БҚМУ Хабаршы №1-2019ж.
1-ші кестеде көрініп тұрғандай, тәжірбиелік еділбай қойларының ішінде І
топқа жатқызылған қойлардың үлесіне 47,1%, ІІ топқа 38,7%, ІІІ топқа 14,2%
екендігі анықталынды.
Еділбай қойларын тікелей еттілік қасиеті бойынша сұрыптаған уақытта
оның үлкен-кішілігіне (тірілей салмағына), дене пішініне, тез жетілгіштігіне,
семіргіштігіне және мінез-құлықтарына байланысты топтастыра шағылыстырып
қозылар алынды. Жалпы алғанда еділбай қойларының күшті және салмақтылар
үлесіне 85,8% тигені назар аударады. Бұл халықтың үздіксіз бағуға, қораға оңай
кіруге жүргізген сүрыптау, іріктеу жұмыстарының нәтижелері. Былайша
айтқанда халық малдың мінез-құлықтарына және ірілік-майлылық дене тұрқына
назар аударып келген.
Тірілей салмақ – сұрыптауда жиі пайдаланылады, себебі оны анықтау тез
және ол басқа шаруашылыққа тиімді белгілерімен тікелей байланысты, сонымен
қатар тірілей салмақ малдың жетілуі дәрежесін көрсетеді. Сондықтан да келесі
тәжірибемізде еділбай қозыларының әр топтағы мінез-құлықты қойлардан
алынған қозылардың тірідей салмақтары анықталынды.
Топтардан алынған қозылар бірге дала жайылымдарында бағылды және
бірге қорада ұсталынды. Оларды жаңа туғанда, 2, 4 және 7 айлық союға
жарамды кездеріне дейін салмақтары өлшеніліп тұрылды. Оларды 4-айлық
кезінде аналарынан айырып, жемге келулері бойынша жоғарыда көрсетілген
топтарға бөлінді. І-ші топтағылардың 4 айлық кезінде тірі салмақтары 42,19 кг
болып, ІІ-ші топтан – 1,95 кг (4,87%) және ІІІ-ші топтағылардан 6,20 кг (15,36%)
артық болып шықты, сол сыяқты 7 айлықтарында І-ші топпен ІІ-ші топтарда -
2,09 (4,11%) және І-ші мен ІІІ-ші айырмашылқтары 6,22 кг (13,31%) жетті.
Еділбай қойларын уақыт талабына сай жедел қарқынды дамыту үшін асыл
тұқымды қошқарлардан алынған еркек қозыларды ерте таңдап, олардың
жыныстық белсендіктерін анықтап, ерте шәует беруге үйретіп, алынған шәует
құрамының сапасын анықтау қажет.
Жыныстық қатынас үшін серіктес іздеу процесі яғни қошқарлар мен
саулықтардың арасында шағылысын – мінез-құлқының биологиялық формасы,
оған отардың ішінде жануарлардың тануды (зәрін, артқы жағын искеу сияқты),
қойдың артынан еріп жүру, флемен, аймақты қорғау (таңбалау, бақталасты
қасына жібермеу), бақталас алдында жоғары басыну, саулыққа сикіру сияқты іс
әрекеттерінің элементері кіреді.
3-ші кестені сараптағанда, І-ші және ІІ-ші типтерге жатқызылған еділбай
тұқымды еркек тоқтыларда жыныстық белсенділіктің көрініс беруі ІІІ-ші типті
қошқарлармен салыстырғанда әрдайым басымдығы байқалады. Қошқарлардың 6
айлығында ІІІ-ші типтердің жыныстық белсенділіктері 21,4% көріністерін
көрсеткенде, олардың І-ші топтағы қатарластарында – 78,5%, ІІ-ші топтағыларда
– 60,0% болды. Осындай ерекшеліктер 7 айлық кезеңдерінде де байқалады.
Тәжірибелік жұмыстың екі кезеңінде де жыныстық белсенділіктің басым көрініс
беруі І-ші типтегі (күшті, салмақты, қимылды) мінез-құлықтыларда болатыны
анықталынды.
Асыл тұқымды қошқарларды көп ұрпақтарды тек қана қолдан
ұрықтандыру жолымен алған әрі пайдалы және тиімді. Ұрықтандырушы
қошқарлардың жыныстық функцияларында мерзімдік көріністері болады. Еркек
қошқарлардың жыныстық белсенділіктерін пайдаланып, оларды ерте жасанды
қынапқа үйрету қажет. Оларды жасанды қынапқа үйрету барысында да мінез-
құлық ерекшеліктері айқын байқалды. Мұнда да ең жоғарғы әрі белсенділікті І-
ші типті қошқарларда екендігі анықталынды. 3-ші кесте бойынша 6 айлық еркек
қошқарлардың 50,0%-ы жоғары белсенділікті көрсетіп жасанды қынапқа ұрық
берсе, 7 айында осы көрсеткіш 85,7%-ға жетті.
430