БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ ЗКГУ. Вестник, 1-2019 | Page 59

БҚМУ Хабаршы №1-2019ж. Тірек сөздер: Electronic Workbench, зертханалық радиоэлектроника, операциялық күшейткіштер, электрлік сұлба. жұмыс, Бүгінгі күнде компьютерлік техниканың қарқынды дамуына байланысты дербес компьютерлерді виртуалды зертханалар ретінде пайдалануға мүмкіндіктер туды. Қазірде көптеген мамандандырылған компьютерлік модельдеу бағдарламалары жетілдірілуде. Осындай бағдарламалардың бірі – Electronic Workbench бағдарламасы, графикалық интерфейс көмегімен монитор экранында электронды тізбектерді құрастыруға және оларды жан-жақты талдауға сонымен қатар құрал-жабдықтардың кең жиынтығы әртүрлі шамаларды өлшеуге, кіріс әсерлерін орнатуға және графиктерді тұрғызуға мүмкіндіктер береді [1]. Кез-келген радиоэлектрондық құрылғының жетілдірілуі физикалық немесе математикалық модельдеумен қатар жүреді. Физикалық модельдеу үлкен материалдық шығындармен байланысты, өйткені ол макеттер дайындауды және оларды зерттеуде көп еңбектенуді қажет етеді. Көбінесе құрылғылар өте күрделі болғандықтан, мысалы ірі және аса үлкен интегралды сұлбаларды жасау кезінде физикалық модельдеудің мүмкіндіктері бола бермейді. Бұл жағдайда олар компьютерлік техника мен әдістерін қолдана отырып, математикалық модельдеуге жүгінеді. Соған байланысты - Electronic Workbench сұлбатехникалық моделдеу жүйесі электр тізбектерін моделдеу мен талдауға арналған. Біздің зерттеу жұмысымызда Electronic Workbench бағдарламасын қолданып, ЖОО-на арналған радиоэлектроника пәнінен «Операциялық күшейткіштердің құрылымдық сұлбаларын зерттеу» зертханалық жұмысы моделденеді [2]. Жұмыстың мақсаты: 1. Операциялық күшейткіштегі терістеуші сұлбаның моделін құру; 2. Операциялық күшейткіштегі терістеуші емес сұлбаның моделін құру; 3. Терістеуші емес операциялық күшейткіштегі кернеуді қосындылағыш сұлбасының моделін құру; 4. Операциялық күшейткіште дифференциалды тізбектің моделін құру; 5. Операциялық күшейткіште интегралдау тізбегінің моделін құрастыру, 6. Моделденген тізбектің жұмысын талдау және әрбір тізбектің шығыс сигналының түрі мен параметрлері туралы қорытынды жасау. Қолданылатын құрал–жабдықтар: Электр сұлбаларын моделдеуші Electronic Workbench 5.12. пакеті. Теориялық кіріспе. Кері байланыс (КБ) - бұл күшейткіштің кірісіне шығыс сигналының бір бөлігін беру процесі. Күшейткіштерде әрқашан да ішкі паразиттік (зиянды) кері байланыс бар болады, олар күшейткіштердің элеметтерінде өтетін физикалық процесстердің идеал болмауының салдарына негізделген. Сыртқы реактивті элементтер - сыйымдылық және индуктивтілік күшейткіштерде паразиттік кері байланыстың пайда болуына ықпал етеді. Сыртқы және ішкі паразиттік кері байланыс күшейткіштің түрлі параметрлерін және жұмыс тәртібінің бұзылуына әкеледі. Алайда, көбінесе арнайы енгізілген кері байланыстың көмегімен күшейткіштің параметрлерін және сипаттамаларын айтарлықтай жақсартуға болады. ( )= Кері байланысты құрылғының құрылымдық сұлбасы (ϳ ) жиіліктік беру коэффициентімен күшейткіш және β( ) = β(ϳ ) беріліс коэффициенті бар кері байланыс тізбегін (тұзақ, сақина) қамтиды. Жалпы алғанда, ( ), β( ) және U кіріс , U шығыс кернеулері және кері байланыстың U кб кернеулері – комплексті шамалар, бұл күшейткіште және КБ тізбегінде пайда 58