БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ ЗКГУ. Вестник, 1-2019 | Page 30

БҚМУ Хабаршы №1-2019ж. Шет тіл мамандарын мақсатты даярлаумен қатар,оларды қайта даярлауды, біліктілігін арттыру, өздігінен білім алуды белсендету қажеттігін практика көрсетіп отыр. 2014-2016 жылдар арасында арнайы бөлімнің 135 оқытушысы жоғары оқу орны ішіндегі біліктілікті арттыру курсынан өтті, 24 оқытушы «Өрлеу» республикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында оқыды, 10 оқытушы алыс шет елдерде біліктілігін арттырды. 18 оқытушы «Шет тілі: екі шет тілі» бөлімінде қысқартылған білім беру бағдарламасы бойынша оқуда. Жоғары оқу орнында үштілді оқытуды жүзеге асыруда ауыл мектептерінің оқушыларының ағылшын тілін жоғары деңгейде меңгермегендігінен қиындық туатынын атап өткіміз келеді. Оның объективті себептері Қазақстан Республикасының білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламада көрсетілген [5]. Елдің географиялық басымдығына байланысты ауылдағы мектептердің саны 3 есе көп. Шағын жинақты мектептер жалпы орта бідім беру ұйымдарының жалпы санының 44%-ын құрайды. Ондағы 49% мектепте лингафон кабинеттері жоқ. Ағылшын тілін білетін пән мұғалімдеріне қажеттілік жоғары болып қалуда. Үштілде білім беруді дамыту бойынша кең ауқымды іс-қимыл жүргізу үшін 2015-2020 жылдарға арналған жол картасы әзірленді. Айта кету керек, 2017- 2018 оқу жылында 5-сыныптан бастап үш тілде білім беруді кезең-кезеңімен енгізу басталады. Көптілде білім беру, білім беруді ұйымдастырушы-оқытушы мен білім алушы-студенттерден жаңашылдық, ізденімпаздық, шығармашылықты және де білім беру үрдісінде олардың өзіндік ынтасын күшейтуді талап етеді. Кредиттік оқыту жүйесінің Қазақстанға ендірудегі алғашқы тәжірибелер оқу үдерісінде студенттің өзіндік жұмысын белсендірудің қажет екендігін көрсетті. Аудиториялық сағаттардың қысқарып, енді білімді игертуде негізгі салмақтың өзіндік жұмысқа түсуі студенттерде өз бетімен білім алу, өзін-өзі дамыту қабілеттерін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Осыған орай, оқыту процесіне жаңа технологиялар, электрондық оқу жадығаттары, толықтай компьютерлендірілген арнайы лингафон аудиториялары, ағылшын тілінде оқу әдебиеті, бай электрондық кітапхана қолданылуда. Жинақталған жадығаттар университеттің сайтына орналастырылған, сабаққа даярланғанда, тапсырмаларды орындағанда, шығармалық жұмыстар жазғанда әрбір студент оларды пайдалана алады. Оқыту процесіне e-learning элементтерін енгізу оқытушы электрондық адреске тапсырма жіберуге, студенттің оны орындап, оқытушыға қайтаруға мүмкіндік пайда болды. Университетте Outlook, e-mail жүйесін қолдануды енгізу оқытушының электрондық адресіне орындаған тапсырмаларды салуға мүмкіндік пайда болды, оқытушы оларды тексеріп, бағаны тек қана оқу журналына қоймай, сонымен бірге «Платонус» журналына да қояды. Оқыту процесінде TBL әдісін қолдану ақпараттық технологияларды кеңінен пайдалануға жағдай жасап, ағылшын тілін қарқынды меңгеруге мүмкіндік беріп отыр. Университеттің кітапханасында жүйелі түрде көптілді топтардың оқытушыларына ағылшын тіліндегі ғылыми-әдістемелік әдебиеттермен таныстыру, оларға шолу жұмыстары өткізіліп отырылады. Университеттің физика-математика және жаратылыстану-география факультетінде екі әдістемелік кабинет жасақталуда және оларға мамандық бойынша және мамандықты оқытудың әдістемесі бойынша ағылшын тілінде оқулықтар алынуда. Болашақ мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігіне арналған жұмыстарды талдау, оның құрылымындағы келесі түйінді құзыреттіліктерді бөліп шығаруға 29