БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ ЗКГУ. Вестник, 1-2019 | Page 375

БҚМУ Хабаршы №1-2019ж. Кесте 3 – Қара ала сиырлардың сүт бездері үрпілерінің морфологиялық және физиологиялық көрсеткіштері Үрпі өлшемдері, Сүттілік деңгейлері, л/тәулік см (М±m) төмен орташа жоғары (8-10) (12-14) (12-14 жоғары) Алдынғы үрпілердің ара 12,8±0,7 13,3±0,6 15,7±0,9 қашықтықтары Артқы үрпілердің ара 9,5±0,6 11,2±0,8 13,9±0,8 қашықтықтары Үрпілердің жандарынан ара 9,8±0,5 10,7±0,4 12,4±0,6 қашықтықтары Үрпілердің диаметрі 2,2±0,1 2,4±0,1 2,5±0,2 Алдынғы үрпілердің ұзындықтары 5,9±0,3 5,6±0,2 5,3±0,2 Артқы үрпілердің ұзындықтары 5,3±0,2 5,8±0,4 5,7±0,3 Үрпілердің формалары, % цилиндрлі 28,4±1,4 49,3±1,8 70,1±2,1 конустық 64,7±2,1 46,5±1,1 29,9±0,9 ұршықты 6,9±0,3 4,2±0,1 - Сүттілік өнімділіктері жоғары аналықтардың үрпілерінің ара қашықтықтары алшақтау болды: алдыңғылардың арасы 15,7 см, артқылардың қашықтығы 13,9 см болды. Үрпілердің өзара жандарынан қашықтықтары 12,4 см құрады. Төменгі сүттілік өнімділердің барлық үрпілер арасындағы қашықтықтар ІІІ- топтағылардан 12,2-14,6% кем болатыны анықталынды. Сүттілігі төменгі сиырлардың үрпілердің диаметрі 2,2±0,1 см құрады, ал жоғары сүттіліктерде 2,5±0,2 см, екі топтардағы айырмашылық 0,3 см тең немесе 11,3% болып тұр. Аналықтарды қолмен немесе аппаратармен сауу барысында үрпілердің ұзындықтарының маңыздылығы мол. Олар қысқа болса қолға жақсы ұсталмайды, аппараттардан түсе береді, ал ұзын қолмен саууға оңайлау болғанымен, аппарат стакандардына дәл келе бермейді, сондықтан сұрыптауларда үрпілердің ұзындықтарына мән беріледі. Стандарт бойынша 4,0 см кем немесе 9,0 см артық болмауы қажет. Зерттеуге алынған аналықтардың бұл көрсеткіштері 5,3-5,9 см аралықтарында болып, сауын сиыларға қойлатын талаптарды қанағатандырады. Үрпілердің формалары зерттеу топтарындағы аналықтарды алынған көрсеткіштері бойынша 3 топқа бөлінді: цилиндрлі, конусты және ұршықты. Ең негізгі сауынға лайықты үрпілердің цилиндрлі формаласы, ондай формалары бар жоғары сүттілігі бар аналықтарда – 70,1% құрады, орташа сүттілікті сиырларда – 49,3%. Төменгі сүттілікті аналықтарда бұл көрсеткіш тек қана 28,4% болып шықты. Сүт безінің бөліктерінің сүтті өндіруге, сақтауға мен және сауылған сүт көлеміне әсері мол. Әртүрлі пішінді сүт бездерінің бөліктерінен сауылған сүттердің пайыздық көлемдері 4-ші кестеде берілген. Кесте 4 – Әртүрлі пішінді сүт бездерінің бөліктерінен сауылған сүттердің көлемі, %. Сүт безінің Сүт безінің бөлімдері пішіні І-ші лактацияда ІІ-ші лактацияда сиыр саны алдынғы артқы сиыр алдынғы артқы саны Ванналық 3 48,09 51,91 3 45,44 55,56 Табақшалық 18 45,64 54,36 16 45,64 54,12 Домалақша 4 41,51 58,49 4 45,52 54,48 Ешкілес 2 33,47 66,53 2 33,97 66,03 374