БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ ЗКГУ. Вестник, 1-2019 | Seite 428
БҚМУ Хабаршы №1-2019ж.
оны көшпенді қой шаруашылықтарға жарамды, табиғи-климаттық жағдайға
қолайлы болғандықтан өсіріп, тартып келген.
Еділбай тұқымды қойлар өзінің морфо-физиологиялық қасиетіне қарай
өрістің жұпыны жемтігімен қоректенсе де май жинауға қабілеттіліктерін
жоғалтпаған тұқымдық. Еділбай қойларының мұндай өзгешеліктері елімізде
ертеден бері қойларды бағу жүйесімен байланысты болған, олар маусымдық
жайылымдарды кеңінен пайдаланатын тұқымдық.
Кәзіргі кездегі биологиялық және этологиялық ілімдерде жануарларды
мінез-құлықтарына байланысты түрлі жүйелерге бөліп келеді. Соның ішінде
В.И. Великжаниннің [1] алты жүйеліктері жиі пайдаланылады: өнімділік,
жыныстық, бейімделушілік, популяциялық, қыймылдық және азықтық.
Биологтардың
және
этологтардың
ізденістерімен
тұжырымдалған,
жануарлардың доместикациялық қасиеттерінің негізінде селекционерлердің
мінез-құлықтық сұрыптаулары жатыр.
Дьюсбери Д. [2], Емельянов Г.И., Зарытовский B.C. [3], Лебедев М.М.
және басқада [4] ізденушілердің тұжырымдары бойынша адамдар әр уаққытта
жануарлардың мінез-құлықтық байланысты ұрпақтарын қалдырып жатты, соның
ішінде сангивиниктіктерді (ширақ, жайлы) және темпераменттілерді жиелеу
қалдырып тұрды.
Осыларға сүйене отырып академик Д.К. Беляев және В.Н. Мартыновалар
[5] дестабилизациялық теорияның негіздерін қалады, ол бойынша эволюциялық
жағдайларда қалыптасқан бейімделуші мінез-құлықтың орнына сақтаушы
түрлері қалыптаса бастады. Мінез-құлықтық сұрыптаулар нәтижелерінде
біртіндеп өнімділік қасиеттерін жоғарлату мүмікіндіктері туындай бастады.
Сангивиниктіктерді (ширақ, жайлы) және темпераменттілерді қалдырып
жүнді, етті, теріні (қаракөл қойларынан) және басқа да алынатын өнімдердің
сапалары жоғарлай бастады. Сонымен қатар, доместикациялық қасиеттерінің
өзгеріулері биологиялық қасиеттерінің, әсіресе морфологиялық жүйелердің
өзгерулеріне соқтырып өнімділіктерін – жүндерінің түсін және сапасын, қой
аналықтарының сүтінің көлемін және майлылғын, еттерінің сапасын және
басқада өзгерістерінің тұқымқуалаушылық қасиеттерінде сақталуына (еттілі,
биязы жүнді, кроссбред жүнді, тон терілі, түрлі елтірі түстілер және т.с.с) алып
келді. Осы қағидалардың дұрыстығы
бүгіндегі түрлі қой тұқымдарының
шығарылуымен дәлелдеуге болады, ал олардың сандары дүниежүзі бойынша
500-ден асып кетті.
Сондықтан да Жайық өңіріндегі қой шаруашылықтарындағы
фермалардағы еділбай қойларының мінез-құлықтарын зерттеу және алынған
физиологиялық көрсеткіштерді орта және жоғары мектептердегі биология
сабақтарында жергілікті малдарың этологиялық ерекшеліктерін ретке келтіруді
қарастырулар, өзекті мәселелердің бірі болып саналады.
Жануарлардың мінез-құлықтары әр түрлі түрінде кездеседі және ол
шартсыз немесе шартты рефлекспен анықталынады. Шартсыз рефлекс ата-
аналардан ұрпаққа беріліген және филогенездік процесі кезінде қалыптасады.
Олар негізінен генетиканың тұқымқалаушылық заңдылықтарына бағынады,
нәтижесінде әр индивидтің мінез-құлықтары пайда болады. Жануарларды қолға
үйрету барысында адам ұйымдастырған тіршіліктіктік жағдайларына бейімделу
жүрген, сол кездері оларды мінез-құлықтарына байланысты таңдап алынған.
Мұндай сұрыптауларда шешуші болып қажетті генотиптердің қалыптасуы
жатыр.
Р.Хайндтың [6] көрсетуінше мінез-құлықтың шартты рефелекстік
жағдайларда қалыптасуы тұқым қуалау кезінде кедергі болуы да мүмкін, ол
427