БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ ЗКГУ. Вестник, 1-2019 | Page 397

БҚМУ Хабаршы №1-2019ж. Тірек сөздер: құс, шөжек, белсендіргіш, аурулар, профилактика, рацион, азықтандыру, қоспалар, дәрумендер, амин қышқылдары, өміршеңдік, ет ұлпасы, химиялық құрам Елімізде құс өсіру шаруашылығы өнеркәсібінде жұмыртқа шығару бағытындағы 38 кәсіпорын және бройлерлік ет өндірісі бойынша 14 кәсіпорын жұмыс істеп келеді. Оның 15 шаруашылығында ет және жұмыртқа өндірісінің тұқымдық базасы шоғырланған [1]. Дәуренбеков Х.Т. [2] көрсетуінше жалпы құс өнімділігіне ықпал етуші жағдайлардан бағып-күту – 15-20%, тұқымдық және гибридтік қасиеттері – 20- 30% ықпал етсе, азықтандыру құнарлылығы – 50-60% ықпал етіп келеді. Бұдан құс басын құнарлы, яғни ағзаның тіршілігі мен өнімділік мұқтаждығына сәйкес азықтандырудың, аса маңыздылығы айқын екендігін көрсетеді. Оларды дұрыс жолға қойған жағдайда ғана, бір жағынан, жоғары өнімді құс кросстарының тұқымдық өнімдік потенциалы толық жүзеге асырылып, екінші жағынан, үнемді азық шығынымен өзіндік құны арзан өнім өндіруге қол жеткізуге болатыны анық. Төреханов А.Ә. және басқалары [3] бойынша мәселенің толық шешімін таба алмай келе жатқан себептерінің бірі – құс құрамажемінің құрамына кіретін ингредиенттердің отандық өндірісте тапшылығы болса, оларды импорттаудың бағасын қымбаттауында болып жатады. Сейтжан Г. және басқаларының [4], Ковинько Д.А. [5], Андреева А.В., Николаева О.Н. [6; 7] есептеулері бойынша зерделегенде құс етін өндірудегі шығындар үлесі келесідей болып тұр: құрамажем және азықтандыру шығындары – 82,2%, жалпы шаруашылық шығындары – 1,3%, электроқуат шығындары - 3,3%, газ шығындары – 0,4%, су шығындары – 1,8%, жалақы шығындары – 1,2%, ветеринарлық-санитралық дәрі-дәрмек шығындары – 1,2%, амортизация шығындары – 0,6%. Олай болса, құс өнімінің өзіндік құнын құрайтын тікелей шығындарда азық пен азықтандыруға жұмсалатын шығындардың үлесі басым түсетіндіктен, дұрыс толыққұнды азықтандыруға сала рентабельдігін арттырудың шешуші экономикалық факторы ретінде қарау қажет. Кәзіргі кездері өсіріліп отырған негізгі құс кросстарының өнімділігі биологиялық платосына жақындағандықтан, олардың өнімділігін одан ары арттырудың бірден-бір жолы – азық қоректік заттарының құс өніміне конверсиялану деңгейін жоғарылату, өлімдік шығындарды азайту болып табылады. Балдаев С.Н. және басқаларының [8] жүргізген зерттеулерінде мекиендер жұмыртқалағыштығын 8-10%, бройлер-балапанының тәуліктік салмақ қосымын 5-7 граммға арттырып, әр 1 кг құс еті өндіруге жұмсалатын құрамжем шығынын 0,1-0,2 кг-ға кемітіп, өзіндік құнын 10-15% арзандатуға болатынын көрсетті. Бүгінде ауылшаруашылық құс етінің маңызды аминқышқылдар мен витаминдердің жетіспеушілігі зат алмасуының бұзылуына әкеледі. Сондықтан ғылым мен практиканың арқасында дәстүрлі өндірісті кеңейтуге және протеинді азықтың жаңа көздерін табуға, оларды пайдаланудың тиімділігін арттыруға бағытталып келеді [9]. Сондықтан да құс шаруашылық өнімдерін өндірудің өсуі негізінен фермерлік шаруашылықтың жемшөп базасының жағдайында ғана емес, сондай- ақ азық ресурстарын ұтымды пайдалануына да байланысты. Ауылшаруашылық құс өнімінің рационын толықтыру үшін аминқышқылдар, дәрумендер мен ферменттерді енгізу арқылы қамтамасыз етуге болатыны белгілі. Фисинин В.И. [10] зерттеулерінде бройлер- құстарындағы маңызды эфирлі аминқышқылдар мен дәрумендердердің жоқтығына байланысты метаболизмнің 396