БҚМУ Хабаршы №1-2019ж.
көпшілік жағдайда ағзаның өзіндік жетілуінде немесе даму барысында өзгере
қалыптасады.
Жануарлардың мінез-құлқын зерттеуге көптеген ғылымдардың жұмыстары
арналған: Великжанин В.И. [7], Гауптман Я., Чумливски Б., тағы басқалары [8],
Мохов Б., Исаев А. [9], Мынбаев P.A. [10], олардың тұжырымдары малдардың
этологиясы қалыптаса бастады.
Великжанин В И. [7] бойынша жануарлардың мінез-құлқының типтері
сыртқы тітіркеніштерден және ағзаның ішкі ортасының жағдайларының
әрекеттесулерінің нәтижесіне негізделінеді. Ұсынылушы классификациялар
белгілі критерияларға негізделінеді, олардың саны өте көп, осыған байланысты
жануарлардың мінез-құлықын анықтаудың бірнеше тәсілдері бар. Олардың
негізгілері: арнайы тітіркеніштердің түріне байланысты мінез-құлықтың типтерге
бөлу; функциялық жағдайы бойынша бөлу; шығу тегіне байланысты бөлулер
жатады.
Дьюсбери Д. [2], мінез-құлқы типтері себептеріне сәйкес топтатыстырлуы
мүмкін, белсенділікті тудыруларына байланысты оларды топтатыстыруға болады
деп есептейді. Кейде бір факторлармен анықталатын белсенді түрлерді арнайы
топтарға біріктіреді.
Функциялық классификацияның негізінде бейімделу көрсеткіші бойынша
белсенді түрлерге бөлу жатады. Кейбір жағдайлардағы тәжірибелерде мінез-
құлықтың қандай да болмасын түрі қарастырылған кездері топтастыруды
себептердің түріне сәйкестіндіреді.
Емельянов Г.И., Зарытовский
B.C. [3]
шығу тегі бойынша
классификациялауда келесідей бөледі:
- шыққан тектері бойынша классификациялау. Мінез-құлықтың жалпы
шыққан тегі бойынша топтастырады;
- мінез-құлықтың пайда болуы бойынша классификациялау. Мұндай
классификацияның негізінде дарақтың өзіндік даму барысында немесе
эволюциялық процесстердің өзгеруінде пайда болады.
Жануарлардың иіспен дәмнің қабылдау қабілеті мен қарынның сезімдері
арасында кері байланысы бар екені байқалады. Егер қандай да азық мазасыздық
(немесе тіпті ауруды) тудырса, кейін оны қабылдамайды.
Әсіресе азық иісіне реакция тез, ал дәмдік сезімі біраз уақытқа дейін
кейінге қалдырлады. Азықты қабылдауы басталғаннан кейін бірден 30-60 секунд
бастап қан айналымы күшейді, осыған орай қарын тез арада осындай жағымсыз
иісі немесе дәмі бар азықты қабылдамау туралы шешім шығарады. Хайнд Р. [6]
мал мен басқада сүтқоректілердің азық таңдау талғамдылығын сипаттайтын 4
гипотетикалық модельдерін ұсынады.
1. Тағамға жарамды екенің иіспен дәмі бойынша айратын туа біткен
қабілеті.
2. Гедонистикалық моделі. Рахат сезімін тұдыратын азық беріледі.
3. Барлығы немесе көпшілігі морфологиялық қолдауына байланысты.
Азықты таңдау тістердің және ас қорыту жүйесінің құрлымы белгілейді.
4. Басты ролді кері байланыс негізінде құрылған оқыту алады (азық
қарында қолайлы сезімдерді немесе ауруды тудырағаны). Азықты қабылдамауы
жануарда аурудың қаншалықты қатты болғаны және ол қай уақыт ішінде өтуіне
байланысын көрсетті. Желінгіштік азықтың таңдау мен көлемі оның
құнарлығына да байланысты болады.
Жануарлардың мінез-құлқының қарынмен органдыры сезімі арасында кері
байланыстардың бар екені Хайнд Р. [6] жасалған теориясын азықты таңдауда
негіздеме ретінде қолдануға мүмкіндік береді. Азықты тұтынуы қарынның оң
428