БҚМУ Хабаршы №1-2019ж.
бұзылуына алып келген, соның ішінде - ақуыздардың, көмірсулардың,
липидтердің, витамин-минералдарды заттардың. Соңғы кездері, әсіресе
фермерлық жеке шаруашылықта, B 1 , B 2 және B 6 -гиповитаминоз клиникалық
көріністері байқалып жүр, кейде 15 күнге дейінгі жас балапандардың 20% -ына
дейін өлімі байқалады.
Гершун В.И. [11] көрсетуінше азықты ферменттермен және дәрумендік
препараттармен байыту балапан қалдықтарын төмендетеді, азыктың сіңуін
едәуір арттырады және өнім бірлігінің шығындарын азайтады, қымбат және
тапшы жануар тектес мал азықтары неғұрлым арзан өсімдік тектес азықтармен
алмастыруға мүмкіндік беретін болады.
Мырзабеков Ж., Ибрагимов П. [12] ойларынша қазіргі жағдайда арзан,
зиянсыз және көпшілік пайдалануға жарамды, құстың иммунологиялық
реактивтілігін,
профилактикалық
жақтарынан
қажетті,
өнімділіктерін
арттырушы, азықтандыру шығынындарын азайтушы және еттерінің сапасын
жақсартатың қосындыларды пайдалану қажеттілігі туындады. Бройлер
рационында тиімді профилактикалық әсерлері бар қосындыларды қолдану өзекті
мәселелердің бірі болып отыр.
Қазіргі жағдайда арзан, зиянсыз және көпшілік пайдалануға жарамды,
құстың иммунологиялық реактивтілігін, профилактикалық жақтарынан қажетті,
өнімділіктерін арттырушы, азықтандыру шығындарын азайтушы және еттерінің
сапасын жақсартатын қосындыларды пайдалану қажеттілігі туындады. Бройлер
рационында тиімді профилактикалық әсерлері бар қосындыларды қолдану өзекті
мәселелердің бірі болып отыр. Осыған орай магистрлік зерттеу жұмыстарында
Жангир хан атындағы БҚАТУ ғылыми-зерттеу орталығында арнайы құстарға
беруге шығарылған жаңа қосындылар тобын зерртеу болып табылады.
Зерттеу жұмысының негізгі мақсаты бройлер балапандарына
«Белсендіргіш» препараттын азықпен қосып беру арқылы ақуыздардың және
көмірсулардың алмасу процестернің бұзылуының алдын алу және өміршеңдік
қасиеттерін жоғарылату.
Шөжек-бройлерлердің денсаулығы және өсімталдығы көп жағдайда қора-
жайдың микроклиматына, азықтандырудың толыққұндылығына, орналастыру
тығыздығына және экологиялық факторларға байланысты болып келеді.
Топтарды өсіру барысында балапан-бройлерлерге арналған құрама жем
келесі құрамдардан тұрды, %: үгітілген жүгері – 45, үгітілген басқада дәндер – 5,
үгітілген дәнді бұршақтар – 10, күнбағыс шроты – 8, күнжара шроты – 6, ет-
сүйек ұны – 5, балық ұны – 5, құрғақ көк сүт – 4, техникалық май – 3, балық
майы – 1, шөп ұны 2, құрғақ ашытқылар – 3, бор – 2, сүйек ұны – 0,9, тұз ұны –
0,1. Барлығы – 100%.
Құс сарайларындағы микроклиматтың бройлер балапандарының
организміне әсері температураның, ауаның ылғалдылығымен оның қозғалу
жылдамдығының, сондай-ақ ондағы техникалық қоспалардың ықпалы арқылы
анықталады. Қолданылған режимдер 1-кестеде берілген. Бройлер асырайтын
орындағы ауаны зарарсыздандыру үшін аэразольді тәсілмен резерцин немесе
тиатилен-гликоль препараттары пайдаланылды.
Құс сарайларында бройлерлердің азығының сапасына мал дәрігерінің
санитариялық бақылауда берілетін азықтарды сырттай қараған соң Зеленов
ауданының мал дәрігерлік лабораториясында санитариялық-гигиеналық және
химико-таксопологиялық зерттеулер жүргізілді. Осындай күтімдік жағдайлар
мен толыққұнды азықтандырғанда, белсендіргішті қосқанда, олар жылдам ет
алуымен, жеген жемін жақсы өтеуімен, етінің сапалы ида жұмсақтығымен,
үлбіреген әрі жылтыр терісімен, кеуде сүйектерінің жұмсақ шеміршектерімен
ерекшеленген бройлерлер алынады.
397