БҚМУ Хабаршы №1-2019ж.
ӘОЖ 792.09: 792.8
Жумасеитова Г.Т. – өнертану кандидаты,
Қазақ ұлттық хореография академиясының профессоры
E-mail: gulnara_ili@mail.ru
Айткалиева К.Д. – өнертану кандидаты, М.Өтемісов атындағы БҚМУ
E-mail: aitkalieva_kd@mail.ru
ҰЛТТЫҚ БАЛЕТМЕЙСТЕРЛІК ӨНЕРІНІҢ ТАРИХЫНДАҒЫ
ТҰҢҒЫШ ҚАЗАҚ
Аңдатпа. Республиканың халық артисі, өнертану ғылымдарының
кандидаты, хореография профессоры Дәурен Тастанбекұлы Әбіров классикалық
биші, білімді, мәдениетті, жоғары дәрежелі балетмейстер. Д.Әбіров –
хореография мен балет өнері саласында тек қана Қазақстанда емес, бүкіл
Орта Азия елдеріне де әйгілі маман, шетелдерге де аты танымал қайраткер.
Авторлар бұрын зерттелмеген «Жастық» (1952), «Эсмеральда» (1953),
«Шурале» (1956), «Махаббат туралы аңыз» (1963), «Қарт Хоттабыч» (1968)
классикалық
балеттерін
ғылыми
тұрғыдан
талдап,
балеттердегі
айырмашылықтарды қарастырған. Тұңғыш кәсіби балетмейстер Дәурен
Тастанбекұлы Әбіров қазақ балет өнерінің даму процесіне белсене араласып,
оның сол кездегі өркендеп-өсуіне өзінің ірі-ірі балеттері, либреттоларымен
қомақты үлес қосқан сан қырлы талант иесі болып табылады.
Тірек сөздер: театр,сахна, декорация, пантомима, хореография, классика,
балет, балетмейстер, либретто, акт, репертуар, труппа, вариация,
кордебалет, адажио, дуэт.
Осы жылы қазақ балет өнері елімізде ең алғаш хореографиялық бағытта
кәсіби білім алған Д.Әбіровтың 95 жылдығын тойлайды. 40-шы жылдан бастап
Қазақстанның ұлттық жас хореографиясы балет классикасын қарқынды игере
бастады. Осы кезеңдерден бастап балетмейстер Д.Әбіровтің ұтымды жұмыстары
бұл өнердің жандана түсуіне септігін тигізді. Жастармен жұмыс істей отырып, ол
классикалық балетті игеруге бағыт алған, репертуарды кеңейтуге, жаңартуға
талаптанды. Сол кезде балет труппасына А.Ваганова атындағы Ленинград
хореография училищесі түлектерінің үлкен тобы келіп қосылды. Д.Әбіровтің
мұрат-мақсаты театрдың өрісін кеңейту және әлемге әйгілі классикалық
балеттермен көрермендерді таныстыру. Оларға шығарманың түпнұсқасын
мәнерлі үйлесімдік құралдармен жеткізу. Оның қайтадан жаңғыртып қойылған
жұмыстарында бұрынғы нұсқаларына қарағанда, енгізген байлам-шешімдерінде
шығарманың көркемдік ерекшелігі мен сипаты толық сақталған. Ол классикалық
бидің тәсілдерімен балеттердің көркемдік сипатын жан-жақты қарастырды.
Кейіпкерлер бейнелеріне жаңаша келіп, тарихи шындық аясында олардың
әлеуметтік келбетін ашуға күш салды. Көркемдік қиялы жүйрік балетмейстер
қойылымдардың танымдық мазмұнын кеңейтіп, бишілер әрекетінің нақты
құбылысқа құрылуына жол ашты. Сөйтіп, хореограф Д.Әбіровтің арқасында
театр сахнасында әлем балеттері пайда болды.
Қазақтың Абай атындағы опера және балет театрында Д.Әбіровтің азамат
соғысы жылдарындағы кеңес жастарының күресі мен өмірін бейнелейтін
«Жастық» (1952) атты балеті қойылған еді. Сюжеты Н.Островскийдің «Құрыш
қалай шынықты» романы бойынша түзілген. Балетте ақгвардияшыларға қарсы
жасырын қағаз тарату, коммунистермен құпия кездесу, халық арасында үгіт-
насихат жүргізу жұмыстарын бұлжытпай орындаған жұмысшының баласы
Петрдің батырлығы туралы айтылады. Сонымен қатар тыңшы ретінде жасырынып,
332