БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ ЗКГУ. Вестник, 1-2019 | Page 336

БҚМУ Хабаршы №1-2019ж. Жас батыр Али-Батырдың махаббатына бағынған қыз-құс Сүйімбике өзінің туған өлкесіне қайтуға қарсы шығып, сүйіктісімен қуаныш пен қайғыны жерде бірге бөлгісі келеді. Бірақ, зұлым Шурале Сүйімбикенің қанатынан ұстап алып орманға оралуын талап етеді. Ержүрек жігіт қызды құтқарады. Қыз-құстың батырға деген махаббатына табиғатта бағынады: орман оты сөнеді, алтынмен көмкерілген орман, өзінің алтын жапырақтарымен Батырға және Қыз-құсқа ілтипат білдіреді. Қоюшы бүкіл спектакль бойында тұтас өрілген әрбір би кейіпкерлердің сипатын психологиялық тұрғыдан шынайы және сенімді етіп, тереңірек аша түседі. Қойылымда жігері жалын атқан жас жігіттің қызға деген кіршіксіз махаббаты, өмірге құштарлығы шынай бейнелеу тапқан. Ерлік, қайсар махаббат – балеттің сахналық мән-мағынасы, көркемдік мазмұны. Балет өзіндік бояуымен, бейнелі би тілімен және ырғақты музыкасымен көрерменді өзіне тартады. Мұнда біріншіден, өте жоғары кәсіби шеберлік пен драмалық рөлдер ұтымды шықты, екіншіден, біздің көрермендерге ұнайтын күлкілі сәттері де бар. Рөлдердің өзі сахналық айқындығымен, даралығымен шығарманың көркем-идеялық мазмұнын ашуына септігін тигізіп, қойылымның бөлінбес көркемдік бөлігі іспеттес. Н.Гудочкина Сүйімбикенің бейнесін мәнерлі хореографиялық өлшемдерімен әсерлі сахналық ізденіспен жасаған. Ару қыз-құстың бейнесін терең бойлап, характер ерекшелігін әр қырынан ашқан. Сүйімбикенің билеушілік арқауы (лейтмотив) биік сезімдерімен, берілгендігімен, бақыт және махаббат туралы арманымен баяндалған. Бишінің айрықша ерекшелігі – жеңіл билеуі. Оның биі – нәзік пен қимыл ауысулардың үздіксіздігі орындаудың биязылығы, не нәрсенің шегін сезіне алушылығы. Сүйімбике – нәзік ғашық жан. Оның орындауында қатаң хореографиялық әдіс, ырғақты және дара қозғалыс, суреттеменің анықтығы көрсетілген. Али-Батыр рөліндегі А.Асылмұратов шеберлікті жақсы меңгерген, оның сахнада сүйіктісімен шабыттана аса шебер орындаған күрделі секірістері өз кейіпкеріне өте лайықты секілді. Бишінің Али- Батыр бейнесі адами тұрғыдан көңілге қонымды. Оның билерінде ерлік қызуы да, ғашық және сүйікті еркектің сезім албырттығы да сезіледі. Ол өзіндік көркем дарыны және сымбатты тұлғасымен, жеңіл секіре білуімен, мінсіз тәсілімен актерлік орындаушылық қабілетімен сомдады. Оның орындаған Али-Батыры еркіндікпен, әділеттілікке, өзінің таза махаббатына, ержүректігімен дайын тұратын - жас халық батыры. Сүйімбике мен Алибатырдың адажиосында ғашықтардың толық жарастығы, олардың арасындағы өзара терең түсінушілік сезімі айқын суреттелген. Сондай-ақ, Ф.Ярулиннің музыкасы бишілер үшін кейіпкер психологиясын ұғынудың негізі болды. Балетмейстер бір кездері балетті қайта жаңғыртып қоюды армандаған екен. 60-шы жылдары қазақ балеті дамып, жаңа шығармашылық асулардан өтті. Бұл кезеңде өткен жылдардағы тәжірибелерді саралап, мазмұны терең сюжетті іздестіруге, бейнелеудің жаңа құрал-әдістерін іздестіруге тура келді. Осы орайда Д.Әбіров өткендегі табыстарына масаттанбай, солардың озық дәстүрлеріне сүйене отырып, бүгінгі күннің талабына сай шығарма жасаудың жолымен қарастырған. Сондай балетмейстерлік мақсаттың бірі – Д.Әбіровтің хореографиядағы қол жеткізген жаңашыл сипаттарын тағы бір тың қойылыммен байыту болатын. Осындай арқалы ойдан туған Назым Хикметтің «Махаббат туралы аңыз» (1963) пьесасының негізінде А.Меликовтың музыкасына қойылған Ю.Григоровичтың осы аттас балеті [5]. Қазақ сахнасында бұл балетті Д.Әбіров Ю.Григоровичтың хореографиясына сүйене отырып қоюшылық шеберлігін жақсы көрсете білді. Балетмейстердің қазіргі хореографиялық өнердің көптеген көкейкесті мәселелеріне жауап бере алатын Ю.Григоровичтың «Махаббат туралы аңыз» 335