БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ ЗКГУ. Вестник, 1-2019 | Page 31

БҚМУ Хабаршы №1-2019ж. мүмкіндік берді: коммуникативті (тілдік, әлеуметтік мәдени, лингвистикалық, әлеуметтік лингвистикалық, дискурсивтік құзыреттіліктер); дидактикалық (меңгерілген білімдердің, іскерліктердің және дағдылардың және әрекет тәсілдерінің синтезі) және тұлғалық (тұлғалық өсудің реттеушісі, әрекеттің нәтижесін талдауға, мүмкін болатын қатерді болжауға көмектеседі, рефлексия). Көптілді білім беру кезінде студенттердің кәсіби құзыреттілігі жетілдірілуі керек. Жоғары мектепте көптеген пәндерден курстың немесе дәрістер кешенінің негізгі терминдері бойынша глоссарий дайындалады. Ал қазіргі таңда көп тілді білім беру үрдісі барысында барлық пәндерден глоссарий жазу студент үшін міндетті компонентке айналып отыр. Білім алушы студент сабақтың қай формасына (дәріс, семинар, практикалық сабақ, СӨЖ, СОӨЖ) дайындалса да, алдын ала оқытушымен берілген тақырып бойынша глоссарий дайындауы тиіс. Студенттің материалды ұғынуына, терең меңгерілуіне пәндерде жиі кездесетін терминдер бойынша глоссарийді жазу, құрастыру үлкен көмегін береді. Егер көптілді білім беру бағдарламасы 1 курстардан бастап енгізілсе, онда алдымен қарапайым терминология, яғни терминдердің, қысқартулардың жазылуы мен оқылуы шет тіліндегі баламалары берілуі тиіс. Сол сияқты курс жоғарылаған сайын глоссарийдің жазылу формасын, кестесін жетілдіру керек. Себебі 2-3 курстардан бастап студенттерде зерттеушілік бағытындағы талабы күшейе түседі. Осыған орай, осы студенттерімен дәрістің немесе берілетін материалдың тірек сөздері бойынша дайындалатын терминологиялық глоссарий мазмұнды болу керек. Үштілді меңгерген болашақ мамандарда кәсіби құзыреттілік қалыптастырылса 2020 жылғы дейін еңбек нарығының қажеттілігін қанағаттандыратын, елдің индустриалды-инновациялық дамуын нығайтатын, білім саласындағы күшті әлемдік тәжірибелерге сәйкес келетін жоғары білім сапасының жоғары деңгейде болуына қол жеткізуге мүмкіндік береді. Әдебиеттер: 1. Назарбаев Н.Ә. «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына Жолдауы // Егемен Қазақстан газеті. – 2007. – 28 ақпан. – Б. 1-3. 2. Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы / Қазақстан Республикасының Президентінің 2011 жылғы 29 маусымдағы №110 Жарлығы – Астана, 2011. – adilet.zan.kz. Пайдаланған уақыты: 20.08.2018 ж. 3. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы / Қазақстан Республикасының Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы №1118 Жарлығы – Астана, 2010. – adilet.zan.kz. Пайдаланған уақыты: 20.08.2018 ж. 4. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. – Астана, 2010. – 42 б. 5. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздіктері. – Алматы: Мектеп, 2002. – 256 б. 6. Қазақстан Ұлттық энциклопедия / Бас. ред. Ә.Нысанбаев. 6 т. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2001. – 720 б. 7. Құдайбергенова К.С. Құзыреттілік табиғаты тұлғаның өзіндік дамуында. – Астана, 2013. – 180 б. 8. Ниязова Г.Ж. Құзырлылықтың педагогикалық категория ретінде дамуының теориялық-әдіснамалық негіздері.- Алматы, 2012 – 320 б. 9. Тұрғынбаева Б.А. Мұғалімнің шығармашылық әлеуетін біліктілікті арттыру жағдайында дамыту. – Алматы, 2001. – 280 б. 10. Менлибекова Г.Ж. Социальная компетентность, сущность, структура, содержание // Высшая школа Казахстана. – 2016. – №4. – С. 143-148. 30