БҚМУ Хабаршы №1-2019ж.
ақгвардияшыларға қарсы соғыс бастауға белгі беретін шіркеу қоңырауының соғысы
да көркемдік міндет атқарады. Оның міндеті қатты шыққан қоңырау дауысы арқылы
келетін большевиктер халық көтерілісін бастау қажет.
«Жастық» - тарихи болмысты суреттейтін спектакль. Бұл біздің
аталарымыздың жастық шағы, алғашқы жас кеңес патриоттар, олардың күресі
мен батырлығы туралы балет. Д.Әбіровтің алғашқы қойылымы, дипломдық
жұмысы болатын. Либреттосы Ю.Слонимский, музыкасын М.Чулаки жазған,
суретшісі В.Колоденко, дирижері Е.Манаев [1].
Д.Әбіровтің спектаклі мазмұнды, әсерлі қойылған. Ол жұмысын
ойдағыдай орындап шыққан. Спектакль жеңіл қабылданып, үлкен шеберлік
деңгейге көтерілген. Қойылымның идеялық бағыты айқын. Жастықтың жігері
нанымды ашылып, көктемнің жайма-шуақ лебіндей әсерлі. Балетте жақсы
көркемдік нышан, артистік өнер, ойлы балетмейстерлік ой-тұжырым байқалды.
Спектакль бұрын-соңды қойылымынан ерекшеленді. Балетмейстер өзінің
редакциясында өзінің қиял көріністерін таба білді. Ол алғаш қоюшы
балетмейстер Б.Фенстердің хореографиясына сүйенумен хореографиялық
драматургияға елеусіз ғана өзгерістер енгізді. Б.Фенстер балетте классикалық
және халықтық-характерлі билерді кең ауқымда біріктіріп қолданған. Ал
Д.Әбіров оның би композицияларын қалдырып, көптеген жаңа билерді
партитураға үйлестіріп, дене ишарасына алмасатырады. Яғни, классикалық
хореографияны аз қолданып, драмаға көп көңіл бөледі. Әсіресе, соңғы актісінде
қоңырауды соғу және айбынды күрес көріністері мимика, жест арқылы
түсіндіріліп, ақгвардияшыларының туы құлап, ал қызыл тудың көтерілу суреті
хордың сүймелдеуімен аяқталады.
Арада аяңдап тағы бір жылдай уақыт өткенде жұртты елең еткізген, тілге
таяу боларлық тағы да бір еңбек жарыққа шықты. Ол балетмейстер қойған
«Эсмеральда» (1953) балеті [2]. В.Гюго романы толық қалпында балет
сценарийіне көшкендігі айдан анық. Оның көтеріңкі стильдегі баяндауы
мимикалық тұрғыда беріле алмады, патетикалық шегіністер мен авторлық
монологтар жоғалып кетті, собордың тамаша кейпі – оның мұнаралары, құпиялы
жолдары бар тар айналмалы баспалдақтары, жасырын бөлмелері, қашалған
грифтер мен горгондар, қоңыраулар симфониясы көрсетілмеген. Көне
феодальдық Парижді әсем тілмен бейнелеу де жоқ. Тек барынша пәк, үсті-үстіне
үйілген аса қорқынышты суреттемелер мен театрланған құштарлықтардан
тұратын шытырман оқиғалар ғана қалған. Осы айтылғандар негізінде
«Эсмеральданың» сахналық іс-әрекеттерінің сипаты айқындалады. Пантомимаға
үлкен орын берілген, би өзіндік мәнін жоғалтқан, ол сюжеттік дамумен
байланыстырылған, театрлық тұрғыдан орынды. Осылайша сығандар мен
қайыршылар биі карнавальдық ойын, ал Эсмеральданың биі – оның мамандығы
болып шыққан.
Д.Әбіровтің алдында қиын міндет тұрды, ол нағыз, көркемдік деңгейі
жоғары әдеттегіден тыс спектакль қою еді. Бұл міндетті абыроймен орындап
шықты. Режиссерлік шешімде спектакльдің қоғамдық мазмұнын ашу көзделген.
Оның қойылымында жаны еркіндікті аңсап, бостандыққа ұмтылған сыған қызы
Эсмеральда мен адал Квазимоданың бейнелері айта қаларлықтай тартымды
жасалған. «Салмақты» іс-әрекет әзіл-сықақтық кірікпелерімен үзіліп отырады:
екінші көріністегі Эсмеральда мен Гренгуардың көрінісі осының мысалы. Тек
үшінші көріністе ғана қалыпты классикалық, таза декоротивті би алдыңғы
орынға шыққан. Сондай-ақ, осы көріністегі кордебалеттің көпшілік биі, Флер де
Листің құрбыларымен биі өте әсерлі. Ал Эсмеральданың Феб де Шатонер мен
Флер де Листің үйлену тойына келіп, үлкен қайғы мен өкініш жағдайында
олардың алдында орындауға мәжбүр болған биімен ғана драматизм қайта көрініс
333