БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ ЗКГУ. Вестник, 1-2019 | Seite 373
БҚМУ Хабаршы №1-2019ж.
Сүт бездерінің формасы ванна тәріздестердің 305 күндік сүттілік
көрсеткіштері 4886±17,3 кг құрап, табақшалықтардан – 117 кг (2,45%),
домалақшалардан - 1562 (46,99%) және ешкілестерден - 2474 кг (2,02 есе) жоғары
болып шықты. Былайша айтқанда, ешкілес желінді 2 сиырды сауып, күтудің
орнына бір ванна тәріздесті ұстаған тиімді (жем-шөп, қорадағы орны, еңбек)
екендігі анық байқалады. Жылдық сауын сүттері бойынша айырмашылықтары
мол екендігі анық көрініп тұр.
Сүттің құрамындағы майдың көлемінің маңыздылығы жоғары, ол
пайдалушылардың энергиясының көзі. Зерртеу тобындағы аналықтардың
сүттерінің майлылығы ең жоғарғы көрсеткіштері домалақтанылған сүт бездері
бар анылықтарда (4,18%) болатындығы анықталынды. Сүттің құрамындағы
ақуыздардың көлемі жоғарғы табақша тәріздестерде (3,44%) болып шықты.
Аналықтардың тірі салмақтары қара ала сиырлардың І-ші класстық
стандарттарына (500-530 кг) сәйкес, оның жоғарғы көрсеткіштері ванна және
табақша тәріздесдерде болып шықты. Олардың орташа тірі салмақтары (21 бас)
510-512 кг көрсетті. Стандарттар талаптарынан тірі салмақтары бойынша жетпей
тұрғандар ешкі тіріздестерде (476,7 кг) болды.
Сонымен қорыта келгенде, жылдық лактациялық сүт өнімділіктері
бойынша ең жоғарғы көрсеткіш ванна тәріздестерде (4886 кг) болғандықтан,
генетикалық-селекциялық тәртіптермен жүргізілетін сұрыптауларда, олардың
ұрпақтарын қалдырып, сүттілікке әсері ең жоғарғы қасиеттерді одан әрі дамыту
қажет.
Сиыр сүттілігінің негізгі белгісінің бірі – сүт безедінің немесе желінің
онтогенездегі даму көрсеткіштері. Сүтті сиырдың желіні астау немесе төкерілген
ванна тәріздес дамығын, желінің алды-артындағы терісі жұқа, селдір жүнді,
жиырылыңқы, сүт тамырлары қатты білеуленген, үрпілері ұзын, салалы болып
тұрады. Желінде орналасқан үрпілері жұмсақ болып келеді.
Қазіргі кездері өндірістерде сүт бағытындағы сиырларды сүт бездері
бойынша олардың сауын аппараттарына жарамдылықтары анықталынып,
қолдануға қалдырылады. Көптеген жылдар бойы жүргізілген селекциялық
жұмыстардың нәтижелеріне байланысты, сиырлардың басқа мүшелеріне
қарағанда сүт бездерің морфологиясы мол өзгерістерге ұшырады. Сондықтан да
сүт бағытындағы сиырлардың желіндері мен үрпілері көптеп түрленген. Жоғарғы
сүттіліктері бар аналықтардың ең биік декадалық сүт өлімділік кездерінде сүт
безіндегі құрамдары бойынша 70-80% бездік тіндерден, 20-30% созылмалы
тіндерден тұрады.
Селекциялық сұрыптаулар арқылы сүт бездерінің формаларын реттеуге
болады, сонда аналық малдар тез сауылады, ауыр қолмен істелетін жұмыстар
қысқарады, желінге механикалық әсерлер азаяды, сиырлардың фермалардағы
өнімідік көрсеткіштері мен қолдану мерзімдері ұзарады, өнімнің өзіндік құндары
төмендейді.
Сүт бездерінің формасы тұқымқуалайтын белгі болғандықтан,
шаруашылықта бұл жағына кейінгі 4-5 жылдары көңіл бөле бастаған.. Сондықтан
да ірі қара малын сұрыптау және шағылыстыруда ата-аналықтардың бұл
қасиеттеріне байланысты жұптастыруларды жүргізгені анынықталынды. Сүт
бағытындағы аналықтарды сұрыптауда ванналық немесе табақшалық сүт бездері
бар дарақтарды тұқымдықа қалдырып, келешекте оларды өндірістерде пайдалана
бастағалы сүт өнімділіктің де көлемдері көтерілген.
Сиыр сүт бездерінің формасын оның морфологиялық ерекшеліктері мен
үрпілерінің жиынтығы ретінде қарастырылу қажет.
Сүт бездерінің
жасушаларының негізгі физиологиялық функциясы - сүтті синтездеу, жыйнақтау
372