БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ ЗКГУ. Вестник, 1-2019 | Page 4

БҚМУ Хабаршы №1-2019ж. ПЕДАГОГИКА / PEDAGOGICS ӘОЖ 82.09:821.512.122 Қыдыршаев А.С. – педагогика ғылымдарының докторы, профессор, М.Өтемісов атындағы БҚМУ Ғазез Н.Н. – М.Өтемісов атындағы БҚМУ магистранты Е-mail: [email protected] ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫ ОҚЫТУШЫ-ПЕДАГОГЫНЫҢ РИТОРИКАЛЫҚ ТҰЛҒАСЫ Аңдатпа. Мақалада кәсіби мәдениет контекстіндегі оқытушы- педагогтың риторикалық мәдениетінің аспектілері таразыланады. Оқытушы- педагогтың риторикалық тұлға ретінде қалыптасуына қажетті білік- дағдыларды меңгерту міндеттері екшеледі. Нәтижеде риторикалық тұлға моделіндегі оқытушы-педагогтың риторика қағидаттарына негізделген педагогикалық іс-әрекетіне сәйкесті қағидалар жүйесі беріледі. Тірек сөздер: риторикалық мәдениет, риторикалық тұлға, шешендіктану, педагог-ритор, риторикалық біліктілік. ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Білім беру ісінде креативтілікті, сыни ойлауды, коммуникативтілікті дамытуға және командада жұмыс істей білуге басты назар аударылуда. Бұл салада біліктілік талаптарын, оқыту әдісі жүйесін қайта қарау қажет», - дей келе: «Педагог мәртебесі туралы» заңды әзірлеп, қабылдау қажет. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы жаппай қолдауға ие болып, қоғамдағы жаңғыру үрдістеріне зор серпін берді. Бұл бастаманы әрі қарай жалғастырып қана қоймай, оның аясын жаңа мазмұнмен және бағыттармен толықтыру қажет [1]», - деп түйіндейді. Осы тұрғыдан ой таразыласақ, бүгінгі таңдағы педагогикалық білім беру тұжырымдамасы оқытушының кәсіби, ең алдымен, достық пейілдегі тиімді қарым-қатынасқа негізделген риторикалық мәдениетін арттыруды көздейді. Оқытушының кәсіби риторикалық мәдениеті – шынайы шындыққа, студент тұлғасының гармониялық тұрғыда қалыпты дамуына қол жеткізуге бағытталған эмоциональды-сезімталдық кейіптегі ойлана шебер сөйлеу әрекеті үстіндегі адамгершілік-эстетикалық және интеллектуалды қалпы (профессиограммасы). Оқытушының кәсіби риторикалық мәдениеті оның сыртқы кейпінде де, тиісінше сөйлеу әрекеті үстінде де вербальды не бейвербальды қалпымен айқындалады. Көбінесе оқушылар не нәрсені де қалайша ұсынуына қарай өзгеріссіз қабылдайды. Ал оқытушы риторикалық тұлға, педагог-ритор ретінде бірден-бір аудиторияға әсер етуші және аудиторияаралық байланыс орнатушы болмысында бір мезгілде өз сөзімен, өзіндік адами әдетімен, сөз сөйлеу мәнерімен, сөз мазмұнымен, оқытып жатқан оқу пәнінің көмегімен студент тұлғаны бірлескен түйіндер жасауға әзірлейді, негізгі басты нысанды терең ұғынуға, түсіністікке ыңғайлайды, нәтижеде оқыта отырып тәрбиелейді, өмірге бейімдейді. Бұған педагогикалық диалогтың субьект-субьектілік қатынасты сақтаушы қалыптасу үстіндегі студентті қатып қалған қарым-қатынас 3