БҚМУ Хабаршы №1-2019ж.
Осыған ұқсас, шығыс кедергісін көрсетуге болады:
шығыс,кб
=
∆ кіріс,кб
∆ кіріс,кб
= (
кіріс
β)
(6)
(5) және (6) формулалардан кернеу бойынша тізбекті теріс кері байланыс
күшейткішінде каскадтың кіріс кедергісі 1 + β есе артады және сонша есе оның
шығу кедергісі азаяды.
Операциялық күшейткіштер. Күшейту коэффициенті жоғары (10 6 -10 7 ),
кіріс кедергісі жоғары (жүздеген МОм), шығыс кедергісі аз (бірлік Ом), жоғары
сапалы сызықтық кернеу күшейткіші операциялық күшейткіш (OК) деп аталады.
ОК- ң кіріс каскады ретінде дифференциалды күшейткіш, ал шығыс каскады
ретінде эмитерлік қайталағыш қолданылады.
Дифференциалды күшейткіш сияқты, шығысқа қатысты, ОК-ң бір кірісі
терістеуші емес Т е , ал екіншісі Т терістеуші. ОК-ң қоректендіру екі бірдей
қарсы полярлы + п , − п көздермен қамтамасыз етіледі. Мұндай қоректендіруде
кіріс және шығыс сигналдары екі полярлы болуы мүмкін, ал нөлдік кіріс
сигналдарына нөлдік шығу сигналы сәйкес келеді. ОК-ң шығыс сигналы
дифференциалды
кіріс
сигналының
-
= Т е − Т айырмасына
пропорционалды.
ОК-тің меншікті К 0 кернеу бойынша күшейту коэффициенті шығыс
кернеуінің дифференциалды кіріс кернеуіне қатынасына тең:
К 0 = шығыс /
(7)
ОК үшін беріліс сипаттамалары өте маңызды. Егер күшейтілетін сигнал
терістеуші емес (инвертирленбеген) кіріске берілсе және терістеуші кіріс
жерлестірілсе, онда шығыс кернеуінің белгісі кіріс кернеуінің белгісімен сәйкес
келеді. Терістеуші кіріс пен терістеуші емес жерлестіруге сигнал берілгенде
шығыс кернеуінің белгісі кіріс белгісіне қарсы болады. Беріліс
сипаттамаларының сызықты бөліктерінің көлбеу бұрышы кернеу бойынша К 0
күшейту коэффициентіне пропорционал болады. Беріліс сипаттамаларының
көлденең бөліктері ОК-ң соңғы транзисторларының қанығу режиміне сәйкес
келеді, сондықтан шығыс кернеуі
± шығыс = т ± ≈± б (8)
Интегралды
күшейту
техникасы
теориясында
операциялық
күшейткіштердегі сұлбаларды талдауды және есептеуді жеңілдету мақсатында
«идеал» ОК ұғымы енгізіледі, олар үшін келесі жорамалдар жасалады: күшейту
коэффициенті К 0 = ∞ шексіз үлкен және кіріс кедергісі R кіріс = ∞, нөлдік шығу
кедергісі R кіріс, 0 = 0.
Осы жорамалдардан ОК-тің екі негізгі қасиеті (талдау ережелері) шығады:
1. Дифференциалдық кіріс сигналы нөлге тең
= шығыс = шығыс = 0 (9)
∞
2. OК кірістері кіріс сигналының көздерінен ток пайдаланбайды
= кіріс = кіріс
=0
(10)
∞
Жоғарыда келтірілген идеал ОК ұғымы оның терістеуші және терістеуші
емес кірістерінің «виртуалды» (айқын) тұйықталу принципіне сәйкес келеді.
Виртуалды тұйықталған кезде физикалық (қалыпты) жағдайдағыдай, қосылған
қысқыштар аралығындағы кернеу нөлге тең. Сонымен қатар физикалық
тұйықталудан айырмашылығы, іс жүзінде виртуалды тұйық қысқыштар
аралығында ток жүрмейді. Яғни, қысқыштардың виртуалды тұйықталуы ток
үшін электр тізбегін үзгенмен бірдей.
ОК-ң кірісіне берілген күшейтілген сигнал шарттарынан және оған сыртқы
элементтердің қосылуына байланысты, екі фундаменталды - терістеу және
60