БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ ЗКГУ. Вестник, 1-2019 | Seite 396

БҚМУ Хабаршы №1-2019ж. Майканов Н. С., Ахмеденов К.М., Шпигельман М.И., Рамазанова С.И., Танитовский В. А., Сундуков Р.И., Хакимов Н.У., Сейткалиева А.М. КӘДІМГІ ШИБӨРІ (CANIS AUREUS, L., 1758) – БАТЫС ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЗООНОЗДЫҚ ИНФЕКЦИЯЛАР ОШАҚТАРЫНДАҒЫ ЭПИЗООТИЯЛЫҚ ПРОЦЕСІНІҢ ЖАҢА ЫҚТИМАЛДЫҚ ИНДИКАТОРЫ Соңғы екі онжылдықта кәдімгі шиебөрі таралу аймағы солтүстікте айтарлықтай кеңейді. Батыс Қазақстан аумағында жыртқыштар XX ғасырдың 90 жылдары РФ көршілес Астрахань облысынан кіре отырып, Бөкейорда ауданына пайда болды. 2019 жылдың ақпан айында БҚО жоғарыда аталған аудан аумағында машина соққан жануардың өлексесі табылғаны анықталды. Шиебөрі Орал ОҚКС зертханасында зооноздық инфекциялар қатарына зерттелген болатын. Тірек сөздер: шиебөрі, ареалдың кенеюі, зерттеу, зооноздық инфекциялар, Батыс Қазақстан облысы. Maikanov N.S., Akhmedenov K.M., Shpigelman M.I., Ramazanova S.I.,Tanitovsky V. A., Sundukov R.I., Khakimov N.U., Seytkalieva A.M. GOLDEN JACKAL (CANIS AUREUS, L., 1758) – NEW POTENTIAL INDICATOR OF EPIZOOTIC PROCESSES IN WESTERN KAZAKHSTAN FOCALS OF ZOOGENOUS INFECTION In the past two decades the distribution range of northern jackals ordinary widened to the north. On the territory of the West Kazakhstan oblast a predator appeared in the 90s of the 20th century in the Bokeyorda region, having penetrated from the neighboring Astrakhan region of the Russian Federation. In February 2019, a dead animal carcass killed by a car was found on the territory of the aforementioned region of WKO. In the laboratory of Uralsk Plague Control Station, the jackal was examined for a number of zoonotic infections. Keywords: jackal, distribution range, research, zoonotic infections, West Kazakhstan oblast. *** ӘОЖ 636.087.7:636.5.084.1 Елеугалиева Н.Ж. – ауыл шаруашылық ғылымдарының кандидаты, доцент м.а., Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті Сабыров А. – Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті Е-mail: sabyrov_aidyn.d@mail.ru ҚҰРАМА БЕЛСЕНДІРГІШТІҢ ШӨЖЕКТЕР МЕН ТАУЫҚТАРДЫҢ ЗАТ АЛМАСУ ПРОЦЕСІНІҢ БҰЗЫЛУЫНА ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ӘСЕРІ Андатпа. «Белсендіргіш» препаратын 1 кг негізгі рационға қосу дозасы анықталды, ол 3,0-9,0 г. Нәтижесінде құс ағзасында ақуыздардың және көмірсулардың жетіспеушілігінен туындайтын түрлі құстардың аурулары тежелді. Зерттеу барысында препараттың әсерінен ағзалардың иммунологиялық реактивтілік белсенділіктері көтерілді, атап айтқанда бактерицидтік (10,0-11,2%), фагоцитарлық (14,2-19,64%), лизоцимдік (2,33%) көтерілді, құстардың өміршеңдігі жоғарлады. 395