БҚМУ Хабаршы №1-2019ж.
Тірек сөздер: өлшемдер, деңгейлер, дайындық, жүзеге асыру, дене
шынықтыру оқытушылары, студенттер, инновациялық, қызмет
Кіріспе. Зерттеу тақырыбының өзектілігі келесі себептермен анықталады.
Белгілі болғандай, білім берудің жоғары оқу орындары, әрі қазақстандық мектеп
жүйелері осы саланы жетілдірудің қайсібір реформалық жолдарын басынан
өткеруде. Орта жалпыға білім беру мектептерінде білім берудің жаңартылған
бағдарламасы енгізілген [1]. Мұндай жағдайда педагогтан оқушыны, студентті
оқу-тәрбие үрдісіне белсенді баулуғу, олардан бұл үрдістің объектісі емес,
субъектісін жасауға мүмкіндік беретін оқытудың белсенді әдістерін қолдану
талап етіледі.
Білім беруді дамытудың заманауи кезеңінде жоғары оқу орындарында
креативті ұғымды, туындаған мәселелерді жан-жақты шеше білетін,
инновациялық технологияларды меңгерген болашақ мамандар даярлануы қажет.
Бірақ, оқытушылардың басым бөлігі, әсіресе болашақ маман-студенттер
заманауи технологияларды, оқытудың жаңа түрлері мен құралдарын жасап,
енгізуге дайын емес. Белгілі болғанындай, білім беру саласында ұйымдастырулы,
қаржылық, әдістемелік сипатты көптеген мәселелер бар. Дегенмен, оқытушыны
дене тәрбиесінде инновациялық технологияларды қолдануға даярлау басты
мәселе болып қала береді [2].
Зерттеу мәселесінің мәні кереғарлықта, бірінші жағынан, жоғары оқу
орындарында, меткептерде инновациялық технологияларды кеңінен қолдану
қажеттігінде және осы технологиялардың меңгерілуінің төмен деңгейінде болса,
екінші жағынан, бұл үрдістің жеткіліксіз деңгейде ғылыми-әдістемелік
қамтамасыз етілуінде.
Зерттеудің берілген мәселесіне В.А. Сластенин және т.б. [3],
С.А. Трифонова [4], И.И. Дичковская [5], О.В. Антоненко [6], И.В. Батишева [7],
А.А. Пасишников [8], А.В. Лотоненко [9], Е.Д. Кузнецова [10] сияқты мамандар
көңіл бөлген.
Зерттеу мақсаты – дене шынықтыру пәні оқытушыларының, болашақ
маман-студенттердің дене тәрбиесіндегі инновациялық қызметке даярлық күйін
анықтау.
Зерттеу міндеттері: 1. Дене шынықтыру пәні оқытушылары мен
болашақ маман-студенттердің дене тәрбиесінде инновациялық технологияларды
жүзеге асыруға және оларды енгізу тиімділігін арттыруға даярлық критериилері
мен деңгейлерін айқындау; 2. Дене шынықтыру пәні оқытушыларының,
студенттердің инновациялық технологияларды студенттердің дене тәрбиесінде
жүзеге асыруға даярлығының бастапқы деңгейін зерттеу.
Зерттеу әдістері. Студенттердің дене тәрбиесінде инновациялық
технологияларды жүзеге асыру мен олардың енгізілу тиімділігін, инновациялық
технологияларды енгізу тиімділігін анықтау үшін ғылыми-әдістемелік
әдебиеттер сараптамасы әдісі қолданылды. Дене шынықтыру пәні оқытушылары
мен студенттердің инновациялық технологияларды дене тәрбиесінде жүзеге
асыруға даярлығының бастапқы күйі сауалнамалық сұраунама негізінде
жүргізілді. Сауалнамалық сұраунама 2017-2018 оқу жылының қыркүйек-
желтоқсан айлары аралығында С.Баишев атындағы Ақтөбе университетінің және
К.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің дене
шынықтыру пәні оқытушыларына жүргізілді. Сауалнамалық сұраунамаға 40 дене
шынықтыру пәні оқытушылары 70 студенттері қатыстырылды. Мұның негізіне
мамандардың ұсыныстары алынды [11]. Оқытушыларға арналған сауалнамалық
сұраунама 3 сауалнамалық жауаптардан тұрды. Бірінші сауалнама
«Педагогтардың инновациялық қызметке сезімталдық» деп аталды.
32