БҚМУ Хабаршы №1-2019ж.
балетін қазақ театр сахнасына шығару туралы ұмтылысы тартымды көрік беріп
отырды. Қазақтың Абай атындағы опера және балет театрының «Махаббат
туралы аңыз» балетін қоюын, театр жұмысындағы спектакль қоюдағы бір сатысы
десек ол артық айтқандық емес, себебі осындай күрделі шығарманы меңгеріп,
балет ұжымы өздерінің кәсіби шыңдалғандығын, осындай қиын шығармашылық
міндетті шешкені. Бұл балеттің Д.Әбіровтің қойылуымен ғана лайықты орын
алғанына тек қуануға болады. Балеттің табысын халықаралық сыйлықтың
жүлдегері Н.Хикметтің либреттосы анықтады, актерлердің техникалық
мүмкіндіктері, олардың таланттары, кордебалет артистерінің де еңбектерін,
табыстарын айтпай кетпеуге болмайды. Талантты жас әзірбайжан композиторы
А.Меликовтың музыкасы шығыс әуендерінің ырғағымен әдемі үйлескен.
Балеттің би мәтінінің негізі - классика. Спектакльде үзіліссіз, тұтас әдемі
классикалық би. Жеке биші мен кордебалеттің «Алтын» және «Су» билерін
көрсететін сәттер өте көркем. Бұл балетте дивертисменттік билер аз.
Хореография үлкен психологиялық ауырлықты сезінеді. Балетмейстер
классикалық билерді негізге ала отырып, оған шығыс хореографиясының
элементтерін енгізді (мысалы, шығыс биіне тән қол қалпы, иық қимылы т.б.)
сондықтан балетте өзіндік тапқырлықты сездірді, жаңалығымен қуантты. Шырын
мен Фархадтың дуэт биі әдемі (С.Көшербаева және В.Васильев). Мәселен, ғашық
бозбала Фархадтың жоғарға бейқам қарғып барып, мысық тәрізді жұмсақ жерге
қонуы, қолдардың дөңгелете шығыстық қимыл жасауына құрылған
пластикасының арқауы (лейтмотивті) қаһарманның рухани өсу кезінде жігерлі
сенімділікке, графикалық нақты позада айқын болуына, сараң әрі дәл ым
қимылдарына, шешімді болуға, секірістер мен дөңгелектеулерге ұмтылыстарына
ұласады. Шырын мінезінің ішкі эволюциясына да сәйкес пластикасын жетілдіре
түскен. Шырынның әзілді-бірбеткей, нақышты музыкалық тақырыбы спектакль
басында орындалатын ерке де тентектеу қыздың би мінезінен көрінеді. Сахнада
қарақұйрық тәрізді жеңіл секіріп, тізеден бүгілген аяқтарын барынша жоғары
жинап барып жерге созылыңқы табанмен қадала түседі, қолдар кеудеге
жабысқан, ал қол буындары назды қалыпта. Шырын өз өміріне келіп енген
бейтаныс, шуақты сезімге таң қалып тұрғандай. Фархад пен Шырынның алғашқы
кездесуіндегі дуэттық би жылдам және жәй екі бөлімнен тұрды. Жылдам
бөліміндегі музыка Прокофьевтың Джульетталар-қыздар тақырыбын еске
түсіргендей. Ал, жәй бөліміндегі (адажио) тақырып Фархад мен Шырынның бір-
біріне деген махаббатын білдіріп тұрды.
Балетте хореографиялық драматургия өте бай. Мұнан үлкен де күрделі
көпшілік сахнасын, үлкен адажио, жеке вариациялар мен монологтарды, әртүрлі
дуэттарды, санқилы қимылдардағы жеке бишілер мен кордебалеттің әрекеттерін
көруге болады. Балеттің ұтымды қойылған тұсы Шырынның бес адажиосы
орындалатын көрініс. Балетмейстер оның махаббат, сағыныш сезімдерін демеу
(поддержка) тәсілі арқылы дуэт биі түрінде көрсеткен. Ал, айырылысу дуэты
«Жол», армандау көрінісі «Су» - деп аталатын би композицияларымен,
мәңгілікке қоштасу дуэт биін халықтың қатысуымен түсіндіруге ұмтылғаны
балетмейстердің мол ізденісінің қомақты нәтижесі. Мехменэ Банудың би
сахнасы оның Бейтаныспен, уәзірмен, Фархадпен билері ашады. Ол өзінің екі
монологымен спектакльдің барлық көпшілік сахнасына да қатысады. Фархадтың
биінде жігіттермен биі, батырлық көрінісі, арманы, нақты шешімі әсерлі шыққан.
Осындай балеттің көп түрлі би-драматургиялық үлгісі басқа балеттердегі басты
кейіпкерлердің партиясынан өзінің жан-жақтылығымен өзгеше.
Балеттің осы сияқты жақсы қасиеттерімен бірге айтарлықтай кемшіліктері де
болды.
336