БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ ЗКГУ. Вестник, 1-2019 | Seite 339

БҚМУ Хабаршы №1-2019ж. актілі, төрт суретті прологы мен эпилогы бар «Аэлита» балеті осы аттас А.Н.Толстойдың романы бойынша қойылған қызықты қойылым еді. Бұл автордың қазіргі заманғы өмірді, әлемде өтіп жатқан тарихи құбылыстарды баяндаған ғылыми-фантастикалық сюжеттің негізінде жазылған. Балетке арнап либретто жазған Т.Демина. Марс планетасында өткен оқиға көрсетіледі. Д.Әбіров достық пен бейбіт өмір үшін күресті би тілінде көрсетуге ұмтылған. Осы аталған балеттер сол кезде кішкентай көрермендеріміздің көркемдік қабілетін оятты, осы өнер арқылы да қиял-ғажайып ертегілерді тамашалай алды. Жалпы балаларға арналған балет қойылымдары әлі күнге дейін қазақ балет театрының өзекті мәселелерінің бірі болып келе жатқанын Г.Т. Жұмасейітова өз мақаласында [7, с. 121-124] көрсеткен болатын. Ол қазақ балаларына арналған «Айдахар мен Қарлығаш», «Қарлығаштың құйрығы неге айыр» балеттерін талдай келе: «...Қазақ балетінің жылнамасы үшін бұл тарихи оқиға. Ұлттық балеттің жолы оңай емес, солай бола тұра бұл спектакльдер мұндай жанрдың би сахнасы үшін қажеттілігін айқындап отыр», - деген орнықты пікірі айтылған еді. Бұл саладағы қазақ хореографтарының кемшілігі - балаларды ұлттық музыка, фольклор және би мәдениетімен таныстыруды мақсат етіп алмағанын айтуға болады. Ал, Д.Әбіров осы өзекті мәселеге сол кездің өзінде көңіл бөліп, балаларға арналған балет қойылымдарының өсуіне зор үлес қосты. Кейіннен Д.Әбіровтің репертуары молайды және алуан түрлі болды. Оны А.Асафьевтың «Бахшасарай фонтаны», А.Аданның «Жизелі», А.Глазуновтың «Раймондасы» тәрізді ірі балет қойылымдары қызықтыра түсті, қалыптасқан дәстүрге қарамастан, балетмейстер бидің өмірге лайық жаңа көркемдік тәсілдерін тапты. Оны әлем балет өнерінің бұлақ көздерінен еркін қанып ішкен шебер деп тануға болады. Әдебиеттер: 1. ЦГА РК, Ф. 1841, О. 1, Д. 163. Протоколы заседания художественного совета театра от 02.02.1952 г. Прием спектакля «Юность», поставленного режиссером-балетмейстером Абировым Дауреном. 2. ЦГА РК, Ф. 1841, О. 1, Д. 163. Протокол № 4 художественного совета от 13.12.1952. Обсуждение экспозиций балета «Эсмеральда». 3. ЦГА РК, Ф. 1841, О. 1, Д. 333. Книга учета спектаклей театра. 4. На сцене Шурале // Южный Казахстан. – 1965. – 28 марта. 5. ЦГА РК, Ф. 1841, О. 7, Д. 334. Статьи, рецензий о постановке балета А.Меликова «Легенда о любви». 6. ЦГА РК, Ф. 1841, О. 1, Д. 241. Либретто балета «Старик Хоттабыч». 7. Жұмасейітова Г. Балет сахнасында ертегі // «ІІ Әуезов оқулары» атты Халықаралық конференция материалдары. – Алматы, 2004. - Б. 121-124. Жумасеитова Г.Т., Айткалиева К.Д. ПЕРВЫЙ КАЗАХ В ИСТОРИИ НАЦИОНАЛЬНОГО БАЛЕТМЕЙСТЕРСКОГО ИСКУССТВА В статье авторы рассматривают творчество народного артиста Республики Казахстан, кандидата искусствоведения, профессора Даурена Тастанбековича Абирова, являющегося первым казахским балетмейстером, получившим профессиональное образование и первым исследователем национального танца, защитившим диссертацию по этой проблеме. В центре исследования постановки балетов «Юность» (1952), «Эсмеральда» (1953), «Шурале» (1956), «Легенда о любви» (1963), «Старик Хоттабыч» (1968). Постановки Абировым классических, национальных и детских балетных спектаклей, создание либретто, помогли профессиональному росту балетной труппы тех лет и внесли определенный вклад в развитие национальной хореографии Казахстана. 338