БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ ЗКГУ. Вестник, 1-2019 | Page 372

БҚМУ Хабаршы №1-2019ж. Сүт бағытындағы ірі қара малының тұымдықтарының генетикалық потенциальдарын табиғи-климаттық жағдайларға сәйкестендіре пайдаланған кезде ғана, олардан максимальды өнімділіктерді алуға болады. Жалпы қара ала тұқымы сиырлардың сүттілігіне және салмағына қарай сұрыптау жүргізіледі. Соның нәтижесінде кәзіргі кездері сүті де, салмағы да, сырт пішіні де, желіні де, дайын сүттің сиымдылығы да өзгеше болған, қара ала тұқымы елімізде сүт бағытындағы шаруашылықтарда өсіріліп жатыр. Жайық өңірінде М.К. Оңғарбековтің [8] мәліметтері бойынша тауарлы сүт фермаларын дамыту бағытында 2017 «Ырыс» бағдарламасы қолға алынған, соған байланысты Батыс Қазақстан облысында сүт өнімдері өндірісін дамыту бағытында жұмыстар қарқында жүргізілуде. Облыс орталығы Орал қаласының төңірегіндегі Зеленов пен Теректі, Тасқала, Бөрлі аудандарында сүт өндіру жақсы қолға алынып келеді. Биыл Батыс Қазақстан облысында «Ырыс» бағдарламасы аясында 300 басқа арналған (100 басқа арналған екі, 50 бас малға екі шағын сүт кешендері) шағын тауарлы сүт фермаларын құрыла басталды. Тәжірибе барысында «Кенжетай» шаруа қожалығындағы қара ала сиырларының 27 басының сүт бездері формалары зерттелініп мынадай мәліметтер алынды: желіндері ванна тәріздестер 3 бас немесе жалпы зерттелінгендерің 11,1% құрайды, сол сыяқты табақшалы 18 бас немесе 66,7%; домалақтшалы 4 бас – 14,8%, ешкі желіндестер 2 бас – 7,4% болып шықты. Сиырлардың тәуліктік сүттіліктері ең негізгі көрсеткіштердің бірі болып саналады. Тәжірибелік топтардағы сиыр сүттінің тәуліктік сүттілігінің жоғарғы көрсеткіштері ванна тәріздестерді желіндер бар сиырларда (16,8±0,2 л) болып шықты. ІІ-ші орында табақша тәріздес желінді сиырларда (14,9±0,3 л) болды, олардың тәуліктік сүттілігі І-шілерден 1,9 л төмен болды, ІІІ-ші орында домалақталынғандарда (10,2±0,4 л), олар І-шілерден тәулігіне 6,6 л сүтті кем беретіні анықталынды. Өте төменгі тәуліктік сүттілік ешкі желіні тәріздес сиырларда (7,1±0,1 л) болды. Олар ванна тәріздестерден (І-ші топ) – 9,7 литр сүтті кем берді, сол сыяқты екінші топтағылардан – 7,8 л, үшіншіден – 3,1 л тәуліктік сүттіліктері төмен болды. Жалпы сүт бездеріне байланысты әр дарақтардан алынатын тәуліктік, айлық және жылдық (305 күн) сүттердің көлемі шығарылады. Тәжірибелік топтардағы қара ала сиырлардың үшінші лактациядағы сүт бездерінің формасы, сүттілік өнімдері және оның сапасы арасындағы байланыстары 1-ші кестеде келтірілген. Кесте 1 – Қара ала сиырлардың лактациядағы сүт бездерінің формасы, сүттілік өнімдері және оның сапасы арасындағы байланыстары Сүт Сиыр 305 күндік Сv, Сүт Сиырлард безінің саны, сүттілігі, % құрамында ың тірі пішіні бас кг салмағы, майлылығы, ақуыздығы кг % , % Ванналы 3 4886±17,3 8,1 3,96±0,03 3,42±0,02 510,5±6,5 қ 1 Табақша 18 4769±19,6 7,1 4,15±0,02 3,44±0,02 512,6±5,8 лық 9 Домалақ 4 3324±12,1 5,4 4,18±0,04 3,38±0,03 501,3±7,1 ша 2 Ешкілес 2 2412±11,4 6,4 4,17±0,05 3,40±0,03 476,7±6,5 4 371