеберлік өнерінің биігіне қол жеткізуді игеруші болашақ педагог тіл мамандарын даярлауға қатысты аса өзекті. Бұл ретте аталмыш курс студенттерді семинарларда сөйлеуге, әр түрлі конференциялардың жұмысына қатысуға, университетішілік, мектепішілік газет-журналдарды әзірлеп шығаруға, мектептегі педагогикалық практикадан өтуге және ілгерідегі мектеп оқушыларымен жұмысқа даярлаудағы ғылыми-тәжірибелік бағытымен аса маңызды. Бұның бәрі өзіңді ритор маман ретінде танытуға бейімдейді. Ал бұған күні кешегі мектеп оқушылары көбіне-көп даяр емес. Ендеше, ертеңгі маман тұлғасындағы бүгінгі студенттер бойында болуға тиісті аса қажетті білік-дағыларды қалыптастыруға бағытталған бірқатар міндеттер туындайды. Олар: - сөйлеушінің сөйлеген сөзін талдай білу; - өз сөзіңді әзірлеуде риториканың классикалық қағидаларын қолдана білуге дағдылану; - шаршы топ алды сөз сөйлеуге даярлану; - өз курстастарының алдында оқу пәніне орайлас сөз сөйлеу тәжірибесінен өту. «Педагогикалық риторика» (бакалавриат, III курс) курсында оқытушы мен оқушы арасындағы педагогикалық қарым-қатынас пен этикаға баса мән беріледі. Біздіңше, бұл реттегі аса маңызды тұстар мыналар: Өзін мұғалім рөлінде сезіне отырып, мектепте өткізілетін активті, пассивті педагогикалық практикаға алдын-ала даярлану; сыныпта достық пейілдегі комфортты жағдаят туғызу білігін меңгеру; өзінің педагогикалық іс-әрекетінде оқушылардың психологиялық және жас ерекшеліктерін есепке ала отырып, оқытуды жекелік-бағдарлық вариативті жағдайды негізге ала ұйымдастыру [2; 3; 4; 5]. Қазіргі кезеңде оқытушы-педагогтың, сонымен қатар мектеп мұғалімдерінің педагогикалық риторикаға қызығушылығы күн санап арта түсуде. Эксперимент нәтижелеріне, зерттеу еңбектеріне сүйене сан тарау тұжырымдар жасауға болар еді. Бұл ретте педагогикалық шешендіктану ілімі әрбір педагогке өз сөзін дәл де нақты, логикалық тұрғыда иланымды ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Ал оқушылар тарапынан пікірлестер табуға, сабақтарды шығармашылық тұрғыда үйлестіре, дәстүрлі сабақтардағыдай емес, қызғылықты да тартымды өткізуге, ұсынылар ақпараттарды бұрынғыдан бірнеше есе мол беруге септеседі. Педагогикалық риторика мұғалімге өзара пікірлесу, сөйлесу мүмкін еместей көрінетін ең ауыр сыныптармен қарым-қатынас жасауға, сондай-ақ мұғалім не оқушы тарапынан өзара тіл табысуға еш құлқы, ұмтылысы, мүмкіндігі жоқтай, тіпті қарым-қабілеті таяздау көрінетін алынбас қамал сияқты орталарда 4