БҚМУ Хабаршы №1-2019ж.
Тірек сөздер:
экологиялық маңызы
Parasitiformes,
Acariformes,
биологиялық
әртүрлілік,
Качмарек С., Маркуардт Т., Джангазиева Б.
БИОРАЗНООБРАЗИЕ ПОЧВЕННЫХ КЛЕЩЕЙ (ACARI) И ИХ
РОЛЬ В ЭКОСИСТЕМАХ
В этой работе авторы сосредоточились на различных аспектах
биологического разнообразия клещей на основе литературных данных, включая
анализ панцирных и гамазовых клещей в различных сообществах
местообитаниях (включая агроэкосистемы и леса). Также акцентировали
внимание на влиянии экологических процессов (сукцессия, экотоны), на
динамике и зоогеографии этих членистоногих. Кроме того, были представлены и
обсуждены некоторые данные о возможности использования биоразнообразия
клещей в биоиндикации.
Ключевые
слова:
Parasitiformes,
Acariformes,
биологическое
разнообразие, экологическое значение.
***
ӘОЖ 636.237.21.03:612
Рустенов А.Р. – ауыл шаруашылық ғылымдарының докторы,
профессор, М.Өтемісов атындағы БҚМУ
Қабдрахимов Ә.А. – М.Өтемісов атындағы БҚМУ магистранты
Елеугалиева Н.Ж. – ауыл шаруашылық ғылымдарының кандидаты,
доцент м.а., Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан
аграрлық-техникалық университеті
Еmail: kab.ali93@mail.ru
БАТЫС ӨҢІРІНДЕГІ ҚАРА АЛА СИЫРЛАРДЫҢ СҮТ БЕЗДЕРІНІҢ
ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН АНЫҚТАУ
Андатпа. Жайық өңірі жағдайында қара-ала тұқымды сиырларды
желіндерінің морфологиялық және физиологиялық ерекшеліктері зерттелді.
Желіннің пішінімен және сүт өнімділігімен жеке үлеспен өзара байланыстың
болуы анықталды, емізіктердің ұзындығы мен формалары, сиырлардың сүт
беру қарқындылығы, сүттің биохимиялық көрсеткіштері және дарақтардың
табиғи резистенттілігі анықталды. Зерттеу жұмыстарында алынған қанның
морфологиялық және биохимиялық көрсеткіштері зерттелді.
Тірек сөздер: қара-ала, морфология, физиология, сүт, желін,
резистенттілік, гематология, тірі салмағы, сүт безі.
Қазіргі кезде Қазақстанда өсірілетін сүтті бағыттағы ірі қара тұқымдарын
негізінен 4 топқа топтастыруға болады: голштинді қара ала, қызыл, қоңыр, сары-
ала тұқымдықтары. Осылардың ішінде қара ала тұқымды сиырлар сүттігігі
бойынша ерекше орын алады [1]. Сондықтанда елімізде голштин қара ала
тұқымы сиырлардың тұқымдасы - қара ала сиыры көбірек пайдалануда.
М.М. Лебедевтің [2], Л.К.Эрнсттің [3], Н.Г. Дмитриевтің [4], П.Н.
Прохоренко [5], А.Р.Рустеновтың [6], Ш.Д. Даленовтың т.б. [7] және
басқаларының ғылыми-ізденістердің нәтижелерінде гольштин тұқымдастардан
шыққан қара ала тұқымдықты пайдаланған тиімді екендігі баса көрсетілген.
370