БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ ЗКГУ. Вестник, 1-2019 | Page 374

БҚМУ Хабаршы №1-2019ж. және сыртқа шығару, ал олар сиырдың сүттілік өнімділігін анықтаушы көрсеткіштер болып табылады. Сүт бездерінің формасы мен функциональдық қасиеттерін «Кенжетай» шаруа қожалығының сиырларында тәжірибе барысында жан-жақты зерттелінді. Зерттеулерді жүргізу барысында тәжірибелік сиырлардың сүт бездерінің морфологиялық өлшемдері алынды, нәтижелері 2-кестеде келтірілген. Кесте 2 – Қара ала сиырлардың сүт бездерінің морфологиялық және физиологиялық көрсеткіштері Желін өлшемдері (см) және аналықтардың Көрсеткіштер сүтті шығару белсенділігі, л/тәулік (М±m) І-топ ІІ топ ІІІ-топ төмен орташа (12- жоғары (8-10) 14) (15-17 жоғары) ені 29,4±1,3 31,7±1,1 33,8±1,2 ұзындығы 37,6±1,4 39,8±1,7 41,1±1,4 аумағы 109,8±7,8 112,3±8,3 116,7±8,1 тереңдігі желінің еденнен алшақтығы Желін индексі, % Сүтті шығару белсенділігі, кг/мин Тәуліктік сүттілігі, л 19,6±0,5 61,3±2,2 20,9±0,4 59,4±2,1 23,8±0,5 57,2±1,9 48,3±0,9 1,69±0,2 52,4±1,1 1,82±0,2 56,7±1,3 2,08±0,1 8,7±0,7 13,1±0,8 16,6±0,8 Зерттеу нәтижелері бойынша сүттілік өнімділіктері төменгілердің желін ендері (29,4±1,3) жоғарғы сүттіліктерден (33,8±1,2) 4,4 см кем болатыны анықталынды. Осы сияқты желінің ұзындығы 3,5 аз болса, аумағы 6,9 см кем болып шықты. Олардың индекстердің айырмашылығы 8,4% құрады. Желінің негізгі физиологиялық көрсеткіші - тәуліктік сүттілік болып саналады. Тәуліктік сүттілік төменгі өнімділікті сиырларда (І-ші топ) 8,7 л болып шықса, жоғарғы өнімділіктерде (ІІІ-топ) 16,6 л құрап отыр. Екі тәжірибелік топтар арасындағы айырмашылықтар 7,9 л (немесе 90,8%) құрады, сол сыяқты ІІ- ші топпен ІІІ-топтар арасындағы айырмашылықтар 3,5 л (немесе 26,8%) болып шықты. Өндірістегі маңызды көрсеткіштерге ағзадан өнімді аз энергияларды жұмсап алу болып табылады. Осындай көрсеткіштерге сүтті тез сауып алу немесе белсенділігі шығару жатады. Зерттеуге алынған әр түрлі тәуліктік сүттілік өнімділікті қара ала сиырларынан сүтті толығымен сауып алуға немесе белсенді шығаруға кеткен уақыттар І-ші топ бойынша1,69 кг/мин болса, жоғарғы сүттіліктерге кеткен уақыт 2,08 кг/мин құрады. Бұл көрсеткіш, яғни аналықтардан сүтті белсенді шығару машинамен сауу талаптарына сәйкес болып тұр. Сиыр үрпілерінің көлемі, формасы және орналасуының маңызы мол. Бұл көрсеткіштер сүт безінің цистерналарында жыйналатын өнімді тез, әрі толығымен сауып алуға әсерлерін тигізетін көрсеткіштер. Зерттеу барысында қара ала сиырлардың үрпілерінің орналасулары, диаметрлері мен ұзындықтары, үрпіледің әр түрлілігінің бары анықталынды (3-ші кесте). 373