БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ ЗКГУ. Вестник, 1-2019 | Seite 427
БҚМУ Хабаршы №1-2019ж.
seeds, select assortment for given bioecological, decorative, reproductive and planting
properties, etc. Formations of the collection database formation for 835 introductions
of native and foreign flora from 58 families and 146 genera.
Key words: collection, woody plants, introduction value, scale, approbation,
computer program, databases.
***
ӘОЖ 636.933.2:59.5
Рустенов А.Р. – ауылшаруашылық ғылымының докторы, профессор,
М.Өтемісов атындағы БҚМУ
Сармурзина С.Е. – М.Өтемісов атындағы БҚМУ магистранты
Е-mail: Symbat…93@mail.ru
Елеугалиева Н.Ж. – ауыл шаруашылық ғылымдарының кандидаты,
доцент м.а., Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан
аграрлық-техникалық университеті
Е-mail: rustenov_aman@mail.ru
ЕДІЛБАЙ ҚОЙЛАРЫНЫҢ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТАРЫНА
БАЙЛАНЫСТЫ ӨНІМДІЛІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН АНЫҚТАУ
Андатпа. Еділбай қойларының мінез-құлықтарына байланысты 3 топқа
бөлінген. Әр түрлі мінез-құлықты дарақтардың үлесі, тірі салмағының
динамикасы, еркек тоқтылардың жыныстық белсендігі мен шәуеттеріні
сапалары, қанының гематологиялық көрсеткіштері, жас саулықтардыңдың
төлдегіштік ерекшеліктері анықталған. Барлық көрсеткіштері бойынша І-ші
топтағылар (күшті, салмақты, қимылды) басым болған.
Тірек сөздер: еділбай, мінез-құлық, тоқтылар, гематология, төлдегіштік,
жыныстық белсенділік, шәует.
Қазақстан Президенті ұсынған мемлекетік бағдарламасы: «100 нақты
қадам», «2050 – Стратегиясын» ел экономикасының ең маңызды салаларының
бірі – ауыл шаруашылығын, соның ішіндегі қой шаруашылығын дамытуды және
оның өнімділігін арттырудың негізгі тетіктері де айқын көрсетілген. Елімізде
қой өсіру – мал шаруашылығының негізгі салаларының бірі және ол жеңіл
өнеркәсіп үшін шикізат - жүн, тері, елтірі, халықа бағалы азық-түлік – қой еті,
құйрық майы, сүт сыяқты қажетті өнімдері береді.
Кәзіргі кездердегі нарықта етке деген сұраныстың жоғарылығында қой
өсірудің экономикалық тиімділігі басқа мал шаруашылығына қарағанда
әлдеқайда жоғарылығы белгілі. Еліміздің оңтүстік, оңтүстік-шығыс және батыс
өңірлерінде жыл бойы жайылымда болатын қой шаруашылығын дамыту ол
аймақтардағы арзан өнім алудың табыс көзі болып саналады. Сонымен қатар қой
шаруашылығының тағы бір тиімділігі, қойдың өсімталдығы және еліміздің түрлі
аймақтарындағы табиғаттың қатаң жағдайларына төзімділігі, қуаң жерлердің
жұтаң жайылымында, олар өздеріне қажетті қорек көздерін таба білетіні.
Кәзіргі еділбай тұқымды қойлар Жаңақала ауданында халықтық
сұрыптаудың жемісі, олардың денесі ірі және салмақты болып келеді. Ол 200
жылдардан бері өзінің даралық тұқымдық қасиеттерін сақтап келеді. Еділбай
тұқымды қойлар етті-майлы өнімді бағытта Қазақстанның батыс аймағында
астрахандық қылшық жүнді қойлар мен қазақтың құйрықты қойларымен
шағыстыру нәтижесінде шығарылған деп саналады. Батыс өңірдің халықтары
426