БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ ЗКГУ. Вестник, 1-2019 | Page 35

БҚМУ Хабаршы №1-2019ж. Тиімділік критериі оқытушылар мер оқушылардың нәтиежелерге қол жеткізу үшін күш пен құралдардың жұмсалуы болып табылады. Нәтижелілік инновацияның критериі ретінде оқытушы қызметіндегі оң нәтижелердің нақты тұрақтылығын көрсетеді. Келесі критерий – өлшемдердің технологиялылығында, нәтижелердің бақылануында және тіркелуінде, түсінудегі бірегейлік. Инновацияны жаппай тәжірибеде шығармашылық тұрғыдан қолдану мүмкіндігінің критериі құнды педагогикалық идея немесе технология оқытушы қызметінің техникалық қамтамасыз етілуінің күрделілігінен немесе арнайылығынан туындаған шектеулі қолданылу шеңберінде қалып қалмасы үшін қажет. Мамандар студенттердің дене тәрбиесіндегі инновациялық технологияны енгізу тиімділігі критериилері ішінен келесілерін айқындап отыр. Бұл студенттердің болашақ кәсіби қызметке даярлығын анықтайтын денелік даму, функционалды күй көрсеткіштері. 1 суретте респондеттердің инновациялық қызметке деген сезімталдығы туралы пікірлерінің көрсеткіштері берліген. 1-суреттен көріп отырғанымыздай, респонденттер өздерінің инновациялық қызметке деген көзқарастарын келесідей етіп көрсетіп отыр. «Тұрақты түрде алдыңғықатарлы технологияларды қадағалап отырамын» деген сұраққа» 1 баллға 14 (35%), 2 баллға – 23 (52,5%), 3 баллға – 5 (12,5%) адам жауап берді. 1 баллдық «өзіндік білім алуумен тұрақты шұғылдану терулы» сұраққа 16 (40%), 2 баллға – 18 (45%), 3 баллға – 6 (15%) адам жауап бепрді. 1 баллдық нақты педагогикалық идеяларды ұстану бойынша сұраққа 15 респондент (37,5%), 2 баллға – 21 (52,5%), 3 баллға – 4 (10%) көрсетті. «Ғылыми кеңесшілермен серіктестік туралы» сұраққа 1 баллдыққа 16 (40%), 2 баллға – 19 (47,5%), 3 баллға – 5 (12,5%) респондент жауабын берді. Технологияны енгізу келешегін 1 балл деңгейінде 14 (35%), 2 баллда – 22 (55%), 3 баллда – 4 (10%) адам көрсетті. «Жаңашылдыққа бейімділік» сұрағына 1 баллда 15 респондент (37,5%), 2 баллда – 19 (47,5%), 3 баллда – 6 (15%) қатыстырылды. Ескерту: 1-қадағалау; 2-шұғылдану; 3-ұстану; 4-ынтымақтастық; 5- көрініс; 6-ашықтық Сурет 1 – Респонденттердің инновациялық қызметке деген бейімділіктері туралы пікірі Денне шынықтыру оқытушыларының инновациялық қызметке деген қабілеттілік деңгейі арасында мүмкін (50%) және төмен (37,5%) деңгейлері анықталды. Ең төмен мәндер тиімді деңгей бойынша (12,5 %) тіркелді (сурет 2). 34