БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ ЗКГУ. Вестник, 1-2019 | Page 34

БҚМУ Хабаршы №1-2019ж. Педагогикалық ұжымның жаңашылдыққа Сезімталдық деңгейін бағалау үшін келесі көрсеткіштер қолданылды: 0-9 – төмен деңгей; 9-18 – жарамды деңгей; 18 – оңтайлы деңгей. Екінші сауалнама «Педагогикалық ұжымның инновациялық қызметке даярлығы» деп аталды. Ол инновациялық ізденіске итермелейтін мотивтерге жауаптар алумен байланысты болды. Алынған нәтижелердің өңделуі жауаптарға сараптама жүргізу арқылы жүргізілді. Үшінші сауалнама респонденттердің инновацияны меңгерудегі кедергілер туралы пікірлерін анықтаумен байланысты болды. Студенттерге арналған сауалнамаға студенттердің оқушылармен дене тәрбиесінің түрлері бойынша сабақтарды өткізуге арналған инновациялық технологияларды қолдануымен байланысты сұрақтар енгізілді. Зерттеу нәтижелері. Дене шынықтыру пәні оқытушыларының дене тәрбиесіндегі инновациялық технологияны жүзеге асыруға даярлық критерилері төмендегідей. Жаңашылдыққа сезімталдық деңгейін көрсететін мотивациялық, инновациялық жобаларды жасауға деген сұраныс. Когнитивті-операциялық, инновациялық педагогикалық технологияны қолдану бойынша жобалы біліктіліктер мен дағдылардан тұрады. Креативті, инновациялыққа талпынысқа, шығармашылық қабілетке, сыни ойлануға негізделеді. Инновациялық технологияны жүзеге асыруға даярлық деңгейлері. Төменгі деңгей жаңашылдыққа деген ұмтылыстың болмауымен сипатталады Жеткілікті деңгей инновациялық қызметке деген қызығушылықтың тұрақты болмауы. Жоғары деңгейге ойлаудың инновациялық стилі, шығармашылық жүзеге асырудағы белсенділік, жобалы қызметтің тәжірибелік тұрғыдан жүзеге асырылуы тән. Болашақ дене шынықтыру оқытушысы болатын студенттердің инновациялық қызметке деген орташа тәжірибелік даярлық деңгейлері арасынан келесі көрсеткіштерді айқындап көрсетуге болады. Инновациялық технологияларды қолдануға деген тұрақсыз көзқараспен, шығармашылық қызметке деген жекебасылық қызығушылықтың болмауымен ерекшеленетін бейімделу деңгейі. Репродуктивті деңгейлі адамдар инновациялық қызметке деген біршама тұрақтылығымен, бірақ оның жаңашылдық тәжірибесінің жекелей элементтерін қарастыра алатын сипатына ие. Инноваиялықты қолдануға деген тілектің барлығымен, бірақ олардың шығармашылық толықтырулармен бекітілмеуімен сипатталатын өнімді деңгей. Шығармашылық мүмкіндіктің белсенді қолданылуымен, педагогикалық рефлексияның жоғары деңгейімен ерекшеленетін креативті деңгей. Мамандар инновациялық технологиялардың енгізілу тиімділігінің критерийлері ішінен келесі түрлерін айқындап отыр: 1. Жалпы критерийлер – болжамды жобаны білім берудің басты тенденциялары, мақсаттары және даму бағыттары мен реформалануы тұрғысынан бағалауға мүмкіндік береді; 2. Арнайы критерийлер – жобалы идеяның құзыреттілігі мен мазмұндылығын оның толықтылығы, нормативті және түсініктемелі талаптарға сәйкестігі тұрғысынан бағалауға мүмкіндік береді; 3. Нақты тәжірибелік критерийлер – жобаның оның жүзеге асырылу және «тіршіліккеқабілеттілігі» тұрғысынан негіздемелік деңгейін бағалауға мүмкіндік береді [12]. Иннвацияның басты критериі – ғылыми педагогикалық зерттеулерді де, алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибені де бағалауға тең қатысты жаңалықта. 33