БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ ЗКГУ. Вестник, 1-2019 | Page 60

БҚМУ Хабаршы №1-2019ж. болатын ықтимал фазалық жылжуды, реактивті элементтердің бар болуына байланысты ескеруді қажет етеді [3]. КБ күшейткіштері жиіліктік жұмыстық белдеуінде яғни, паразиттік КБ- тың әсері елеусіз және ескерілмейтін жағдайда жұмыс істейді. Бұл жағдайда жиіліктік беріліс коэффициентінің орнына ( ) кернеу бойынша күшейту коэффициенті қолданылады. Бұл параметр, КБ тұзақтың β( ) беріліс коэффициенті сияқты, және β нақты мәндерімен сипатталады. Сол сияқты күшейткіштің жиіліктік жұмыстық белдеуінде токтар мен кернеулер де нақты сандар болып табылады. КБ сигналын алу әдісіне байланысты, егер кері байланыс сигналы шығыс кернеуіне пропорционал болса, кернеудегі кері байланыс және кері байланыс сигналының шығу тогына пропорционалды болса, ток бойынша кері байланыс деп, ажыратылады. Ал, егер кері байланыс сигналы шығыс тізбегінің кернеуі мен тогына пропорционал болса, онда аралас кері байланыс деп аталады. Күшейткіштің кіріс тізбегіне КБ сигналын енгізу әдісіне байланысты, егер күшейтілетін сигнал көзімен КБ тізбегін тізбектей қосса, тізбекті кері байланыс, ал, егер күшейткішке КБ тізбегі параллель жалғанса параллель кері байланыс деп бөлінеді. Сонымен қатар тізбекті де, параллель де кері байланысқа негізделген аралас кері байланыс та қолданылады. Кері байланыс күшейткішінің күшейту коэффициенті: кб = шығыс / кіріс Күшейткіштің кірісіндегі кернеу келесідей анықталсын: = кіріс + кб . (1) (1) формуланың екі бөлігін шығыс -не бөліп, бұл өрнекті енгізілген коэффициенттер бойынша жазамыз: = + β (2) кб (2) өрнек көмегімен КБ күшейткіштің күшейту коэффициентін табамыз (3) кб = β β = кб / параметрі кері байланыс факторын анықтайды, немесе кері байланыстың ажыратылған сақинасының күшейту коэффициенті. (3) формуладан 0< β <1 мәндерінде КБ күшейткішінің күшейту коэффициенті күшейткіштің өзіндік күшейту коэффициентінен үлкен болады. Бұл оң кері байланысқа (ОКБ) сәйкес келеді, яғни кері байланыстың кернеуі кб күшейткіштің кірісіне кіріс фазасында (бірдей фазада) түседі, нәтижесінде = кіріс + кб . β = 1 мәні күшейткіштің өздігінен қозу шартын сипаттайды, кіріс сигналы жиілігінен тәуелсіз кең ауқымды жиілікті электр тербелістерінің автогенераторына түрлендіріледі. Ал, егер КБ кернеуі сигнал көзінің ЭҚК-мен қарама-қарсы фазада болса, (1) формула = кіріс − кб жазылады. Бұл жағдайда кб = β (4) болады, сонда күшейткіштің күшейту коэффициенті КБ енгізгенде 1 + β есе азаяды. Мұндай күшейткіштегі кері байланыс теріс кері байланыс (ТКБ) деп аталады. Арнайы енгізілген теріс кері байланыс (ТКБ) күшейткіштің кіріс кедергісіне айтарлықтай әсер етеді кіріс = / кіріс . Кернеу бойынша тізбекті теріс кері байланыстың кіріс = + кб болғандағы күшейткіштің параметрлерін талдаймыз. Осы теңдеудің мүшелерін кіріс бөлу арқылы ТКБ күшейткішінің кіріс кедергісін анықтаймыз: кіріс = + кб = кіріс 1 + кб = кіріс (1 + β) (5) кіріс,кб = кіріс кіріс кіріс 59