БҚМУ Хабаршы №1-2019ж.
Мінез-құлықтары бойынша ІІ-ші топқа жатқызылған тоқтылар да
көрсетілген белгі бойынша біршама жақсы нәтижелер көрсетті, 6 айлықтарында
33,3%-ы жасанды қынапқа ұрық берсе, 7 айында 66,6% жетті. Осы көрсеткіштері
бойынша ең төменгі ІІІ-ші типті асау, үркек тоқтылар көрсетті: 6 айлығында -
14,3%, ал 7 айлықта - 21,4% болып шықты.
Еркек тоқтылардан алынған шәуеттердің сапасы келесі көрсеткіштер
бойынша
бағаланды:
көлемі,
концентрациясы,
сперматозоидтардың
белсенділіктері мен сандары.
І-ші топқа жатқызылған қошқарлар самақты және белсенді қимылдап
жасанды қынапқа 1 рет шәует беруге 5,2 с секіріп, толық эякулятты 1,9 с беріп,
аяқтады, ІІ-ші мінез-құлықтылар біраз жүріп және байқап барып қынапқа
секіруге 5,7 с уақыт жіберді.
ІІІ-ші типті асау, үркек тоқтылар барудың алдында жан-жаққа алақтап
секірді. Оның бір шәует беруге кеткен уақыты 7,2 с, толық беруді тез бітірді – 1,7
с. Осы көріністер шәуеттердің алу мерзімдеріне, сапасына және сақтау мен
аналықтарды ұрықтандыруларына әсерлерін тигізді. І-ші типті еркек
тоқтылардың шәуеттерінің көлемі 1,06 мл болды, яғни ол ІІ-ші – 9,27% және ІІІ-
ші типті мінез-құлықтылардан – 55,88% жоғары. Сол сияқты шәуеттердің
концентрациясы І-типтілерде 3,96 млрд/мл, ал ол өз кезегінде ІІ-шіден – 3,12%
және ІІІ-ші типтерден – 13,46% жоғары болып тұр.
Қолдан ұрықтандыруда бір қойды ұрықтандыратын сперматозоидтардың
саны 75-100 миллион болуы тиіс. Олай болса І типтегі еркек тоқтылардан бір рет
алынған шәует 49 саулықты (4,19 млдр:85 миллион) ұрықтандыруға, ІІ-ші типті
мінез-құлықтылардың – 49 басқа, ІІІ-ші – 27 саулықтарға жетеді.
Осы тәріздес заңдылық көрсеткіштер қанның лейкоциттерінде,
гемоглобинде және қанттың көлемдерін де жақсы байқалды. І-ші мінез-құлық
тобының интерьерлік көрсеткіштерінің жоғары болуының себептерінің бірі, олар
батыл түрде азық астауына барып бірінші қалаған жем мен шөптердің
құндыларын қабылдайды.
Көптеген ғылыми-зерттеулер бойынша [1; 2; 3; 4] мінез-құлық жас
ағзалардың барлық мүшелерінің белсенді дамуына әсерін тигізеді, ал етті-майлы
бағыттағы қойлар үшін негізгі объективті көрсеткіштері болып еттілік өнімі
саналады. Сонымен қатар, жас тоқтылардың еттері диетикалық тағамдар
қатарына кіріп, отанымызда және шет елдерден сұраныстар жоғары болып тұр.
Еділбай тоқтыларының тірі салмағы еттілік өнімділігінің маңыздысы,
бірақ басқа да қосымша объективті әдістермен қоса баға бермейінше қойдың
еттілігінің толық және дұрыс мәнділігін көрсете алмайды.
Қойдың қаны да формалы элементтер (эритроциттер, лейкоциттер,
тромбоциттер) мен плазмадан тұратын сұйықтық. Қойдың плазма құрамы
күрделі,оның құрамында тұздар, ақуыздар, зат алмасу өнімдері және
биологиялық белсенді заттары болады.
Қойдың жалпы қанының көлемі дене салмағының 7-8 пайыздай бөлігін
алады. Олар әр түрлі қызмет атқарады, атап айтқанда зат және газдардың
алмасуы, ағзаның қышқыл сілті тепе-теңдігін сақтайды, қойдың ағзасын түрлі
сыртқы ортадағы инфекициялардан қорғайды. Қан нәрлі заттарды мүшелерден
үлпаларға жеткізеді де олардан зат алмасу өнімдерін алып сыртқа шығарады. Қой
қаны дененің температурасын тұрақты етіп ұстап тұрады, өйткені оның қан
тамырлары
арқылы
үздіксіз
қозғалысы нәруыздардың,
майлардың,
көмірсулардың ыдыратады, сол биохимиялық реакцияларда пайда болған
жылуларды біркелкі бөледі, денені суықтарды жылытады.
Күздегі 7-айлық еділбай ұрғашы тоқтыларының қанының гематологиялық
көрсеткіштерін зеттеу барысында мінез-құлық типтеріне байланысты
431