БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ ЗКГУ. Вестник, 1-2019 | Seite 338
БҚМУ Хабаршы №1-2019ж.
Ю.Григорович қойылымының негізін сақтай отырып, жекелеген
фрагменттерге өз шығармашылығы тұрғысынан келіп, шығыс аңызына ұлттық
бояу беруге тырысқан балетмейстер Д.Әбіровтің ойластыруында Мехменэ Бану
атты әскерінің би көрінісі қазақ билерінің би қимылдарымен көрсетіледі. Содан
шауып келе жатқан аттың шабысы көрінбей қалды. Сонымен қатар, спектакльдің
декорациялық безендіруі шығарманың көркемдік мазмұнына сай келмеген. Сахна
ортасына жайғастырылған үлкен кітапта араб әрпімен жазылған жазу бар.
Декорацияларды суретші В.Вирсаладзе эскиздеріне сүйеніп В.Семизоров
орындаған. Бірақ, суретші қазақ балет сахнасының үлкен шебері бола тұрса да,
қажетті бояу түстерінің барлық нюанстарын бере алмаған.
Сонымен, «Махабат туралы аңыз» балеті театрдың репертуарлық кезеңдік
табысы бола алмаса да астана жұршылығы оны сәтті қойылым және Д.Әбіровтің
елеулі ізденісі болды деп бағалады. Мұны қазіргі хореография өнерінің озық
үлгілеріне ұмтылысы және ұлт балетмейстерлерінің шығармашылық
жұмыстарының өрлеуіне өзіндік қолтаңба қалдырды деп айтуға болады.
Д.Әбіровтің тағы бір үш көріністі балеті «Қарт Хоттабыч» (1968)
Л.Лагинның повесть-ертегісі бойынша қойылған. Мұның музыкасын жазған
композитор А.Зацепин, либреттосын өзі жазған [6]. Шығарманың тақырыбы
халықтар арасындағы достық пен жарқын өмір үшін күресті суреттейді. Қарт
Хоттабыч халық даналығының бейнесі ретінде ғажайып ертегі ретінде көрінеді.
Либретто желісі «1001 түн» ертегісіндегі теңіз түбінен мыс ыдыс тауып алатын
балықшылар оқиғасына сәйкес. Оның ішінде өзін құтқарған жанға шексіз байлық
сыйлауға ант берген құдіретті сиқыршы жын екі мың жылға жуық теңіз түбінде
шаршап-шалдығып жатады.
Балет театрдың астана балаларына үлкен, қызықты сыйы болды. Талантты
суретші В.Семизоровтың Мәскеу қаласының панорамасы, өзеннің бейнелі
көрінісі жас көрермендердің қуанышы мен шаттығын шалқытты. Шығыс
базарының көрінісі, Волька мен Хоттабычтың кілем ұшақпен сапары, тағы басқа
ғажайып көріністер олардың балалық көңілін тасытты. Спектакльді қызу
қабылдауы балеттің балаларға ұнағаны деп қараған жөн. Олқы тұстары да
кездеседі. Соған қарамай спектакльдің А.Зацепин музыкасында негрлердің,
египет қыздарының нәзік-лирикалық биі, вьетнам саудагерлерінің құдіретті де
жігерлі билері өте әсерлі шыққан. Автордың тағы бір ерекше жетістігі
барабанмен билейтін үнді биі. Нәзік те, жұмсақ Иринка биінің әуені полька
тектес орыс биімен қатар жүргендіктен мазмұнына сай келмеген. Балетте ұшқыр
ой мен үйлесімді пантомима жанды музыканың қолдауымен өтетін әзіл-оспақ
жетіспейді.
Суретші В.Семизоров пайдаланған жарық проекциясы өте жақсы әсер
қалдырды. Сонымен қатар, Хоттабычтың балаларға сыйлаған пионерлер
сарайының орнына қазіргі заманғы құрылысқа ешбір ұқсамайтын ұсқынсыз
боялған сахнаның артқы шымылдығының темір арқан арқылы төменнен жоғарға
көтерілуі таңқаларлық жәй. «Қарт Хоттабыч» балетінің қойылымындағы
кемшіліктер бұл табысты жұмыстың мәні мен кезеңділігін жоққа шығара алмады.
Көпшілік жаңа премьераны жылы қабылдап, Абай атындағы опера және
театрында балеттің ұзақ сақталғанына және болашақта әрі қарай жетілдірілетіне
сенім білдірді.
Д.Әбіровтің балаларға арналған К.Чуковскийдің ертегісі бойынша
П.Аболимовтың либреттосына қойылған И.Морозовтың «Доктор Айболиті»
және Артектегі бақытты балалар өмірін баяндайтын және осы балалар Ұлы Отан
соғысында Отанын қорғаған жастар бейнесін әңгімелейтін А.Спадавеккианың
музыкасына В.Бурмейстердің хореографиясы бойынша қойылған «Бақыт
жағалауы» балеттері де театр сахнасынан өз орынын тапқан ірі дүниелер. Ал, үш
337